у
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Хакерлер әлемдегі ең ірі музыкалық платформалардың бірін бұзған
Хакерлер Spotify стримингтік сервисінің музыкалық каталогына қол жеткізген. Бұл әрекет музыканттардың табысына, авторлық құқыққа, цифрлық қауіпсіздікке тікелей әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 23 Желтоқсан, 2025
Елімізде кәсіпкерлерге арналған «Халық бухгалтері» акциясы басталады
Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге салық есебін жүргізуге көмектесетін «Халық бухгалтері» акциясын бастайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2025
Жаңа жыл қарсаңында магнит дауылы күшейеді
Жыл соңына қарай Жер шары Күн белсенділігінің жаңа толқынына тап болады. 22-24 желтоқсан аралығында Күн бетіндегі алып корональды саңылаудан шыққан қуатты плазма ағыны платанетамыздың магнитосферасын соққының астына алып, орташа және жоғары деңгейдегі магнит дауылдарын тудырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Желтоқсан, 2025
Екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Батыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Желтоқсан, 2025
Боран мен көктайғақ: Қазақстанның барлық өңіріне ескерту жарияланды
23 желтоқсанда еліміздің 17 облысында және Астана қаласында боран соғып, көктайғақ болады. Бұл туралы Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлады.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияның басқаруына берілмейді
Қызылорда әуежайы вьетнамдық Sovico Group компаниясының басқаруына берілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 22 Желтоқсан, 2025
Дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға, орта буын медицина қызметкерлері 7 пайызға азайды
Елде жүргізіліп жатқан жүйелі шаралардың нәтижесінде дәрігерлер тапшылығы өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға, ал орта буын медициналық қызметкерлер тапшылығы 7 пайызға азайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
«Беске дейін үлгер»: Қазақстанда ата-аналарды цифрлық қолдаудың тиімділігі бағаланды
Қазақстанда мектепке дейінгі жастағы балалар саласындағы зерттеу нәтижелері және 0–5 жас аралығындағы балалардың ата-аналарын қолдауға бағытталған «Беске дейін үлгер» жобасының тиімділігі ұсынылды.
Елорда • 22 Желтоқсан, 2025
Астанада екінші әуежай салына ма?
Елорда маңынан тағы бір халықаралық әуежай салынады деген ақпарат соңғы уақытта қоғам талқысына түсті. Әсіресе, жаңа әуе айлағы Қарағанды бағытында салынада деген сыбыс жұртты елең еткізді. Осыған байланысты Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 22 Желтоқсан, 2025
Еліміздің БАҚ өкілдері жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін үйренді
Еліміздің ақпарат айдынында үлкен технологиялық жаңғыру жүріп жатыр. Шымкент, Ақтау және Алматы қалаларын біріктірген екі айлық білім марафоны өз мәресіне жетті. 9 өңірден келген 50-ден астам БАҚ өкілі дәстүрлі қалам мен қағазды цифрлық алгоритмдер мен жасанды интеллектке алмастырудың қыр-сырын үйренді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Атырауда 400-ге жуық оқушы үйінен білім алады
Мұнайлы шаһардың білім ордаларында ерекше қажеттілігі бар оқушылардың алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2025
Төлем азайды, шығын көбейді: Сақтандыру компанияларының жағдайы қандай?
Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМС) жүйесіндегі теңгерімсіздік күн санап тереңдеп барады. Бір жағынан жол апаттарының еселеп артуы мен қызмет көрсету құнының қымбаттауы, екінші жағынан заңнамалық өзгерістер нарықты «тығырыққа» тіреуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025
Астанада «Алдаспан» шығармашылық кеші өтті
Елорда төрінде жыршы Күнсұлу Түрікпеннің «АЛДАСПАН» атты шығармашылық кеші өтті. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында қазақтың қасиетті қара домбырасының үні күмбірлеп, термелер мен толғаулар шырқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 22 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда сиыр етін экспорттауға шектеулер тағы жарты жылға ұзартылады
Қазақстан аумағынан сиыр етін әкетуге қатысты бұрын енгізілген шектеулердің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ірі қара мал етін (сиыр етін) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Желтоқсан, 2025
Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Аустрияда чемпион атанды
Жақында ғана Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен Станислав Черчесов футбол алаңына қайта оралып, жанкүйелерін таңғалдырды. Ол Аустрия Бундеслигасы ардагерлерінің турнирінде өнер көрсетіп, командасымен бірге алтын тұғырдан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» Чемпиондар лигасының шешуші кезеңі алдында жаңа қақпашы сатып алады
Алматылық «Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының плей-офф матчтары қарсаңында бразилиялық жаңа голкипермен толығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Мектеп оқушыларына 10 күндік демалыс беріледі
Екінші тоқсанның аяқталуына байланысты мектеп оқушылары 29 желтоқсан – 7 қаңтар аралығында қысқы каникулға жіберіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Шалғайдағы Ақбастыға су жетті: Сыр өңірі ауыз су мәселесін толық шешті
Қызылорда облысы барлық елді мекендерін 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етті. Бұл жетістік пен аймақтағы өзге де ауқымды инфрақұрылымдық жобалар туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Желтоқсан, 2025
Түркиялық депутаттар бюджетті талқылау кезінде төбелесіп қалды (видео)
Түркияда Ұлттық мәжіліс депутаттары 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджетті талқылауға арналған отырыста жанжалдасып қалды. Әуелгі ұрыс-керіс Республикалық халық партиясы төрағасының орынбасары Мұрат Эмир Бурса мен Әділет және даму партиясының депутаты Мұстафа Варанк арасында басталған, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Желтоқсан, 2025
Аяз, боран және көктайғақ: Қазақстанда күн күрт суытады
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деп күтіледі. Ал 25 желтоқсаннан бастап республиканың солтүстігі мен батысында -28 градусқа дейін күн суытады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары жаңажылдық кештерден жаппай бас тарта бастады
Мереке қарсаңында көптеген компаниялар корпоративтік іс-шараларға қатысты жоспарларын қайта қарап жатыр. Себебі биыл қызметкерлерге арналған кештің құны бір адамға шаққанда 50 мың теңгеге дейін қымбаттаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Ақтауда қауіпті дизель отыны сатылған
Маңғыстау облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің инспекторлары қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін дизель отынын сату фактісін анықтады. Зертхана сынақтары нәтижелері бойынша ДТ-Л-К4 маркалы дизель отыны Кеден одағының талабына сай емес екені белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Желтоқсан, 2025
Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбайға құнды сыйлықтар табыс етілді
Алматыда өткен бокс федерациясының жылдық қорытынды конференциясында 2025 жылды жеңіспен өрнектеген отандық былғары қолғап шеберлері марапатталды. Биыл шаршы алаңда айбыны асқан әлем чемпиондарына темір тұлпар мен қомақты ақшалай сертификаттар табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Дропперлік шоттардағы миллиардтаған теңге бұғатталды
Қазақстанда есірткі қылмыстарынан алынған кірістерді бұғаттауға арналған алгоритмді іске асыру басталды. Бұл туралы 2025 жылғы прокуратура органдарының жұмыс қорытындылары бойынша өткен алқа отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 22 Желтоқсан, 2025
Мемлекеттік басқару неге тиімсіз болып бара жатыр?
Экономист Руслан Сұлтанов елімізде мемлекеттік басқару ісі неліктен тиімсіз болып бара жатқанын атады. Оның пікірінше, бүгінде министрліктер өзінің құзіретінен тыс қызметтермен айналыса бастаған. Ол осы мазмұндағы пікірін ортаға салып, мәселені шешу үшін бірнеше ұсынысын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Жаңа жылдан бастап ел азаматтары жеке куәлікті тегін алады
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ел азаматтары жеке куәлік алғанда немесе ауыстырғанда төленетін баж салығынан босатылады. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен енді қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алып, ауыстырады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2025
ERG мен Жапония әріптестігі: Галлий өндірісіндегі Қазақстанның серпілісі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) жапондық жетекші компаниялармен бірқатар стратегиялық келісімге қол қойды. Бұл келісімдер Қазақстанның сирек және аса маңызды минералдар нарығындағы орнын нығайтып, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға серпін береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 21 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
22 желтоқсанға қарағанда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мамандары алдағы дүйсенбіде елдің басым бөлігінде күн райы бұзылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Желтоқсан, 2025
Қазақстан құрамасының экс-бапкері жаңа клубты басқарады
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев астаналық «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.