az
Фотогалерея • 21 Тамыз, 2025
Ғасырлық тарихты сөйлеткен суреттер
Ғасырдан астам тарихы бар Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі мерейтойын ерекше форматта атап өтті. Фотокөрмеге агенттіктің қорынан алынған сирек кадрлар қойылып, жұртшылық өткен дәуір тынысымен танысуға мүмкіндік алды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Шілде, 2025
Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар қатары артқан
Биылғы жартыжылдықта Kazneb.kz платформасының дамуы жаңа деңгейге көтеріліп, пайдаланушылар саны 44, 4 пайызға артқан, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 28 Шілде, 2025
SARBAZ+ пилоттық жобасы іске қосылады
Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып жатқан жаңа форматтағы мерзімді әскери қызметтің SARBAZ+ пилоттық жобасы – заманауи технологияларды күнделікті әскер өміріне кіріктіруге бағытталып, әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттырады. Осы күзде Алматы облысында орналасқан Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде 150 әскерге шақырылушы жаңа үлгі бойынша қызмет атқара бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 21 Шілде, 2025
ОПЕК бас хатшысы Астанаға келеді
ОПЕК ұйымының бас хатшысы Хайтам әл-Гайс 2025 жылғы 2-4 қазан аралығында өтетін Kazakhstan Energy Week – 2025 еуразиялық форумына қатысу үшін Астанаға келеді. Бұл туралы форумның ұйымдастырушылары ресми түрде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 21 Шілде, 2025
Жасанды интеллект қазақ тілін үйретеді
Бүгінде технологияның қарыштап дамуы білім беру саласында да жаңа өзгерістерге жетелеуде. Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы тіл үйрену әлемдік трендке айналып отыр және бұл үрдіс қазақ тілі үшін де өте маңызды. Қазақ тілін үйренушілер үшін ыңғайлы әрі тиімді шешімдер қажет. Әсіресе, қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерушілер, шетелдегі қандастарымыз, қала тұрғындары мен жастар үшін заманауи әдіс маңызды. Осы тұрғыда, TilQazyna жобасы тіл үйрету әдістемесін цифрлық деңгейге көтеретін алғашқы кешенді шешімдердің бірі болары сөзсіз. Ана тіліміздің аясын кеңейтуге арналған жоба жайында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 18 Шілде, 2025
Еліміздің IT бренді түркі дүниесін топтастырды
Бакуде өткен Technoxian Azerbaijan халықаралық чемпионаты аясында еліміздің «Robotek Grand Tournament» жобасы ресми түрде таныстырылды. Роботтар шайқасы мен дрон жарыстарын қамтыған бұл алаң – дәстүрлі түрде инженерлік ойлау мен техникалық шығармашылықтың ең жоғары деңгейін көрсететін беделді дода. Биылғы жарысқа Әзербайжанның барлық өңірінен 120-дан астам мектеп пен жоғары оқу орнының командалары қатысып, ұлттық финал STEM-білім берудің айтарлықтай ілгері дамығанын паш етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 11 Шілде, 2025
АҚШ сауда серіктестеріне кедендік баж салығын көтереді
АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні берген сұхбатында, елдің негізгі сауда серіктестеріне 15 немесе 20 пайыздық кедендік баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Үкімет • 09 Шілде, 2025
Үкіметте цифрлық сервистерді дамыту мәселесі талқыланды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «Яндекс» компаниясының бас директоры Даниил Шулейко және Yandex Qazaqstan жетекшісі Тимур Шалекеновпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанда цифрлық сервистерді дамыту, платформалық жұмыспен қамту тетіктерін жетілдіру және технологиялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 27 Маусым, 2025
Мемлекет кәсіпорынның шығынын өтеп береді
Кәсіпорын шығындарын өтеу – отандық өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бір тетігі. Бұл бағытта елімізде нақты қолдау тетіктері іске асып жатыр. Соның бірі – QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы жүзеге асырып жатқан мемлекеттік ынталандыру шаралары. Аталған бағдарлама кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруына, жаңа технологияларды енгізуіне, технологиялық жабдық сатып алуына және өнімдерін ішкі нарықта ілгерілетуіне қажет шығындарының бір бөлігін өтеуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Stadler Kazakhstan зауытымен танысты
Президентке Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Елімізде халықаралық аутлет орталығы салынады
Астанада өткен Халықаралық инвестициялық форум (AIF) аясында еліміздегі алғашқы халықаралық аутлет-орталығын салуға бағытталған бас келісімге қол қойылды. Ауқымды жоба Алматы облысында QSM тобының бастамасымен жүзеге асырылады. Стратегиялық серіктес ретінде австриялық Ekazent Management GmbH компаниясы таңдалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 26 Мамыр, 2025
Қазақстандық әнші «The Voice of Azerbaijan» финалында өнер көрсетті
«Әзербайжан дауысы» вокалдық тележобасының финалдық нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 22 Мамыр, 2025
Tazaqazbot арқылы 17 мың экологиялық мәселе шешілді
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы маусымда @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосты. Бұл экологиялық мәселелер бойынша жедел өтініштер мен шағымдарға арналған платформа, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Мамыр, 2025
Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылады
Қазақстандық экспорттаушылар үшін Біріккен Араб Әмірліктері мен Парсы шығанағы елдерінің нарығына жүйелі түрде шығуға жол ашылды. Бұл бастаманы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «QazTrade» АҚ жүзеге асырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Мамыр, 2025
Qazaq Air әуе компаниясы атауын өзгертеді
Qazaq Air әуе компаниясының атауы енді VietJet Kazakhstan болып өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 02 Мамыр, 2025
Астанада әлем мойындаған оқу орнының филиалы ашылды
2025 жылғы 1 мамырда Астана қаласында Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға шетелде білім алуға қызығушылық білдірген жастар мен олардың ата-аналары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Мемлекетке қайтарылған әшекейлер саудаға салынды
E-Qazyna электронды сауда платформасында мемлекетке қайтарылған зергерлік бұйымдар аукцион арқылы сатылды. Саудаға шығарылған заттар қатарында әйгілі CARTIER брендіне тиесілі LOVE білезігі мен сақинасы, сондай-ақ аквамарин, зүбаржат және гауһар тастармен әсемделген әшекейлер болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 11 Сәуір, 2025
Мәслихат депутаттары «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен жүздесті
Бүгін Астана қалалық мәслихаты депутаттарының бір тобы «Қазақ газеттері» серіктестігіне арнайы ат басын бұрып, ұжыммен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Петропавлда көтергіш крандар зауыты іске қосылады
Петропавлдың «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында «KazCrane» ЖШС көтергіш крандар жасайтын зауыт құрылысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Сәуір, 2025
Lancaster Group Qazaq Tili Endowment қорына қомақты қаражат бөлді
Lancaster Group акционерлері – Берік Қаниев, Гаухар Қаппарова және Юрий Пак Qazaq Tili Endowment қорына 200 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл – қазақ тілін қолдау қорына бағытталған ең қомақты үлестің бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 01 Сәуір, 2025
Астанада Kazakhstan Security Systems көрмесі басталды
Kazakhstan Security Systems – Қазақстан мен Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамдайтын негізгі іскерлік алаң. 11 жыл бойы көрме сала мамандарын, әлемдік қауіпсіздік құралдарын өндірушілерді, тапсырыс берушілерді, мемлекеттік сектор өкілдерін және бейінді бизнес-қауымдастықтарды кездестіру үшін іскерлік платформа ұсынады. Іс-шара «EXPO» ХКО-да 1-3 сәуір аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Наурыз, 2025
«Qazaqstan Investment Corporation»-ға жаңа басшы тағайындалды
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен 2025 жылғы 17 наурыздан бастап «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Дидар Нұрлыбекұлы Қарымсақов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Наурыз, 2025
Премьер-министрдің ескертуінен кейін BI Group пен BAZIS қосымша салық төледі
12 наурыздағы жағдай бойынша салық төлеушілер қосымша есептілік нысандарын тапсырып, салықтарын толықтырып жатыр. Қазіргі таңда 17 млрд теңге төленген, оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да өз төлемдерін жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Наурыз, 2025
«Жалған қол қойған»: Перизат Қайраттың қоғамдық қоры таратылды
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім шығарды. Сотқа бұл жөнінде Әділет департаменті шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
«Асар Үме» қоры жәбірленуші тарап деп танылды
«Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының басшысы Перизат Қайраттың қаржы жымқыру ісі бойынша «Асар Үме» қоры ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2025
Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры жабылады
Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2025
IPO-ны үш мемлекеттік компания толықтырады
ҚНДРА төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Joining Tabadul Digital Hub халықаралық конференциясында 2025 жылы IPO-ны үш мемлекеттік компаниямен толықтыруға дайындық жүріп жатқанын айтқан болатын, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Бас басылымның Ұлытау облысындағы тілшісі тағайындалды
Белгілі журналист Жұлдыз Тойбек "Egemen Qazaqstan" газетінің Ұлытау облысы бойынша тілшісі болып тағайындалды. Жұлдыз Райымбекқызын ұжымға «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2025
Жасанды интеллект бойынша KazLLM моделі әзірленді
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қазақ тіліндегі жасанды интеллектті дамытуға бағытталған KazLLM ауқымды тіл моделі әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.