у
Ән • 01 Қаңтар, 2026
«Қазақстан – Армения – Венгрия – Қытай – Малайзия – Түркия – Чехия – Германия – АҚШ – Мексика – Испания – Ұлыбритания – Латвия» – Димаш Құдайбергеннің «Жаһанкез» атты шығармашылық сапары 2022 жылы Алматы қаласында басталып, елдер мен құрлықтарды аралай келіп, 2025 жылы Ригада мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz dimashnews.com сайтының мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2026
Атырауда жаңа жыл түнінде 24 адам отбасы шырқын бұзған
Атырауда жаңа жыл түнінде полицияға 249 хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары барлық хабарлама бойынша оқиға орнына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
31 желтоқсан күні құтқарушылар 241 адамға көмек көрсеткен
Қазақстанда жаңа жыл түні төтенше жағдай қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеді. 31 желтоқсан күні құтқарушыларға 210 шақыру түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Қаңтар, 2026
Амстердамда 150 жылдық тарихы бар шіркеу отқа оранды
1 қаңтарда Нидерландының бас шаһары Амстердамда Вонделькерк шіркеуінде ірі өрт шықты. Өрт басталғаннан кейін ғимараттың жоғарғы бөліктері опырылып, қаланың бірнеше көшесіне қауіпті от жарқырауы тараған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қаңтар, 2026
Ақтау тұрғыны әлеуметтік желіде ет сататын жалған парақша ашып, пайда тапқан
27 қарашада Ақтау тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде «aktauetsupnaborzakaz» атты аккаунт арқылы ет өнімдерін арзан бағада сату туралы хабарландыру жариялаған. Бағасы тартымды болғандықтан, 10 желтоқсанға дейін тапсырыстар бірінен соң бірі келіп түсе бастаған. Осы уақыт ішінде ол болашақ жеткізілімдер үшін алдын ала төлем ретінде шамамен 400 мың теңге жинап үлгерген. Алайда оның алаяқтық әрекетін киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Қоғамдық көлікте шу шығарған ер адам қамауға алынды
Алматы облысында жүріп келе жатқан автобуста жас жолаушыға дөрекілік көрсетіп және провокациялық әрекет қылған адамның кім екені анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Жаңа жыл түнінде Таразда өрт болып, 100 адам эвакуацияланды
31 желтоқсанда сағат 22:18-де Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінің 5-ші қабатындағы балконнан өрт шыққан. Өрт қысқа уақыт ішінде бүкіл үйдің шатырына таралғанын Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Еліміздің 7 облысында автожолдар ашылды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 1 қаңтар сағат 08:00 бойынша жолдардағы жағдай туралы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Қар мен жаңбыр: 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, жаңа жылдың алғашқы күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен
Астанада түнімен жауған жаңбырдың соңы көктайғаққа ұласты. Соның салдарынан Жаңа жыл қарсаңында қоғамдық көліктер жылдамдығын бәсеңдетті. Қалада жол апаты да жиілеп, ауруханаға түсушілер қатары артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға жүгініп, әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады. Ол өткен жыл денсаулық сақтау жүйесі үшін нақты өзгерістер жылы болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 2026 жылғы қаңтарда Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Қаңтар жылы болады: синоптиктердің 2026 жылға болжамы
«Қазгидромет» 2026 жылдың қаңтар айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, алдағы қаңтар айы еліміздің басым бөлігінде климаттық нормаға қарағанда 1-2 градусқа жылырақ болады. Жауын-шашын мөлшері жалпы республика бойынша норма шамасында күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Әскери бөлімде Айқас есімді тазы ит қызмет етеді
Ақмолада 44813 бөлімінде әскери қызметшілермен бірге Айқас есімді тазы тұқымынан шыққан ит оқу-жауынгерлік міндеттерді атқарып жүр. Оны бөлімге командирдің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары майор Нұрлыбек Жаманғарин 2020 жылы Қызылорда облысына қарасты Арал қаласынан алып келген, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 31 Желтоқсан, 2025
Бауыржан Момышұлына арналған мемориалдық тақта ашылды
Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған мемориалдық тақта ашылды. Іс-шара Жамбыл облысы Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылында өтті. Салтанатты жиынға Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Елімізде 50 мыңға жуық жолаушы жаңа жылды пойызда қарсы алады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, жаңа жыл түні 50 мыңға жуық жолаушы тасымалданады. Мереке қарсаңында жүк қозғалысының 1 685 машинисі, жолаушылар пойыздарының 357 машинисі мен шаруашылық және маневрлік қозғалыстың 698 машинисі кезекшілікке түседі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
5 қаңтарда басталады: Министрлік «Халық бухгалтері» жобасының маңызын түсіндірді
Акция – кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыруды көздейді. 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 2026 жылғы 30 маусымда аяқталады. Акцияны Қаржы министрлігі іске қосады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік желіде ең белсенді спортшы кім?
Отандық Sports.kz интернет-порталы әлеуметтік желіде ең белсенді және көп оқырманы бар Қазақстандағы спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде 42 млрд теңгеге сусын зауыты салынады
Ақтөбе облысында ірі инвестициялық жоба іске асады. Өңірде алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа зауыттың құрылысы жоспарланып отыр. Үкімет инвестициялар туралы келісімнің жобасын мақұлдап, тиісті қаулыға Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Ұлттық зерттеу: Салауатты өмір салтын ұстанатындардың көрсеткіші 35,7%-ға өсті
Елімізде салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі жыл сайын біртіндеп өсіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген ұлттық зерттеу қоғамдағы денсаулық мәдениетінің нығайып келе жатқанын көрсетіп отыр. Дегенмен қауіп факторлары бойынша осал топтар әлі де бар.
Әлем • 31 Желтоқсан, 2025
Нидерландыда отшашуға тыйым салынады
Нидерландыда фейерверк пен петардаларды қарапайым азаматтардың пайдалануына тыйым салу мәселесі күн тәртібіне шықты. Бұл бастаманы елдің Нидерланды парламенті қарастырып отыр. Егер шешім қабылданса, биылғы Жаңа жыл түні тұрғындар оны соңғы рет өз бетімен атқан болады. Бұл туралы Bild жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
ҚазҰУ-да 5 жаңа жатақхананың құрылысы басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында студенттерге арналған 5000 орындық жаңа жатақханалар құрылысының капсуласын салу рәсімі өтті. Тоғыз қабатты 5 жаңа жатақхана ҚазҰУ қалашығы құрылысының II даму жоспары аясында бой көтереді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2025
Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Жиында қаладағы ауа сапасын жақсарту мәселесі талқыланды. Шаһар әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелер аясында Алматы мен оның жекелеген аумақтарына ақылы кіру тәртібін енгізу жоспарланбағанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2025
Бестеректегі төрт баланың өліміне себепкер болған жүргізуші 9 жылға сотталды
Абай облысында төрт баланың өмірін қиған қайғылы жол апатына кінәлі жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Сот 55 жастағы ер адамды 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2025
Балуандардың әлемдік рейтингі жаңартылды
Жаңа Жылқы жылы қарсаңында Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингі жаңартылды. Үздіктер тізімінен Қазақстанның бірнеше балуанының есімін кезіктіруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 31 Желтоқсан, 2025
Ақтөбе облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады
Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Ақтөбе облысында «Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу» туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 31 Желтоқсан, 2025
Айдын Рахымбаев «Астана» футбол клубының жаңа қожайыны ма?
«Астана» футбол клубына инвестор табылғаны белгілі болды. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық етеді: Президент үндеу жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұйымға төрағалық етуі басталуына орай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.