у
Бокс • 23 Ақпан, 2024
Белградтағы турнирге баратын боксшылар белгілі болды
Бокс федерациясы 12-18 наурыз аралығында Сербияның Белград қаласында өтетін халықаралық турнирге баратын қазақ боксшыларының есімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Ақпан, 2024
Балалар қауіпсіздігі туралы заңға толықтыру енгізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
8 жыл жалғасқан қылмыс. Мектеп бухгалтері сотталды
Ақтөбе қаласында бірнеше жылдан бері жеке есепшотына заңсыз аударым жасап, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген бас бухгалтер сотталды, деп жазады Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Елорда • 23 Ақпан, 2024
Астанада жаңа автобус бағдары іске қосылады
Осы айдың 24-інен бастап «Астанаинерт» – «№ 4 өрт сөндіру бөлімі» қатынасымен жаңа №42 бағыт іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2024
Бірыңғай уақыт белдеуі: Қазақстан халықаралық ұйымдарды хабардар етті
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
«Құны 10 миллион теңге». Полиция қызметкерлері үнді марихуанасын тәркіледі
Жамбыл облысында құны 10 млн теңгені құрайтын үнді марихуанасы тәркіленді. «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының 50 жасар тұрғыны есірткі заттарын сақтағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2024
Асыл тұқымды жылқылар иелеріне қайтарылды
Полицейлер 2,5 млн теңге тұратын асыл тұқымды жылқыларды іздеп тауып, иелеріне қайтарып берді. Арызданушылардың айтуынша, жылқылар түнде ат қорадан жоғалып кеткен. Іздеуге учаскелік инспекторлар мен криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылып, нәтижесінде жылқылар жарты күн ішінде табылған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
Алматыдағы балабақшада бала аяусыз соққыға жығылған (видео)
Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленуші соққыға жығылды. Бейнебақылау камерасына түсірілген кадрларға қарағанда, кішкентай бүлдіршінді өзі сияқты балалар төпелеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Ақпан, 2024
Аяздың беті қайта ма? Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты
«Қазгидромет» РМК 24-26 ақпан аралығында Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
3 облыс аумағында 3 жол бөлігі жабық
Бүгін сағат 09:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Ақпан, 2024
Шетелдік автокөлікті заңсыз тіркеумен айналысқандар анықталды
«Азаматтарға арналған үкіметтің» Көкшетау қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы маманымен астыртын келісу арқылы, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын пайдаланып, міндетті төлемдерді жасамай 68 шетелдік көлікті тіркегендер анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 23 Ақпан, 2024
Жылқы іздеп шыққан. Жоғалған төрт адам табылды
Ақтөбе облысының құтқарушылары мен еріктілері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамды тапты, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 23 Ақпан, 2024
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін республиканың басым бөлігінде аяз сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды – министрлік
Оқу-ағарту министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі арасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 22 Ақпан, 2024
Мәулен Әшімбаев: Бизнесті қолдау тетіктерін қайта реттеу қажет
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандық бизнесті қолдау тетіктерін қайта реттеу қажет екенін айтты. Ол өзінің дамуын тоқтатқан, тек мемлекеттік қолдаудың арқасында ғана күн көріп отырған компанияларды нарықтық экономиканы ілгерілетуге кедергі келтіріп отырған басты себептердің бірі ретінде атады. Бұл жөнінде Палата Спикері бүгін Сенат отырысында мәлімдеді. Аталған іс-шарада депутаттар бизнесті жүргізу және қолдау мәселелері жөніндегі заңды қараған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері 160 литрден астам қан тапсырды
Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің 350-ден астам әскери қызметшісі қан тапсырды. Ұландықтар мүмкіндігінше көмекке мұқтаж науқастардың өмірін сақтап қалу үшін донорлық қан банкін 162 литрге толтырды. Донорлық рәсімі Қаракемер кентіндегі қалалық қан тапсыру орталығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Тасымалдау кезіндегі су шығыны 25%-ға дейін азаяды - министр
Астанада су технологиялары мен ресурстары бойынша I халықаралық «Global water» форумы өтіп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев, Delivery Unit кеңсесінің су ресурстары блогының басшысы Арман Тұрлыбек, сондай-ақ бейінді мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Австрия, Израиль, Финляндия, Франция және басқа мемлекеттердің су саласының жетекші сарапшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Салтанат Нүкенованың өлімі: оқиға орнында түсірілген кадрлар жарияланды (видео)
Адвокат Назкен Құсайынова Қуандық Бишімбаев кісі өлтіру қылмысын мойындамай отырғанын мәлімдеген еді. Осы орайда Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амангелді «Бау» ресторанында болған оқиғаның мән-жайын еске алып, бейнебақылау камералары түсірген кадрларды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Ақпан, 2024
Астаналық полицейлер көліктегі заң бұзушылықты жаңа әдіспен анықтайды
Астана жолдарындағы жол-көлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында заң бұзушылықты анықтайтын жаңа әдіс пайдаланылады, деп жазады Egemen.kz қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 22 Ақпан, 2024
255 мың теңге көлеміндегі мобильді аударымдар тексеріле ме?
Елімізде мобильді аударымға қатысты салық салу шарты қайта қаралады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
«Қайғырып, жылап отыр»: Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотта қаралып жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындаудан бас тартты, ал оның адвокаты Назкен Құсайынова жазатайым оқиға болғанын алға тартып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 22 Ақпан, 2024
Ауылға арналған бағдарламаның нәтижесі көңіл көншітпейді – сенатор
БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай урбанизация 70%-ға жетуі мүмкін. Қазақстандағы қала халқының үлесі де өсіп келеді. Сенатор Жанболат Жөргенбаев өзінің депутаттық сауалында ауылда өмір сүруге арналған кешенді жағдай жасау қажеттігі туралы айтты, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 22 Ақпан, 2024
Құтқарушылар шетелдіктерге көмектесті
Қостанай құтқарушылары боранды күні автобус бұзылып, жолда қалған шетелдіктерді эвакуациялады, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2024
Жетісулық тұрғын 30 мыңдай голланд қызғалдағын өсірді
Жетісулық тұрғын Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 30 мыңға жуық голланд қызғалдағын баптап өсірді. Өнеркәсіп альпинизмі мамандығына машықтанған Сарқан ауданының тұрғыны Бауыржан Бөлегенов негізгі жұмысынан бос уақытын қызғалдақ өсіруге арнап, оған 6 миллион теңгеге жуық жеке қаражатын жұмсаған. Осы күні оның өз қолымен салған жылыжайында қызғалдақтың сан алуан түрі көз қуанта өсіп жатыр, жазады Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Елімізде еңбекке қабілетті азаматтардың 20%-ында проблемалық несие бар
Еңбекке қабілетті жастағы Қазақстан азаматтарының 20%-дан астамы несие төлеу мерзімін 90 күннен астам уақыт кешіктіріп отыр. Бұл «AMANAT» партиясы ұйымдастырған «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасы аясында жүргізілген зерттеуде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 22 Ақпан, 2024
Биыл қанша мектеп салынатыны айтылды
Оқу-ағарту министрлігі апатты, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Биыл 500 мыңнан астам орынға арналған 302 мектеп салу жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Ақпан, 2024
Мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау сыныптары ашылды
Биылғы оқу жылынан бастап Біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама өскелең ұрпаққа адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені күшейту мақсатында әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Ақпан, 2024
Мүмкіндігі шектеулі студенттерге мерзімі өткен азық-түлік берген колледж анықталды
Түркістан облысының прокуратурасы Кентау қаласында орналаcқан «Арнайы кәсіптік колледжде» оқитын 80 ерекше баланың құқықтары өрескел бұзылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Ақпан, 2024
Президент сауд халқына бақ-береке тіледі
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы Корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 22 Ақпан, 2024
«100 млн теңге ұрлаған»: Жетісу облысында коммуналдық мекеменің бұрынғы директоры сотталды
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.