е
Тағайындау • 23 Қаңтар, 2026
Президенттің көмекшісі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы болып сайланды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде Қанат Шарлапаев палатаның төрағасы болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Kcell бір жылда 2 млн-нан астам күмәнді қоңырауды бұғаттады
«Кселл» АҚ Парламент депутаттарына, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және салалық мемлекеттік органдардың өкілдеріне телефон алаяқтығына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелерін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қаңтар, 2026
Серік Сәпиевке орынбасары қол көтерді
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалдасып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2026
Алтын бағасы рекорд жаңартты: Қазақстандағы ахуал қандай?
23 қаңтардағы сауда сессиясының ашылуында алтынның құны 4 954 долларға дейін жетіп, тарихтағы ең жоғары көрсеткішті жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Қаңтар, 2026
Елордада екінші ауысымдағы оқушылар сабақты онлайн оқиды
Астанада екінші ауысымдағы 0-6-сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Әкімдіктердің жұмысы бағаланды: Қай өңір көш бастады?
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – жергілікті атқарушы органдар жұмысының (ЖАО) тиімділігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Жергілікті әкімдіктердің осы бағытта былтыр атқарған жұмыстары бағаланды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу мен сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Қаңтар, 2026
Алаяқтардың айласы өзгерді: Енді ақшаны «курьер» болып алып кетеді
Алматыда интернет-алаяқтар жәбірленушілердің ақшасын бөтен банк карталарына аудартудан гөрі, қолма-қол түрде алып кету тәсіліне көшкен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Яна Легкодимова ісі: Қылмыскерлер жазаны жеңілдетуді сұрады
Атыраулық Яна Легкодимованы өлтіргені үшін сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов жазаларын жеңілдетуді сұрап, сотқа апелляциялық шағым түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Жетісу облысында түрмеден шартты түрде босатылған азаматқа үй берілді
Жетісу облысы Қаратал ауданының прокуратурасы меценаттармен бірлесіп, түрмеден шартты түрде босатылған көпбалалы анаға 3 бөлмелі үй сыйлады. Ш. есімді әйелдің әлеуметтік бейімделуіне атсалысқандар баспананы ресми түрде тұрғынның атына рәсімдеген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Қазақстан мен Қытай су саласының мамандарын даярлайтын колледж құрады
Қазақстан мен Қытай еліміздің су шаруашылығы саласына жұмысшы кадрлар даярлайтын бірлескен колледж құруға бағытталған жоспарларды пысықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Елдегі ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10%-ға артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 23 Қаңтар, 2026
Кейбір суретке көз салып, көңіл қойғанда бояуды емес, болмысты, уақытты көресің. «Forte Kulanshi Artspace» галереясындағы белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сембіғали Смағұловтың көрмесі көңіл түкпірінде дәл сондай әсер қалдырды. Бұл – қабырғаға ілінген картиналар жиынтығы емес, жады мен жаратылыстың, тарих пен бүгіннің арасындағы үнсіз әңгіме.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Ақмола облысының Жаңаесіл ауылындағы Индустриялық технологиялар және сервис колледжі FASEP бағдарламасы шеңберінде ауқымды халықаралық ынтымақтастықты қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Дохада (Қатар) стенд атудан ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Оған 17 елден келген 200-ге жуық мерген шеберліктерін ортаға салды. Дүбірлі додада ел құрамасынан 41 спортшы бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026
Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін жарна төлеген жоқ
Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне миллиардтаған жарна төлемей-ақ кірген. Ақордада атап өтілгендей, Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін мемлекеттің тәуелсіз шешімі ғана қажет. Кеңеске кірген сәттен бастап мемлекеттің ондағы мүшелік мерзімі 3 жылды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 22 Қаңтар, 2026
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін елдің түкпір-түкпірінен бизнес, ғылым, мәдениет, медиа, ақпараттық технологиялар және волонтерлік саладағы отыз үздік жобаның иелері елордаға жиналды. Әр жеңімпазға 3 миллион теңге көлемінде грант сертификаты табысталды. Жеңімпаздарды Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 22 Қаңтар, 2026
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі елдің дамуына қатысты маңызды бағдарларды айқындап берді. Соның ішінде Президенттің Абай іліміне, патриотизм мен жаңа дәуір талаптарына бейімделу мәселелеріне терең тоқталуы бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса өзекті деп санаймын.
Президент • 22 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста бірнеше елдің басшыларымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыс цифрлық форматта жаңа сапалық деңгейге көтерілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты тетігіне айналған eOtinish платформасы арқылы 2025 жылдың қорытындысында 5 миллионнан астам өтініш қабылданды. Бұл көрсеткіш азаматтар мен бизнес тарапынан жүйеге деген тұрақты сұранысты әрі өтініштерді қараудың жаңа форматының тиімділігін айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Қаңтар, 2026
Екі ел басшылары Давоста не жөнінде әңгімелесті?
Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 22 Қаңтар, 2026
Қостанай қаласындағы балалардың неше пайызы аралас мектептерде білім алып жатыр?
Қостанай қаласында жалпы білім беретін 40 шақты мектеп бар. Оның 10-ы мемлекеттік тілде, 22-сі орыс тілінде, 8-і аралас тілде білім береді. Қала мектептерінде оқитын 20 мыңға жуық қарагөз жас өскіннің 36 пайызы ғана өз ана тілінде білім алады. Яғни, қазақ балаларының 64 пайызы өзге тілде оқып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Қаңтар, 2026
«Каспий» командасының бас бапкері ауысты
Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубы жаңа бас бапкердің тағайындалғанын ресми түрде хабарлады. Команданы 42 жастағы маман Пиралы Әлиев тізгіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Атырауда сот шешімін орындамаған 18 шетелдік елден шығарылды
Атырау облысында жыл басынан бері өзге елдерден келген 91 адамның көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 22 Қаңтар, 2026
Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17,6 мың интернет-ресурс бұғатталды
Алматыда былтыр интернет-алаяқтыққа қарсы 2,5 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, жапа шеккен азаматтарға 700 млн теңге қайтарылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен жүздескен Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 22 Қаңтар, 2026
Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?
Швейцарияның Давос қаласында өткен рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Құжатқа қол қою салтанатына 18 елдің басшылары мен ресми өкілдері қатысты. Бұл оқиға халықаралық саясаттағы жаңа құрылымның пайда болғанын аңғартты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
Промоутер Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты пікір білдірді
Спорт менеджері әрі промоутер Жалғас Түкешов Қазақстаннан шыққан IBF/WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Қазақстан − Қытай шекарасында жер сілкінді: Зілзала алматылықтарға сезілді ме?
Қазақстан сейсмологтары Қытай аумағында болған жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,3 болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Қаңтар, 2026
Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 22 Қаңтар, 2026
Алматыда 350-ден астам сирек кітап көрмеге қойылды
Алматыдағы Ұлттық академиялық кітапханада биыл мерейтойлары аталып өтетін мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ әдебиет пен өнер саласында өшпес із қалдырған 16 көрнекті тұлғаның өмірі мен шығармашылық жолына арналған ауқымды көрме өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.