Соңғы жаңалықтар
Шымкент • 15 Қараша, 2025
Озық ұлтқа айналудың тиімді жолы
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының Шымкентте өткізілу барысы туралы» баспасөз конференциясы өтті. Онда «Кітап оқитын ұлт» жобасының Шымкент қалалық кеңсе жетекшісі Ақан Бесбаев пен Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Айтбаева аталған бастама туралы баяндады.
Аймақтар • 15 Қараша, 2025
Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында айтты. Іс-шара барысында сала үздіктері мен байланыс операторларының озық мамандары марапатталды.
Спорт • 15 Қараша, 2025
Бүгін Жапония астанасында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары жалауын желбіретеді. Есту қабілетіне зақым келгендердің сайысында әлемнің 80 елінен 3 мыңға тарта қатысушы 21 спорт түрінен бақ сынайды. 26 қарашаға дейін Токио төрін дүбірге бөлейтін додада саңлақтарымыз спорттың сегіз түрінен сынға түседі.
Ғалам ғажаптары • 15 Қараша, 2025
Марста алғаш рет табиғи жерасты үңгірлері табылды.
Жұмыс • 15 Қараша, 2025
Биыл жыл басынан бері 10 айда 25,5 мың мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды. Елімізде ерекше қажеттіліктері бар 111 мың адам тұрақты еңбек етеді. Жұмыс істей алатын мүгедектігі бар адамдардың 30%ы «екі қолға бір күрек» тауып отыр.
Ғалам ғажаптары • 15 Қараша, 2025
Күн бетінде өте қуатты жарқыл болып, Жерде ең жоғары деңгейдегі магниттік дауыл басталды.
Зерде • 15 Қараша, 2025
«Өлі риза болмай, тірі байымайды»
1966 жылдан бастап ұлтымыздың популяциялық биологиялық тарихы ауылдық жерде жақсы сақталғандықтан, жергілікті тұрғындарды зерттеп келемін. Түйгенім: қазақ – антропологиялық ерекшелігі жағынан Еуразияда тұрып жатқан халықтардың бірде-біріне қосылмайтын жеке-дара этнос. Мұндай ерекшелікпен жаратылған халық әлемде кемде-кем. Өйткені ол біздің ата-бабаларымыз өз жерінде ешкімге ұқсамайтын жеке даму сатыларынан өткен.
Ғалам ғажаптары • 15 Қараша, 2025
Ғалымдар Жер планетасының атмосферасын, мұхиттарын, құрлықтарын толық қамтитын жаңа модель жасап шықты.
Спорт • 15 Қараша, 2025
20 қарашада шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Бұл бәсекеде сары құрлықтың ең үздік төрт командасы айналмалы жүйе бойынша сайысқа түседі. Олар – Қытай, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Жапония. Еске сала кетейік, былтыр Алматыда өткен жарыста жерлестеріміз бас жүлдені олжалады.
Жәдігер • 15 Қараша, 2025
Жаз айында облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық экспедициясы Ақтоғай ауданындағы Қарабие қорымынан көне дәуірдің құнды мұраларын тапты.
Спорт • 15 Қараша, 2025
Қарағандыда Балапан Әбеновті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық ашық біріншілік 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәстүрлі доп додасы футболсүйер жас буынның басын қосатын алаңға айналды. Биыл турнирдің ауқымы кеңейді. Алғаш рет турнир республикалық деңгейге өтіп, 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер сайысқа түсті.
Қоғам • 15 Қараша, 2025
Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығында маңғыстаулық ақын Сұлтанбек Құдайбергеннің «Армысың, Ақжайық!» атты кеші өтті.
Үкімет • 14 Қараша, 2025
Ұлттық жобаны жүзеге асыру жайы талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы өтті.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Ертіс-Баян өңірінде қысқы мезгілге 188 жылыту пункті дайындалды
Өңірлік төтенше жағдай департаментінің бөлімшелері кез келген шұғыл жағдайда жұмыс істеуге дайындықтарын пысықтап жатыр. Құрылымдар өтімділігі жоғары 90 техникамен жарақталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2025
Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұсынған «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті. Қойылым Орталық Азия аймағының мәдени өміріндегі ең жарқын оқиғалардың бірі болды.
Бизнес • 14 Қараша, 2025
Іскерлік байланыстар артып келеді
Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінде «Солтүстік Қазақстан облысы – Қытай» атты бірінші инвестициялық бизнес-форум өтті. Іс-шара ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мырзаның қолдауымен ұйымдастырылды. Форумға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған іскерлік делегация өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
СҚО-да қазақ тілді балабақша тапшы
Соңғы кездері Петропавлдың қазақ ата-аналарының санасында оң өзгерістер туып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 14 Қараша, 2025
Көрнекті ақын Күләш Ахметова дүниеден озды
Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Күләш Ахметова 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 14 Қараша, 2025
Ақтөбе облысында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция тарту мүмкіндігі артып келеді
Ақтөбе облысы – Қазақстанның батысындағы жетекші индустриялық орталықтардың бірі. Өңір экономикасын әртараптандырудың негізгі буыны саналатын өңдеуші өнеркәсіп соңғы жылдары қарқын алып, инвесторлар үшін тартымды аймаққа айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 14 Қараша, 2025
Тұрмысы төмен азаматтар тегін грант алды
Шымкенттің әлеуметтік осал тобына жататын 99 азаматы 400 АЕК-ке дейінгі, яғни 1 572 800 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
Енді Шымкентте ұсыныстар мен шағымдар QR код арқылы қабылданады
Шымкент қаласында тұрғындардың пікірі мен өтініш-тілегіне құлақ түретін жаңа жоба қолға алынды. «Шымкентті дамытуға халықтың үлесі» деп аталатын осы жоба аясында адамдар QR кодтқа өз өтінішін немесе шағымын қалдыра алады. Ұсыныстарын да білдіруге болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
Қазақстанның серпінді жобалары: 14 бастама қаржыландырылады
Қазақстанның Даму банкі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстанның 17 серпінді жобасының 14-ін қаржыландыруға қатысуды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Қараша, 2025
Сенбі-жексенбі күндері (15-16 қарашада) Алаш тасжолы бойында орналасқа "Керуен жолы" базарындағы ет жәрмеңкесіне Абай, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының шаруалары қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Теңге • 14 Қараша, 2025
Пілдің сүйегі немесе алғашқы ақша қалай пайда болды?
Адамзат ақыл-ойының жарқын жаңалығы – айырбас жүйесі. Бір сөзбен айтсақ, ақшаның пайда болуы. Экономиканың барлық тетігі осыған басыбайлы байланған. Дәл осы «шытырлақтардың» алақан қышытатын қасиеті қазір ғана емес, қадым заманнан бері бар. Сондықтан тарихы тым әріде жатқан ақша феноменің әлеуметтік мәнін зерделеп көрдік.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Ұлытау облысында әлеуметтік азық-түлік бұрышы ашылды
Ұлытау облысында халыққа қолжетімді бағада азық-түлік өнімдерін ұсынатын тағы бір әлеуметтік бұрыш ашылды. Жоба «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қараша, 2025
«Ата-анам қайтыс болды»: Жалған қайғыны желеу еткен қызметкердің айласы әшкере болды
Елордада бір компания қызметкері әріптестерінің ақшасын алдап алмақ болған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Риддерде жыл бойы жұмыс істейтін демалыс кешені ашылады
Алдағы жылдары Риддер қаласында «Анатау» шаңғы кластерін құру жобасы жүзеге асырылады. Бұл жоба – Шығыс Қазақстандағы қысқы және экстремалды туризмнің жаңа түрі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Өнерпаз Бозжыра шатқалында «Interstellar» фильмінің композициясын орындады
Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы белгілі пианист-композитор Темірлан Бейсенбаймен (сахналық есімі — Ратович) және танымал тревел-блогер Әділет Рахметолламен бірлесіп, Қазақстанның ең көрікті әрі танымал табиғи мұраларының бірі – Бозжыра шатқалында түсірілген жаңа бейнероликті ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қараша, 2025
Үміт Шаяхметова: квазимемлекеттік компаниялар жеке сектордың шаруасына араласпауы керек
Мемлекеттің жеке секторға ықпалы кейде мәжбүрлі қадамнан туындайтыны әр жерде байқалып қалады. Halyk Bank басқарма төрғасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, мемлекет жеке сектормен бәсекелестікке түспеуі керек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 14 Қараша, 2025
Иманбекке Latin Grammy Awards сыйлығы бұйырмады
13 қарашада Лас-Вегастағы MGM Grand Garden Arena сахнасында португал және испан тілдеріндегі музыкалық жетістіктер үшін берілетін беделді Latin Grammy сыйлығының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.