2020
TOKYO2020 • 06 Тамыз, 2021
Токио-2020: Валентина Исламова Олимпиаданың алғашқы айналымынан аса алмады
Қазақстандық балуан Валентина Исламова Токио Олимпиадасының әйелдер күресі жарысында ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Мырзағали Айтжанов: Сәкен жеңілген жоқ!
Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов «Egemen Qazaqstan» газетіне берген арнайы сұхбатында төрешілердің шешімімен келіспейтінін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Лопес – төрт дүркін Олимпиада чемпионы
Талай жылдан бері төрткүл дүние жұртшылығын теңдессіз өнерімен тамсандырып жүрген тұлғалардың барлығы дерлік Токиода алауы тұтанған XXXII жазғы Олимпия ойындарында бас қосты. Міне, сондай сүйегі асыл, рухы биік, шеберлік деңгейі шарықтау шегіне жетіп, атақ-даңқы алысқа тараған азаматтардың бірі – «Кубаның қара нары» атанған грек-рим күресінің хас шебері Михаин Лопес. Жапонияның бас шаһарында өтіп жатқан жарыста жер-жаһан жанкүйерлерінің назары дәп осы апайтөске ауғаны сөзсіз. Оның өзіндік себебі де бар.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Кеше Қазақстан спортшылары үшін шешуші күн еді. Каратэден әлемдік рейтингте көш басында тұрған Дархан Асәділов, еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрислам Санаев және бокстан әлем біріншілігінің қола жүлдегері Сәкен Бибосынов бастаған спортшыларымыз бір емес, үш алтын алуға мүмкіндіктері бар еді. Өкінішке қарай, барлығы қола медальды қанағат тұтты. Жеті қола медальмен еліміз бейресмикомандалық есепте 75-орында тұр. Мұндай «антирекорд» тәуелсіз Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
«Кемшіліктермен жұмыс жасаймыз»: Серік Сәпиев Токио Олимпиадасы туралы пікір білдірді
Токио Олимпиадасы ойындарынан соң спортшылар және оларды жаттықтырушы бапкерлердің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Олимпиаданың алтын медалін тістеген Жапония мэрі сынға ұшырады
Софтболдан жапондық команданың жеңіп алған алтын медалін тістеген орталық Жапония мэрінің әрекеті сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Балуан Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Токио-2020: Данияр Қайсанов финалға шыға алмады
Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында финалға шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай екінші кездесуінде жеңілді
Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Елена Потапенко семсерлесуден сегізінші орынға тұрақтады
Токио-2020 Олимпиадасында қазіргі бессайыс бәсекесі басталды. Бүгін қазақстандық спортшылар семсерлесуден сынға түсті деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай Токиодағы жарысын сәтті бастады
Бүгін Токио Олимпиадасында каратэден Қазақстан спортшылары сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
«Арманыма жете алмадым». Сәкен Бибосынов халықтан кешірім сұрады
Бокстан 52 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Сәкен Бибосынов жартылай финалдық жекпе-жектен соң журналистерге сұхбат берді деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Токио-2020: Каратэші Дархан Асәділов жартылай финалға шықты
Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Токио-2020: Данияр Қайсановтың келесі қарсыласы кім?
Токио Олимпиадасында қазақстандық Данияр Қайсанов (74 келі) еркін күрестен жартылай финалда ресейлік Заурбек Сидаковпен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Каратэші Дархан Асәділов Олимпиаданы жеңіспен бастады
Токио Олимпиадасында каратэшілер жарысы басталды. 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын Дархан Асәділов қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Юсуп Батырмурзаев Олимпиада ойындарын аяқтады
Қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев Токио Олимпиадасында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Токио-2020: Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты
Еркін күрестен Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 04 Тамыз, 2021
Токио Олимпиадасында 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды
Токиодағы Олимпиадада тәуліктік жұқтыру рекорды тіркеліп, Жапония астанасында ТЖ режимі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 04 Тамыз, 2021
Токио-2020: Қазақстандық велотрекші біліктіліктен өте алмай қалды
Қазақстандық велотрекші Сергей Пономарев Токиодағы Олимпиада ойындарында спринт біліктілігі бойынша өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 04 Тамыз, 2021
Қамшыбек Қоңқабаев қола медаль иеленді
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 04 Тамыз, 2021
Токио-2020: Қазақстандық спортшы каноэ есуден ширек финалға шықты
Токио Олимпиадасында каноэ мен байдарка есуден жарыстар өтіп жатыр. Бүгін, каноэ (жеке) әйелдер арасында 200 м қашықтық ойынша іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 03 Тамыз, 2021
Токио-2020: Қазақстандық бас бапкер төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы үшін Токио Олимпиадасы сәтсіз аяқталды. Бүгін ел атынан соңғы болып сынға түскен Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы айналымда германиялық қарсыласынан жеңілді. Белдесу аяқталғаннан кейін бас бапкер Бақтияр Байсейітов төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 03 Тамыз, 2021
Токио-2020: Бүгін екі боксшымыз бақ сынайды
Токио Олимпиадасында тартысты жекпе-жектер мен белдесулер жалғасып жатыр. Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 02 Тамыз, 2021
Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар арасында коронавирус оқиғалары тіркелді ме?
Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар арасында коронавирус оқиғалары тіркелді ме? Сұраққа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 02 Тамыз, 2021
Токио-2020: Алтын медальді екі спортшы бөлісті
Токио Олимпиадасында жеңіл атлетикада алтын медальді екі спортшы бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 02 Тамыз, 2021
Токио-2020: Ағайынды Емельяновтар жартылай финалға өте алмады
Токио Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында байдарка мен каноэ есуден сайыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 02 Тамыз, 2021
Наталья Сергеева байдарка есуден Олимпиаданың ширек финалына шықты
Қазақстандық спортшы Наталья Сергеева байдарка есуден Олимпиаданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 02 Тамыз, 2021
Токио-2020: Қазақстандық тағы бір балуан алғашқы жекпе-жегінде жеңілді
Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 02 Тамыз, 2021
Токио-2020: 2 тамыздағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада 2 тамызда қазақстандық спортшылардың қатысуымен болатын ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 01 Тамыз, 2021
Токио-2020: Мейрамбек Айнағұлов Олимпиаданың алғашқы айналымынан өте алмады
Токиода Олимпиада ойындары аясында күрес түрлерінен 1/8 финалы өтіп жатыр. 60 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.