Ер
Үкімет • 05 Қараша, 2025
Қайтарылған активтер: Көкшетауда спорт кешені салынып жатыр
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетауда көпфункционалды спорттық-мәдени кешеннің құрылысы аяқталып қалды. Үкімет осы мақсаттарға Арнаулы мемлекеттік қордан 12,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Қараша, 2025
Ректор ҚазҰУ базасында қолөнер орталығының ашылатынын мәлімдеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «AI-Art: Бояудағы болашақ» атты шығармашылық пленэр ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында заманауи ветеринариялық пункттің ашылуы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Кёрлингтен Қазақстан құрамасы жаһан чемпионатында күміс жүлде иеленді
АҚШ-тың Миннесота штатында өткен керлингтен барлық құрлықтағы елдерді қамтитын чемпионаттан (Pan Continental Championships) еліміздің ерлер мен әйелдер құрамасы жүлделі оралды деп жазады Egemen.kz.
Технология • 04 Қараша, 2025
Жаппай цифрландыру дәуірінде жеке деректерді қалай қорғауға болады?
Бүгінде өмірдің барлық саласы — саудадан бастап медицинаға дейін интернетпен тығыз байланысты. Сондықтан жеке деректерді қорғау әрбір қолданушы үшін маңызды міндетке айналды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Елімізде шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 1-4 сыныптарға арналған «Шахмат негіздері» курсы өткізіліп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Кәсіпкер мылтық оғынан қаза тапты
Тимирязев ауданындағы Докучаев ауылында тұратын «Бурбат» ЖШС басшысы, кәсіпкер Азамат Батанов өзінің үйінің ауласында атылған оқтан қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2025
Жас мұғалім президенттік жастар кадр резервіне қабылданды
Ұлытау облысынан Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған Алмагүл Әнуарбековаға облыс әкімі Дастан Рыспековтің атынан арнайы құттықтау табыс етілді. Құттықтау хатты әкім аппаратының басшысы Кеңгірбай Смағұлов тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Қараша, 2025
Қайтарылған активтер есебінен 6 спорт ғимараты салынады
Президент тапсырмасы бойынша Үкімет Арнайы мемлекеттік қор қаражатын спорт инфрақұрылымдарын дамытуға тартып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Қараша, 2025
Ақтөбеде өрт сөндіру жеңдерін өндіретін зауыт ашылды
Бұл – еліміз бойынша алғашқы зауыт. Жоба «O’rt tehnika-Qazaqstan» ЖШС-мен жүзеге асырылып, елімізде импортты алмастыру және өрт қауіпсіздігі саласындағы ұлттық өндірісті дамыту бағытында маңызды қадам болды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Қараша, 2025
11 өңірдің автокөлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Бірқатар өңірде 4 қарашада ауа райы нашарлауына байланысты «ҚазАвтоЖол» тарапынан жүргізушілерге жолда сақ болу керектігі ескертілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Сарбаздар әскери ант қабылдады
Қараша айының бірінші жексенбісінде шекарашылар сапын толықтырған 350-ге тарта сарбаз отанымызға адал қызмет етуге ант берді. Мұндай рәсімді алғашқы болып ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы өткізді.
Қоғам • 04 Қараша, 2025
Бала тәрбиесіндегі міндетін орындамаған мыңдаған ата-ана жауапкершілікке тартылды
Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жыл басынан бері 7 мыңнан астам істі қарады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 03 Қараша, 2025
Ел өңірлерінде 267 мың оқушы орнына арналған 232 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Қараша, 2025
Қазан айында инфляция 12,6%-ға баяулады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, инфляция 2025 жылғы қазан айындағы есеп бойынша 1 жылда – 12,6%-ды, бір айда – 0,5%-ды құраған. Қыркүйекте жылдық көрсеткіш 12,9% құраған еді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қараша, 2025
«Таза Өскемен» кәсіпорнының бұрынғы басшысы 120 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры мен оның серіктестері қала көшелерін күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, мемлекетке 120 миллион теңгеден астам залал келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Қараша, 2025
«Халық заңгері» акциясының игілігін қанша адам көрді?
Елімізде өткен «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында 120 мыңнан астам азамат тегін әрі білікті құқықтық көмек алды. Бұл шара «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру бағытындағы ең ірі әлеуметтік бастамалардың біріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 03 Қараша, 2025
Электр қуатын қолдау тарифтері жеті жылға бекітілді
Энергетика министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен электр қуатының дайындық қызметіне арналған шекті тарифтер жеті жыл мерзімге бекітілді. Жаңа тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 03 Қараша, 2025
360-тан аса жасөспірімге көмектескен бағдарламаның ерекшелігі қандай?
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған тәлімгерлік тақырыбындағы алғашқы республикалық форум өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Танымал журналист өмірден өтті
«Хабар» агенттігі бағдарламаларды дайындау бөлімінің бас редакторы қызметін атқарған Азат Рыстанбек бақилық болды. Қайғылы хабар туралы басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 03 Қараша, 2025
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге қатысты түсініктеме берді
Қазақстан Ұлттық Банкі қазан айындағы валюта нарығының негізгі көрсеткіштерін жариялады. Ресми деректерге сәйкес, өткен айда теңге 3,5%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 529,96 теңгеге дейін төмендеді. Ал Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 248 млн АҚШ долларынан 271 млн долларға дейін өсті. Жалпы сауда көлемі 6 млрд долларды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қараша, 2025
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «ННЦСНИ» сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес, 3 қарашада түнгі сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 03 Қараша, 2025
«Қайрат» Миланда «Интермен» кездеседі
Алматылық «Қайрат» Лига чемпиондарының негізгі кезеңінде Италияның әйгілі «Интер» клубымен кездеседі. Кездесу Миландағы атақты «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 6 қараша түнгі 01:00-ге жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Қараша, 2025
Лизинг пен автонесиенің айырмашылығы қандай?
Мемлекет басшысы жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Президент пәрменінен кейін Үкімет бірқатар маңызды шешімдер қабылданғанын хабарлаған. Соның бірі – халықтың жаңа көлік тізгіндеуіне мүмкіндік беретін жеке азаматтарға лизингпен көлік рәсімдеу мүмкіндігі, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 02 Қараша, 2025
Астанада әлем дәрігерлері жүрек ауруларын емдеудің жаңа технологиясын таныстырды
Астана қаласында Орталық Азия Аритмологиялық саммиті – жүрек ырғағының бұзылуын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне арналған өңірлік маңызды медициналық шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Қараша, 2025
Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталды
Астанада түнгі рейд кезінде полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған судьяны ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Қараша, 2025
Трамп Нигерияда христиандарға қарсы зорлық-зомбылық тоқтамаса, әскер кіргізетінін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Нигерияда христиандарға қарсы зорлық-зомбылық жалғаса берсе, бұл елге америкалық әскер жіберу мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 02 Қараша, 2025
Елімізде пәтерге жалған тіркеу дерегіне қатысты жауапкершілік күшейтіледі
2025 жылғы 31 қазанда ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте бір мекенжай бойынша жалған тіркеу жағдайлары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 01 Қараша, 2025
Екібастұзда алғашқы кәсіби театр ашылды
Екібастұз қаласындағы «Өнер» мәдениет сарайында жаңа кәсіби театр ашылды. Маусым ақын Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» драмасымен басталды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Қараша, 2025
Димаштың жобасы Қытайда таныстырылды
Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасы Қазақстанның туристік локацияларында түсірілген Voice Beyond Horizon жаңа тележобасының промо-бейнеролигін ұсынды. Бағдарлама еліміздің туристік әлеуетін миллиондаған көрерменге көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.