и
Қылмыс • 16 Мамыр, 2024
«Синтетика» саудалаушы ұсталды
Қызылордада аса ірі көлемді синтетикалық есірткі сатпақ болған күдікті ұсталды.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Құлсары тұрғындары мамандардың залалды бағалау нәтижелерін оң қабылдап отыр
Құлсары қаласындағы залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясы залалды бағалау нәтижесімен келіскен тұрғындардың алғашқы легінен өтініштер қабылдады. Мәдениет үйінде бұған дейінгі жүргізілген бағалауларға сәйкес, өтемақы төлемдерін рәсімдеу үшін азаматтарды қабылдау басталды. Алғашқы 6 отбасы залалдың орнын толтыру мақсатында төленетін өтемақыны алу туралы шешім қабылдады. Өтемақы тұрғындарға 14 күн ішінде төленетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәліметіне сілтеме жасап.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты азайған
Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіп кооперациясын, өнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдықтардың бірі. Дегенмен, шикізаттық емес тауарлар экспортының төмендеуі отандық өнеркәсіпті қолдау, осы бағытта тиімді шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент Малайзия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Малайзия делегациясымен кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға баса мән беріліп, екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрімен кездесті
«Ақорда» резиденциясында Премьер-министр Ануар Ибрагим бастаған Малайзия Үкіметінің делегациясын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы шағын форматтағы кездесу барысында Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми бөлім • 16 Мамыр, 2024
Ақордада Малайзия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 16 Мамыр, 2024
Орталық Азия елдері қауіпсіздіктің үш бағытында күш біріктіреді
Астанада Орталық Азия елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның танымал актерлері Астанаға көшет сыйлады
«ADAM BOL» қазақстандық-африкалық фильмінің алдын ала көрсетілімі барысында түсірілім тобы «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясын қолдап, астаналықтарға көшет сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2024
Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Мамыр, 2024
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Белгісіз біреулер Энергетика министрлігінің мессенджерлерін бұзып кеткен
ҚР Энергетика министрлігі белгісіз біреулер ведомство басшылығының мессенджерлерін бұзғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Мамыр, 2024
Мұраға таласып анасын пышақтап өлтірген ер адам сотталды
Өзбекстанда қарт анасын пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz UzNews.uz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Қарағанды тұрғыны алимент төлемеу үшін өзін «қайтыс болды» деп жариялаған
Алимент төлеуден жалтарған азамат өзін «қайтыс болды» деп жариялауды ұйғарған. Қарағанды облысының жеке сот орындаушысы Саяхат Ахметжанов жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2024
«6,5 миллон теңге». Қызметкерлеріне негізсіз сыйақы берген мекемелер анықталды
Жоғарғы аудиторлық палата отырысында 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында Алматы қалалық бюджетінің атқарылуына сыртқы мемлекеттік бақылау жүргізілді. Бақылау қорытындысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 16 Мамыр, 2024
Қайраткер Қаратай Тұрысов атындағы аудитория ашылды
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының белгілі геологы, экономист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Геологиялық саланың даму мәселелері мен болашағы: Білім-ғылым-өндіріс» атты дөңгелек үстел өтті. Ізгілікті іс-шара қарсаңында дәріс аудиториясына Қаратай Тұрысұлының есімі берілді. Ғалымның Қазақстанның инженерлік ғылымының және өндірісінің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз, сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Табиғат • 16 Мамыр, 2024
Алматының ботаникалық бағында сирек кездесетін өсімдік гүлдеді
Алматы ботаникалық бағының «Альпинарий» жабық учаскесінде Қызыл кітапқа енген сирек өсімдік - ақшыл сепкілгүл гүлдеді. Бұл гүл Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларында жиі кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2024
Заңсыз ойын мен лудоманияға қарсы іс-қимылға 80 млн теңге бөлінеді
Елімізде құмар ойындар мен бәс тігуге қарсы шараларға 80 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған Қазақстан Республикасындағы заңсыз ойын және ойынға тәуелділікпен күресудің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 16 Мамыр, 2024
Биыл қай мамандықтарға грант көп бөлінеді?
Биылғы оқу жылында бакалавриат бойынша 78 219 білім гранты бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 16 Мамыр, 2024
Қазақтың екі теннисшісі Португалиядағы турнирдің ширек финалында кездеседі
Әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Португалияда өтіп жатқан Оэйраш челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Жыл басынан бері Таразда 37 алаяқтық фактісі тіркелді
Жамбыл облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Шохан Әлжанов облыста жалпы алаяқтық фактілері 15,9 пайызға, дәлірек айтқанда 353-тен 297-ге дейін азайғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Қарағандыда полиция көлігі жол апатына түсті (видео)
Бүгін, 16 мамырда сағат 11:30 шамасында Қарағандыда полиция көлігі мен екі көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Алаш арыстары атқарған ұлы істерді бүгінгі ұрпақ жалғастыру керек - Д.Қыдырәлі
Сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет тарихына байыппен қарап, Алаш арыстарын ұлықтау туралы ойларын ортаға салды. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймау туралы сөзін еске салған сенатор ел бірлігі үшін зиялылардың да ауызбіршілігі шарт екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Алматы полициясы 35 заңсыз мигрантты депортациялады
Алматы полициясы 35 заңсыз мигрантты өз атамекеніне депортациялады. Қазақстанда көші-қон заңнамасын өрескел бұзған Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
«Аяқ киімде қалған қанды із». Үш адамның өмірін қиған қылмыс ашылды
2023 жылы желтоқсан айының соңында Петропавлда үш адамның өмірін жауыздықпен қиған қылмыс қоғамды дүр сілкіндірген еді. Күдіктілер бастыпқыда қылмысты мойындамағанмен, криминалист Сергей Матвеев қызметте қырағылық танытып қылмыстың ізін ашты, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Өскемен тұрғынынан 1 млн теңге бопсалаған азамат ұсталды
ШҚО полиция департаменті Өскемен қаласының тұрғынын қорқытып, жәбірленушіден 1 млн теңге алмақ болған ер азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды
Халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы қылмыскер Ресейде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанда eGov арқылы интернетке қосылу жүйесі пайда болды
Қазақстан азаматтары eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы үйдегі интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.