нан
Руханият • 05 Тамыз, 2025
Биыл адамзаттың ақыл алдаспанына айналған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына – 180 жыл. Тарбағатайдан бастау алған торқалы той дүбірі бүгінде қазақ даласын шарпып жатыр. Ой кемеңгерінің онкүндігі аясында Астанадағы қаламгерлер аллеясында да ақынның шығармашылығы шарықтады. Сүбелі сөзді серік еткен жанның жан қалтасынан табылатын ақын мұрасы бүгін ашық аспан астында көпшіліктің назарына ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 05 Тамыз, 2025
Құнанбай Кенесарыға қарсы шапқан ба?
Адамның жақсы иә жаман болмағы ата-анасына, арғы бабаларына тікелей байланысты. «Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» деп қазақ бекер айтпайды. Хакім Абай да «адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан» болады деп, әке-шеше ұлағатын алдыңғы орынға шығарған. Осылай айтып отырған Абайды да даналық шыңына көтерген бақ дарыған тегі мен ата-ана тәрбиесі екенін білген дұрыс. Оның ішінде Құнанбай қажының Абай дүниетанымына әсері мол. Хакімнің әкесі хақында іргелі еңбектер жазылып, ел назарына жарияланғанымен, оның діни һәм әлеуметтік позициясы туралы екі ұшты пікірлер әлі де кездеседі.
Мектеп • 16 Шілде, 2025
200 мыңнан астам бала Келешек мектептерінде оқып жатыр
Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба – ел болашағына жасалған инвестиция, яғни әрбір бала заманауи, жайлы әрі шабыттандыратын ортада білім алуға мүмкіндік алады. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде 122 мектеп құрылысының аяқталуы нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы қамтылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Биыл 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 92 кәсіпорын 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі белгілі болған. Аталған мәселелер бойынша анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым беріліп, 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Шілде, 2025
Биыл 2 мыңнан астам адам жұмыс күші тапшы өңірлерге көшкен
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіп келген 2 202 адамға, оның ішінде 1 091 қандасқа және 1 111 қоныс аударушыға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Жыл соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Алматыда 210 жас лейтенант әскери институтты тәмамдады
Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының түлектерін ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында 210 жас лейтенантқа әскери жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы дипломдар табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 25 Маусым, 2025
Балалар 44 мыңнан астам экологиялық іс-шараға қатысқан
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ата-аналар, педагогтер, оқушылар бірлесіп білім беру ұйымдарында 44 мыңнан астам іс-шара өткізген. Оның ішінде жаппай ағаш отырғызу, экологтар, өлкетанушылар мен натуралистер форумдары, экожобалар конкурстары және еріктілер акциялары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2025
Үздік курсанттарға «аға лейтенант» атағы беріледі
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйлеп, құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың төртінші басымдығы ретінде сервистік модельді енгізу және кадрлық әлеуетті күшейту қажеттігін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
310 млрд теңге жәрдемақы кімдерге төленді
Жыл басынан бері мүгедек және асыраушысынан айырылған адамдарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау аясында республикалық бюджеттен 272,7 млрд теңге бөлінді. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жандарға шамамен 37,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
Отбасының цифрлық картасы тиімділігін көрсетті
Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 221,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 116,9 мың адам пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 10 Маусым, 2025
Биыл 123 мың студент жұмысшы мамандығын алып шығады
Бүгінде Қазақстан колледждерінде металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлау жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Шымкентте таксиге шабуыл жасаған әйел ұсталды
Шымкент қаласында жас әйелдің такси көлігінің әйнектерін ұрып, сындырып жатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Мамыр, 2025
Ақтау гарнизонында сүңгуірлердің дайындығы аяқталды
Ақтау гарнизонында сүңгуірлік даярлық бойынша оқу-әдістемелік жиналыс табысты аяқталды. Бұл шараға барлығы 15 адам қатысты, оның ішінде кеменің штаттан тыс сүңгуірлері де болды, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 30 Сәуір, 2025
Білімді жас офицер – ел қорғаны
Бүгінгі жастар – ел болашағының кепілі. Етікпен су кешер күн туса, ел қорғауға әуелі жастар кірісетіні анық. Әрине, ондай күннің болмағаны жақсы. Дегенмен, әр ер-азамат ел қорғауға әрдайым дайын болғаны жөн. Жүрегі «Отан» деп соғатын сондай жастардың бірі – лейтенант Қасымжомарт Рахымжан.
Оқиға • 23 Сәуір, 2025
Астанадағы шолу дөңгелегінде Абайдың портреті пайда болды
Елордада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, қаланың басты нысандарының біріне айналған шолу дөңгелегінде LED жарықтандыру арқылы Ұлы ақынның портреті бейнеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 21 Ақпан, 2025
Дүниедегі қандай құбылыстың болсын табиғи негіздері мен ерекшеліктері болатыны сияқты, кемеңгерліктің де өзіндік генезисі бар. Кемеңгер тұлғаға тән бірнеше басты ерекшеліктерді сараласақ, мынадай компоненттерге бөліп алуға боларлық: интуитивтілік, иррационалдық, әмбебаптық, тосындық, көсемдік, гуманизм, жаңашылдық.
Қоғам • 17 Ақпан, 2025
Ұлына Абай есімін қойған қазақстандықтар 180 мың теңге алады
Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тойланады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2025
Биыл Павлодарда жол апатынан 8 адам көз жұмған
Ертіс-Баян өңірінің аумағында жыл басынан бері 79 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 114 адам жарақат алып, 8 адам қаза тапты.
Спорт • 24 Қаңтар, 2025
Елімізде спорт ұйымдарындағы спортшылардың жас санаты өзгертілді
Қоғамдық кеңес «Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты қарастырып, мақұлдады. Атап айтқанда, құрамаларға қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2025
СҚО-ғы өрт: Отбасынан айрылған жасөспірімге көмек беріледі
Кеше түнде Солтүстік Қазақстанның Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында жекеменшік үйде өрт шығып, бес жан мерт болды.
Оқиға • 10 Қаңтар, 2025
Қос құжатты ер адам ел аумағынан шығарылды
Абай облысында қос азаматтықпен жүрген жігіт елден шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2025
Тасқынның алдын алу бойынша 56 жоба іске асырылып жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп, елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2024
Биыл 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Биыл 18 мыңнан астам қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 млн 146,4 мың этникалық қазақ оралған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Қараша, 2024
Түркістан облысындағы жылыжайда банан пісіп жатыр
Сайрам ауданындағы жылыжайда өсіріліп жатқан экзотикалық жемістерден екінші өнім жинап алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қараша, 2024
Индонезияда су тасқынынан 13 адам көз жұмды
Индонезияның Солтүстік Суматра провинциясында екі ауданды басып өткен лай көшкіні мен су тасқыны салдарынан 13 адам көз жұмып, 18 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 21 Қараша, 2024
Суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, көрнекті суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Жаңа Су кодексіне тасқыннан қорғау шаралары енгізілді
Президенттің тапсырмасы бойынша жаңа Су кодексінің жобасына тасқын және еріген қар суының алдын алу және қорғау іс-шаралары енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қараша, 2024
Жұмысынан айырылған 256 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 14 Қараша, 2024
1,5 млрд теңге ұрлаған – Астанада қайырымдылық қорының жетекшісі ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2024
Алимент төлеуден жалтарып, бас бостандығынан айрылды
Ұлытау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-ның 139-бабымен айыпталған Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.