бас
Қоғам • 29 Қараша, 2022
Екібастұздағы ТЖ үшін кім жауапқа тартылады?
Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұзда орын алған төтенше жағдай үшін неге ешкім жазаланбағанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
Қыстың қамын жаз ойла: Екібастұз тұрғындары бұрын да дабыл қаққан
Павлодар облысының Екібастұз қаласында жергілікті ЖЭО істен шығып, қала тұрғындары 30 градус аязда жылусыз қалғаны белгілі. Бүгінде төтенше жағдай режимін енгізген жергілікті билік апат салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қараша, 2022
Екібастұз тұрғындары бір ай бойы интернетті тегін пайдаланады
Павлодар облысының тұрғындарына тегін ұялы байланыс ұсынылды. Енді 160 мыңнан астам абонент бір ай бойы тегін қоңыраулар мен тегін мобильді интернетпен пайдалана алады, деп хабарлайды Egemen.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Қараша, 2022
Екібастұздағы жылу желілеріндегі 15 ақау жойылды
28 қараша күнгі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша жылу құбырындағы судың атқылауын жою жұмыстары тағы екі магистральда жалғасуда деп хабарлады жедел штаб.
Кино • 28 Қараша, 2022
Шығармашылық жол «Бастаудан» басталады
Ертең 29 қарашада, Алматыда студенттік және дебюттік фильмдердің Х халықаралық «Бастау» кинофестивалі өз жұмысын бастайды. Фестиваль құрылған күнінен бастап жас кинематографистер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, олардың жұмысын қолдау және ілгерілетуді мақсат етіп келеді. «Бастау» алаңдарында әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас авторлар өз замандастарының жұмысымен танысады, танымал мэтрлердің фильмдерін тамашалайды және бірлескен жобалар жасайды. Биылғы оныншы рет өткелі отырған мерейтойлық фестивальдің жаңалығы туралы, қонақтар мен қатысушылардың қарымы жайлы сұрағымызға «Бастау» кинофестивалінің арт-директоры, продюсер Диана Әшімова жауап берген еді.
Аймақтар • 28 Қараша, 2022
Екібастұздағы апат: 129 үйге жылу берілді
149 көпқабатты тұрғын үйдің 129-ы бір түнде жылуға қосылды, сондай-ақ әзірге 15 әлеуметтік нысанның 10-ына жылу берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Екібастұз қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Қараша, 2022
Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды
Екібастұз қаласының жылу желілерінде болған апатқа байланысты жергілікті билік ТЖ режимін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2022
Екібастұздағы жылу желілерінің циркуляциясы бұзылған жоқ
Бұл туралы Екібастұздағы жағдай бойынша облыс әкімінің міндетін атқарушысының төрағалығымен өткен жедел штабтың отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Қараша, 2022
Энергетика министрлігі Екібастұздағы ЖЭО апатына қатысты пікір білдірді
Бүгін Екібастұз ЖЭО-да сағат 01.30-да жылу желілеріндегі зақымдануларға байланысты желілік судың қысымы төмендеді, нәтижесінде №11, 13, 14, 15 су жылыту қазандықтары тоқтатылды, сондай-ақ №8 энергетикалық қазандық қолмен тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2022
Екібастұздағы апат: Ақаудың нақты себебі анықталған жоқ
Сенбіден жексенбіге қараған түні Екібастұз қаласының жылу тораптарында үлкен апат болды. Шаһар ішіндегі жылу желілеріндегі зақымданудан ыстық су толассыз ысырап болып, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ындағы 4 бірдей қазандық тоқтап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2022
Екібастұз тұрғындары жылусыз қалды
Екібастұзда жылу электр орталығындағы қазандық агрегаттары жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 26 Қараша, 2022
Мемлекеттік органдардың басшылары әзірге өз міндеттерін атқара береді
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларының өкілеттігі тоқтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Қараша, 2022
Биыл 7 мыңнан астам азамат баспанаға ие болады
Осы жылдың 10 айында елімізде 11,7 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл туралы Парламент Сенатында өткізілген Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Қараша, 2022
Бас прокуратура жекешелендірілген энергетикалық нысандарды тексереді
Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қараша, 2022
Қазақстанда кәсіби патронаттық отбасы институты құрылады
Жаңа жоба жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйіне емес, бірден патронаттық отбасына беруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Кино • 23 Қараша, 2022
«Бастау» кинофестивалінде отандық туындылар ұсынылады
10-шы мерейтойлық «Бастау» халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі аясында көрсетілетін картиналар белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қараша, 2022
Әлихан Смайылов Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты
Бүгінгі Үкімет отырысының соңында Әлихан Смайылов қызметтік борышын атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада дүниеден өткен елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 21 Қараша, 2022
Қазақстан шахмат федерациясының жаңа басшысы тағайындалды
Гүлмира Дәулетова Қазақстан шахмат федерациясының жаңа атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайлау • 20 Қараша, 2022
Астаналық «Мерейлі отбасы» өз таңдауын жасады
Олар №395 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бүгін бұл учаскеге дауыс беруге келгендердің қарасы қалың. Олардың арасында елордалық көпбалалы ана, 2021 жылғы «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы, тележүргізуші Алма Сайлауқызы да бар. Үлгілі отбасы ел болашағы үшін таңдау жасауға бес баласын да ерте келген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2022
Елордада гендерлік саясат жөнінде конференция өтті
17-18 қарашада астанада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірлесіп, БҰҰ-Әйелдер құрылымының техникалық қолдау көрсетуімен «Қазақстан дамуының жаңа сатысындағы отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Қараша, 2022
Астанада жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылады
Елорданың Бас жоспарында қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын жайлы және денсаулығына пайдалы түрде өткізе алатын жаңа тартымды орындар туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 18 Қараша, 2022
Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев сайлау алдында қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Қараша, 2022
Астанада әлеуметтік нысандар салу үшін 420-дан астам учаске белгіленді
Астанада әлеуметтік нысандарды тұрғызу мақсатында 420-дан астам жер учаскесі белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қараша, 2022
Көпбалалы отбасыларға 284 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленген
Жыл басынан бері 496,6 мыңға жуық отбасы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін алды. Қазан айында ғана 494 мың отбасына 29,9 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қараша, 2022
Түркістан облысының тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді
Түркістан облысының полицейлері Subaru көлігін тоқтатып, жүргізушіден 20 келіден астам марихуана есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қараша, 2022
Отбасы банк салымшылары балалар депозиті бойынша өтемақы алады
Отбасы банкіндегі депозиттердің 10%-ы 18 жасқа толмаған салымшылардың атына ашылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қараша, 2022
Елбасы мәртебесін жою туралы заң жобасы әлі қабылданған жоқ
Үкімет отырысында Әділет министрі Қанат Мусин «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы» заң жобасына қатысты бірқатар түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлады Egemen.kz.
Кино • 14 Қараша, 2022
Алматыда «Бастау» кинофестивалі оныншы рет өтеді
Алматыда «Бастау» X Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді. Биылғы маусым 2022 жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсан аралығында ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Қараша, 2022
ШҚО білім басқармасының басшысы ауысты
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы болып Инесса Чернышева тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.