Соңғы жаңалықтар
Ғалам ғажаптары • 19 Желтоқсан, 2025
«Google» енді құлаққап арқылы сөйлескен сөзді лезде аударып отыратын функцияны іске қоспақ. Жаңалық «Google Аудармашы» қосымшасында жұмыс істейді, яғни әңгіме үстінде айтылған сөз бірден екінші тілге ауысып, құлаққаптан естіліп тұрады.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Қызылордадағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жанынан «Қамқорлық» орталығы ашылды. Орталықтан шала туылған, неврологиялық, ортопедиялық белгілермен дүниеге келген үш жасқа дейінгі сәбилер көмек ала алады.
Ғалам ғажаптары • 19 Желтоқсан, 2025
Италияның солтүстігіндегі Стелвио ұлттық саябағы аумағынан мыңдаған динозавр ізі табылды. BBC агенттігінің хабарлауынша, кейбір іздердің диаметрі 40 сантиметрге дейін жетеді. Ғалымдар бұл таңбалар шамамен 210 миллион жыл бұрын қалған деп есептейді.
Өнер • 19 Желтоқсан, 2025
Алтай әндерінің әуезі қандай сұлу болса, сөздері соған сәйкеседі. Тыңдаушының жанын жадыратып, жадында жатталып қалатыны да содан. Сол өр Алтайдың арғы бетінде өз ұлтымыздың өкілдері, қарагөз қандастарымыз бар. Өнерді биіктетіп, оның ішінде дәстүрлі ән мен байырғы терме-дастандарды алтын сандыққа сақтағандай бағалы етіп келеді.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Шетелдегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақ жастары аз емес. Солардың қатарында атыраулық бойжеткен Нұрай Бисенова да бар.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлының мемлекеттік тапсырыспен шыққан төрт томдық толық шығармалар жинағының ресми таныстырылымы өтті.
Заң • 19 Желтоқсан, 2025
Атырау соты кәсіпкерден тұтынушының пайдасына 1,2 млн шығынды өндірді
Атырауда кәсіпкер тұтынушыға шартқа сәйкес келмейтін терезе жақтауын орнатқан. Осыған байланысты тараптар арасындағы дау сотта қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Атырауда кемшілікті түзетпеген ауруханаға 1,3 млн теңге айыппұл салынды
Махамбет аудандық ауруханасында ақпан-наурыз айларында өрт қауіпсіздігіне байланысты 20 бұзушылық анықталған. Содан бері 8 кемшілік әлі түзетілмеген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Көліктердегі Мемлекеттік Ту: 4 полицей қызметінен қуылды
Әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатқан мәселенің бірі – осы. Ел көлемінде полицей жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың 82 дерегін анықтаған, деп жазады Egemen.kz.
Кітапхана • 18 Желтоқсан, 2025
Ыстанбұл Рами кітапханасында алғаш рет «Қазақстанның ғылыми-әдеби бұрышы» ашылды
Жақында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Рами кітапханасында «Қазақстанның ғылыми-әдеби бұрышының» салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 18 Желтоқсан, 2025
Шымбұлақта сапа мен қауіпсіздік әрдайым назарда
Бүгін Shymbulak тау курортының қысқы маусымы ашылуына орай баспасөз туры өтті. Журналистерге курорттың сервисі мен инфрақұрылымының жаңғыртылуы таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 18 Желтоқсан, 2025
Бетті бүркейтін киімге қатысты заң қабылданды: ІІМ ерекшеліктерін атады
Сенат «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасын қабылдады. Құжат аясында қоғамдық орындарда бетті жауып, оны тануға кедергі келтіретін киім кию үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Желтоқсан, 2025
Оффтейк-келісімшарттар сомасы 7,6 есе өсіп, 1,1 трлн теңгеге жетті
Биылғы 11 айда отандық өндірушілермен 1,1 трлн теңге сомасында ұзақ мерзімді және оффтейк-келісімшарттар жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2025
Биыл 173 жаңа зауыт ашылып, 18 мың жұмыс орны құрылды
Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 173 индустриялық жоба жүзеге асырылды, бұл шамамен 22 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда отандық тауар өндірушілер тізілімін құру аяқталып қалды
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ететін Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құру жөніндегі жұмысты аяқтауда, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Жастар • 18 Желтоқсан, 2025
Қарағандыда студенттер фестивалі өтті
Қарағанды қаласында студенттік жастарға арналған ең ауқымды әрі маңызды жобалардың бірі – Qaragandy Student Fest 2025 жарқын да мазмұнды түрде аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Президент Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және оның отандастарын Қатар Мемлекетінің ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Токиода Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті
Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елорда • 18 Желтоқсан, 2025
Елордалық оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жобалар байқауы өтті
Астананың Сарыарқа ауданында мектеп оқушылары арасында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Алғырлар – 2025: идеядан болашаққа» атты оқушылар жобаларының байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Заң • 18 Желтоқсан, 2025
Полиция Мемлекеттік ту мен жол тәртібі мәселесін түсіндірді
Әлеуметтік желілерде Мемлекеттік туды көліктерге ілу мәселесіне қатысты тақырып кеңінен талқылануда, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады
Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және бас директоры Хироши Микитанимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қаржы • 18 Желтоқсан, 2025
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған айырбас бағамы 0,77 теңгеге төмендеп, 513,55 теңгені құрады. Ұлттық банктің 18 желтоқсандағы бір долларға арналған ресми бағамы 514,31 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Желтоқсан, 2025
Биыл ел спортында қандай тарихи жеңістер тіркелді?
2025 жыл Қазақстан спортының қоржыны бірнеше тарихи, толайым жүлделермен толықты. Саладағы жетістіктерді нықтап, спорттағы саясатты реттеу мақсатында осы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Аталған құнды құжат негізінде олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беріліп отыр. Таңдаулылар тізімінен ұлттық спорт түрлері де тыс қалмады. Заңдағы легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру тетігіне салынған тыйым да көптің көкейіндегісін дөп басты. Сондай-ақ спорт федерацияларының мәртебесі айқындалып, саладағы анти-экстремизм мен қауіпсіздік талаптары күшейтілді. Еліміздің спорттық жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру мен ел намысын дүбірлі додаларда қорғайтын азаматтарды қолдауға бағытталған заң жаһан жүзінде көк туымыздың жиі желбіреуіне септеспек, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігі арта бермек
Биыл Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) Ауғанстанға арналған азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын кеңейтіп, «Адамзат үшін ұн – Газадағы төтенше жағдайға үндеу» бастамасын іске қосты. Ұйымның өзге де істерін Үкімет, Парламент, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың, сондай-ақ серіктес ұйымдардың өкілдері Азық-түлік қауіпсіздігі күніне арналған дөңгелек үстел басында талқылады.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бірлескен мәлімдеме қабылдады
Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Санаэ Такаичи Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Қызылордада мас жүргізушілер 1 жылда 763 рет құқық бұзған
Жыл басынан бері Қызылорда облысы аумағында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару дерегі бойынша 763 құқық бұзушылық анықталған. Шара қатаңдатылса да, заң бұзушылықтың осы түрі әлі де толастамай отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда сирек металдарды барлаудың жаңа стандарты енгізіледі
Үкімет еліміздегі геологиялық зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында резервтен 240 млн теңге бөлді. Бұл қаражат 1:50 000 масштабындағы егжей-тегжейлі геологиялық зерделеуге көшу үшін қажетті жобалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беріледі
Сенат депутаттары архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Желтоқсан, 2025
Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады
Елордада құны 14 млрд теңге болатын Ұлттық геологиялық қызметтің зертханалық кешенін салу жоспарланып отыр. Кешен құрамына аналитикалық зертханалар мен керноқойма кіреді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2025
ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды
Қазақстан Парламенті БАҚ, әдебиет және ойын-сауық шараларында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңнамалық түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.