м
Оқиға • 19 Қараша, 2024
Сметов пен Қырғызбаев татамиге қашан оралады
Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевтың татамиге қашан оралуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қараша, 2024
Фестивальдік кино – көңіл көтеретін контент емес
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі еліміздегі ең ірі кино оқиғасы болмақ. Талқы таразысына түскелі тұрған жұмыстар сарапшыларды жанр алуандығымен қатар, мазмұн тереңдігімін таңғалдырған. Бұл туралы фестивальдің іріктеу комиссиясының төрағасы, философия ғылымдарының докторы Айбарша Бөжеева айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2024
Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі 5 жылға сотталды
Сот Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Самат Ескендіровті алдап-арбау арқылы үлескерлердің жерлерін сатып жібергені үшін шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2024
Қосшыда балалы әйел жоғалып кеткен
15 қараша күні таңертең Қосшы тұрғыны жұбайының жоғалып кеткені туралы полиция бөлімін құлағдар еткен, деп жазады Egemen.kz.
Басылым • 19 Қараша, 2024
Сот әкімшілігі саласындағы халықаралық ынтымақтастық нығаяды
11-14 қараша аралығында Сингапурде өткен сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық конференцияда Қазақстан сот жүйесін реформалаудағы жетістіктерін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Қараша, 2024
Алматы облысының Іле ауданына жаңа әкім тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің және Іле ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2024
Жасанды интеллект ұрлықтың бетін ашты
Қызылорда облысының прокуратурасы жасанды интеллектке негізделген «IT Tergeu» жобасы шеңберінде ұрлық фактілерін әшкерелеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2024
Алматыда жүк көлігі автобуспен соқтығысқан
Жол-көлік оқиғасы Алатау ауданындағы Шаңырақ-2 ықшам ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 19 Қараша, 2024
Мәһір орнына қалыңмал берсе жеткілікті
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы неке қию кезінде ерінің қалыңдығына беретін бағалы сыйлығы немесе мәһірдің үкімін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қараша, 2024
Президент Монако князін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Қараша, 2024
Бірыңғай уақыт белдеуі өзгеріссіз қалады
Үкіметте елді бірыңғай уақыт белдеуіне көшіру мәселесі қаралды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның бесінші сағаттық белдеуіне өтуінің артықшылықтарына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Қараша, 2024
Жеке тұлғалар кірістері мен мүлкін міндетті декларациялаудан босатылады
Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрінің осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босату туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2024
Алматы облысында мұғалімдерге жарты жыл бойы жалақы төленбеген
Алматы облысындағы жекеменшік мектеп мұғалімдеріне жарты жылдан астам уақыт бойы жалақы төленбеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қараша, 2024
Алматы әкімі Франкфурт кітап жәрмеңкесінің өкілдерін қабылдады
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Қазақстанға іс-сапармен келген Франкфурт кітап жәрмеңкесінің атқарушы директоры және президенті Юрген Боосты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 19 Қараша, 2024
Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институты құрылды
15 қарашада Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы аясында Мемлекет басшысы Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды. Мекеме «Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» құрамында, деп хабарлайды Egemen.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қараша, 2024
«Су тасқынына дайындық»: 1500-ден астам гидротехникалық құрылыс тексерілді
Бұл туралы Су және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қараша, 2024
Тоқаев Сербия Президентіне Алматының әйгілі апортын тарту етті
Сербия Президенті әлеуметтік желілердегі парақшаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2024
Мәскеуде Қазақстан азаматын тонаған күдікті ұсталды
Ақтау тұрғынын тонап кеткен күдікті Мәскеуде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Қараша, 2024
Шаһар жарығы – қауіпсіздік кепілі
Қаланы жарықтандыру көптеген функцияны орындайды: айналаға жылылық пен жайлылық береді, қаланың көркем келбетін, сәулет туындыларын айшықтай түседі. Дегенмен оның басты міндеті – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сапалы жарықтандыру қылмыс пен жол-көлік оқиғаларының ықтималдылығын төмендетеді. Осы тұрғыда агломерация есебінен күн сайын құлашын жайып келе жатқан Алматы қаласында көшені жарықтандыру жүйесіне ерекше мән беріледі.
Ауа райы • 19 Қараша, 2024
«Қазгидромет» мамандары бірнеше облыста күн райы бұзылатынын ескертті
«Қазгидромет» синоптиктері 19 қарашада еліміздің 13 өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 19 Қараша, 2024
Магистратураға кешенді тестілеу басталды: өтініштер қашанға дейін қабылданады
Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 23 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 18 Қараша, 2024
Қордай ауданындағы шекара қызметіне әскер қатарына шақырылған сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті. Күзгі шақырылым аясында Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге келген сарбаздар салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.
Жастар • 18 Қараша, 2024
Almaty Students Week: жастарға арналған іс-шаралар 15 мың студентті қамтыды
Алматыда Халықаралық студенттер күніне арналған «Almaty Students Week» ауқымды апталығы өз мәресіне жетті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен фестиваль аясында 28 іс-шара ұйымдастырылып, оған қаламыздың 15 000-ға жуық студенті қатысты.
Тұлға • 18 Қараша, 2024
Шерияздан Елеукеновтің баспа ісі мен кітаптанадағы, ғылым мен әдебиеттегі еңбегі өлшеусіз. Әсіресе, Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабы ғалымның баспа комитетінің төрағасы болған кезде жарық көргенін жалпақ жұрт жақсы біледі. Кезінде осы батыл әрекеті қатаң сынға алынып, ақырында «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» деген желеумен қызметтен босатылғанын ғалымның универсиеттегі дәрістерінен де талай естідік.
Спорт • 18 Қараша, 2024
Әуесқой шахматшылардың сайысы өтті
Astana IT University ғимаратында мектеп оқушылары арасындағы II «Chess Class» Олимпиадасы өтті. Турнирді Freedom Broker компаниясының қолдауымен Қазақстанның шахмат федерациясы (KazChess) және «Chess Legends LTD» ЖК өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 18 Қараша, 2024
Мәжілісте инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заң жобасы таныстырылды
Бүгін Мәжілісте инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы таныстырылды. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың жетекшілігімен өткен отырысқа депутаттар, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана, Алматы қалаларының мәслихат депутаттары мен Парламентаризм институты, «Атамекен» ҰКП және «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен барды
Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 18 Қараша, 2024
Алматы облысында тұрғын үй құрылысы қарқын алды
Баспаналы болу – адам өмірінің ең қуанышты сәті. Олай болса, Алматы облысы халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған тұрғын үй құрылысы саласын қарқынды дамытуды жалғастырып жатыр.
Кино • 18 Қараша, 2024
Биыл «Еуразия» кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады
Қарашаның 24–30 аралығында Алматыда өтетін Орталық Азиядағы ең ірі XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде әлемнің түкпір-түкпірінен режиссерлер, актерлер, сценаристер мен киноөнер жанкүйерлері бас қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қараша, 2024
Қостанай облысында 4 адам ыс тиіп қаза тапты
Қайғылы оқиға Амангелді ауданына қарасты Қарынсалды ауылында болған. Жанып тұрған пештен бөлінген улы газдың салдарынан бір үйден 4 адам көз жұмып, екі адам ауыр халде ауруханаға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.