Балықшы
Қоғам • 19 Ақпан, 2021
Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Үрпек ауылында тұратын зейнеткер Орынкүл Жұмаділдәқызы үйдің күнделікті күйбең тіршілігінен қолы қалт еткенде өзен жағалап, бір уақыт балық аулап қайтқанды әдетке айналдырған. Биыл 75 жасқа келген зейнеткер немерелері балық сұраса, қыстың қақаған аязына да қарамайды. Мұз оятын бұрғысын, шелегі мен қармағын қолына алып ауыл іргесіндегі өзенге қарай тартып отырады. Торғайдың қалыңдығы бір метр мұзын оп-оңай бұрғылап ойық жасап алып, қармақ салуға кіріседі.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2020
Балықшылар ережеге бағынбай ма?
Қауіптің барын біле тұра балықшылар неге мұзға шығады екен? Шығыста бір күн ішінде үш көлік мұз астына түсіп кеткен,деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020
Шығыс Қазақстан облысында балықшылар адасып кеткен
Зайсан көлінің бетінде адасып кеткен балықшылар полицияға қоңырау шалуға мәжбүр болған. Қалың қамыстың арасында қайықпен жүрген олар, жағаны таппай қалған көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Шілде, 2020
Атырау балықшылары Жайыққа бекіренің 2,8 млн шабағын жіберді
Жыл сайын Жайық өзеніне бірнеше миллион бекіре тұқымдас балықтар шабағы жіберіліп келеді. Ал, бұл жолы су айдынына 2,8 млн бекіре шабағы жүзіп кетті.