П
Президент • 23 Маусым, 2020
Коронавируспен күрескен азаматтарға ескерткіш қою керек - Тоқаев
Бұл туралы "BIZ BIRGEMIZ" онлайн форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп жазады Egemen.kz
Президент • 23 Маусым, 2020
Президент вирус жұқтырғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Біз Біргеміз" онлайн-форумына қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Алдағы жылыту маусымында көмір тапшылығы болмайды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалағымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысын баяндады, - деп жазады Egemen.kz
Спорт • 23 Маусым, 2020
Ең күрделі спорт түрлерінің тізімі жарияланды
АҚШ-тың ESPN телеарнасының сарапшылары ең күрделі спорт түрлерінің рейтингін жариялады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 23 Маусым, 2020
Песков Ресейдің территориялық талабы жоқ екендігін мәлімдеді
Ресейдің көршілеріне қояр территориялық талабы жоқ, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.Бұл туралы ақпаратты ТАСС-қа сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Бүгінде Жамбыл аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің жергілікті полиция инспекторы болып қызмет атқаратын полиция аға лейтенанты Ержан Сексенбаев ішкі істер саласында 2015 жылдан бері қызмет атқарып келеді, деп жазады Egemen.kz
Президент • 23 Маусым, 2020
Азаматтардың заңды талаптарының орындалуы Мемлекеттік қызметшілерге байланысты - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының заңды талаптарының орындалуы Мемлекеттік қызметшілерге байланысты екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 23 Маусым, 2020
Симптомсыз вирус тасымалдаушылар қалай бақыланады?
Симптомсыз вирус тасымалдаушыларға қалай бақылау жүргізілетіні туралы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Технология • 23 Маусым, 2020
Жапондық суперкомпьютер TOR-500 есебінде топ жарды
Жапондық Fugaku суперкомпьютері TOR-500 халықаралық сарапшылар тобының есебінде бірінші орынды алды. Бұл туралы Киодо агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экономика • 23 Маусым, 2020
Бизнесті дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленеді
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстандағы бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақмолада медицина қызметкерлеріне баспана салынады
Зеренді ауданының денсаулық сақтау саласының 36 қызметкерінің баспанасы жоқ. "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасымен келген 16 маман үй кезегінде тұр, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақмолада 161 білім ошағына жөндеу жүргізілуде
Жазғы маусымда бірқатар білім ошақтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дайындық тиянақтала түсуде. Жөндеу жұмыстарына "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Ауыл – ел бесігі" бағдарламалары аясында 10 млрд теңге қаражат бөлініп отыр, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Түркістанда соңғы бір айда 423 науқас өкпе қабынуынан емделіп шықты
Түркістан облысында "COVID-19" індетіне шалдыққандарды оқшаулауға арналған 270 орын бар болса, соның бүгінде 164-інде науқастар ем қабылдауда. Бұлардың дені коронавирус індетін жұқтырып немесе жұқтырғандармен тығыз қарым- қатынаста болғандар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2020
Таеквондодан Қазақстан чемпионаты кейінге шегерілді
Таеквондодан балалар арасындағы Қазақстан чемпионатының уақыты ауыстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2020
Сербиялық "Red Star"-дың бес футболшысы коронавирус жұқтырды
Сербиялық "Red Star" Белград командасының бес футболшысы коронавирус диагнозына оң нәтиже берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елбасы • 22 Маусым, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Өзбекстан Президенті Елбасына тезірек коронавирус сырқатынан сауығып, бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне оралуына тілектестік білдірді. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда 4 күнде 32 жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын аяқтады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Әлем • 22 Маусым, 2020
Сауд Арабиясы қалыпты режімге көшті
Сауд Арабиясы жалпыұлттық коменданттық сағатты алып тастады, бірақ басқа да шектеулер жалғасады деп мәлімдейді. Бұл туралы BBC News агентігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 22 Маусым, 2020
ҚазҰУ-дың бұрынғы ректоры қайтыс болды
ҚазҰУ-дың бұрынғы ректоры, ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Көпжаcар Нәрібаев көз жұмды. Бұл туралы профессор Дүкен Мәсімханұлы Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Берік Уәли коронавирустан айығып, ауруханадан шықты
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустан айығып, ауруханадан шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтандағы барлық балабақшалар жабылады
Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Видео • 22 Маусым, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15-21 маусым аралығындағы жұмысына бейне шолу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15-21 маусым аралығындағы апталық жұмысына бейне шолуды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Ұлттық Олимпиада комитеті Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 22 Маусым, 2020
Жаңа Зеландия круиздік кемелерге тыйым салу уақытын ұзартты
Өткен дүйсенбіде Жаңа Зеландия елге келетін круиздік кемелерге тыйым салуды ұзартатындығын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Шымкентте санитарлық нормаларды сақтамаған 7 кәсіпкерлік нысан уақытша жабылды
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Әбдіманап Төлебаевтың Қаулыларының орындалуы бойынша Әл-Фараби ауданынан құрылған мониторингтік топ аудандағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Елорда емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатады
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда үш азамат заңсыз аң аулаған
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз аң аулау фактісін анықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Коронавирус • 22 Маусым, 2020
Елімізде коронавирустан айыққандар саны 10 962-ге жетті
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 10962-ге жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Қарағандыда пульмопровизорлық госпиталь ашылады
Кеншілер астанасында, нақтырақ айтқанда Майқұдық елді мекенінде коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттерге арналған 250 төсек орны бар пульмопровизорлық госпиталь ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың онлайн режимінде өткен баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.