от
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2024
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері қанша
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,2 мың отбасы жалпы сомасы 431,9 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қараша айында 591,2 мың отбасыға 42,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Саясат • 19 Желтоқсан, 2024
Сенат Жоғарғы Сот судьяларын қызметінен босатты
Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынуымен Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2024
«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл-Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 18 Желтоқсан, 2024
Астанада «Табиғатпен ұштасу» атты отбасылық эстафета өтті
Отбасылық эстафета Астана қаласындағы Орталық саябақтағы шаңғы роллерлі тас жолында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2024
Астана соты бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы істі қарады
Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты ел азаматының Үкіметке қарсы шағымы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2024
«Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты ауқымды фотобайқау басталды. Бұл оқушылар мен олардың отбасылары үшін денсаулықтарына қалай күтім жасайтынындары туралы бөлісуге тамаша мүмкіндік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 14 Желтоқсан, 2024
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды. Судья қанды қылмысты жасады деген күдіктіні 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақжәбірленуші тарап бұл үкіммен келіспей отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 14 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда 12 жастағы өгей қызын зорлады деп айыпталған адам 20 жылға сотталды
Қарағандыда 12 жасар өгей қызына зорлық көрсетті деген айыппен Евгений Кулагин есімді азамат 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда оның жұбайы мен қорғаушылары бұл айыптаулардың негізсіз екенін айтып, сот шешіміне шағым түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
Қызылорда қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында ерекше қуаныш болды. Барлығы 504 отбасы көптен күткен жаңа баспаналарына қол жеткізді. Бұл қуанышты оқиға тұрғындарға үлкен үміт сыйлап, олардың өміріне жаңа бетбұрыс әкелді. Жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 13 Желтоқсан, 2024
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2024
Астанада сырғанақтар мен мұз айдындары ашылады
Астана қаласы әкімдігі желтоқсанның екінші онкүндігіндеқысқы серуенге арналған 60-қа жуық аймақ ашылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2024
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаев AIem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Орталық елімізді жасанды интеллектке бағдарланған мемлекетке айналдыру, сондай-ақ қоғамдық және экономикалық өмірінің барлық саласында ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2024
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы сотталды
АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Университет • 10 Желтоқсан, 2024
АBAI UNIVERSITY: Лотарингия университетінің филиалы ашылды
Абай атындағы ҚазҰПУ-де Лотарингия университетінің (Франция) филиалы ашылды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. Бұл жобаға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024
Жоғарғы Сотта Тәуелсіздік күніне арналған спартакиада өтті
Тәуелсіздік күніне арналған турнирді Жоғарғы Соттың Судьялар одағының филиалы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2024
Бір күнде берілген бірегей мүмкіндік: «Ипотека DAY» Астанада қалай өтті
«Отбасы банк» Астанада бірегей іс-шара өткізді. Банк, нақтырақ айтқанда, Астанадағы іргелі Конгресс-холға елдегі ірі 17 құрылыс компаниясының сату бөлімін шақырып, екінші жағына банктің мамандарын отырғызып, халыққа кеңес беретін бірегей мүмкіндік жасаған. Яғни, азаматтар бұрынғыдай баспана алу үшін банктің табалдырығын күнде тоздырып, құрылыс компанияларының сату бөлімін іздеп жүрмейді. «Ипотека DAY» іс-шарасының басты ерекшелігі де осы – салымшыларға өте ыңғайлылығында.
Жемқорлық • 07 Желтоқсан, 2024
Қостанайда әлеуметтік бейімдеу орталығының басшысы сотталды
Қостанайда әлеуметтік бейімдеу орталығының бұрынғы басшысы 11 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы облыс соттарының бірыңғай баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Желтоқсан, 2024
Ақтөбедегі спорт мектебі оқушысының өліміне қатысты сот шешімі шықты
Ақтөбедегі Есет батыр атындағы спорт мектебінің 8-сынып оқушысының өліміне қатысты іс бойынша оқушы мен студентке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024
БҚО тұрғыны анасының үйі мен жерін тартып алған
Батыс Қазақстан облысында сот 76 жастағы азаматша Т.-ның тұрғын үйі мен жер учаскесін сыйға тарту келісім-шартын жарамсыз деп танып, оның құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2024
Сот жүйесіндегі реформаларды жалғастыру мерзімі ұзартылуы мүмкін
Жоғарғы Сотта Сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру жобасының Үйлестіру комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2024
Олжас Бектенов Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров Бішкек қаласында өткен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 12-ші отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2024
Сот талап қоюшының жер телімін алу кезегін қалпына келтірді
Сот Атырау облысы тұрғынының жер телімін алу кезегін қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 02 Желтоқсан, 2024
Жоғарғы сот жалғызбасты ананың құқығын қорғады
2019 жылы 9 жастағы ұлына алимент төлеуге міндетті болған семейлік пен жеке сот орындаушының заңсыз әрекеті анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 29 Қараша, 2024
Жоғарғы Сот еңбек даулары мен мұрагерлік жөніндегі құқық қолдануды түсіндірді
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. Оның жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғалымдар, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Бас прокуратураның, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің және адвокаттар алқасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 28 Қараша, 2024
Іле-Алатау паркінде тауешкілер фототұзаққа ілінді
Аталған паркте сібір тауешкісі және жабайы қабан фототұзаққа түсіп қалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Ташкентте үш азамат банкомат арқылы жалған долларды айырбастаған
Өзбекстан астанасында банкомат арқылы жалған банкноттарды айырбастады деген күдікпен үш азамат ұсталған. Бас прокуратура жанындағы Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің мәліметінше, олар 28 жалған 50 долларлық банкнотпен операция жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Қазақстан делегациясы Үндістандағы Қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан делегациясы Үндістанда өтіп жатқан Еуразиялық топтың қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі (ЕАТ) пленарлық апталығына қатысып жатыр. Бұл шара ұйымның 20 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Шымкентте ломбардты тонамақ болған қылмыскер сотталды
Шымкентте бетперде киіп, ломбард қызметкеріне ойыншық тапанша кезеніп, 100 мың теңге талап еткен қылмыскерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Қараша, 2024
Борышкерлер шетелге шыға алмайды
Сот әкімшілігінде борышкерлердің елден тыс жерлерге шығуына байланысты түйткілді мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 26 Қараша, 2024
«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тілінде жарық көрді
Түркияның Анкара қаласында орналасқан президенттік ұлттық кітапханада «Turktav» түркі тарихы және мәдениеті қоры, «KÖK TUĞ» қазақ мәдениеті қауымдастығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, академик, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановтың «Қазақтың отбасы фольклоры» еңбегі «Kazak aile folkloru» атауымен түрік тілінде жарық көрді.