е
Инвестиция • 09 Желтоқсан, 2025
Үш жүзден астам шетелдік инвестор мен бизнес өкілдері жиналды
Алматы облысында халықаралық Alatau Investment Forum 2025 өтті. Форумға көрші мемлекеттерден 300-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысып, нәтижесінде жалпы құны 776 млрд теңгеден асатын 16 меморандумға қол қойылды. Бұл өңірдің Қазақстандағы жетекші инвестициялық орталықтардың бірі екенін тағы дәлелдеді, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 09 Желтоқсан, 2025
Түркістандағы 9 млрд теңгеге салынып бітпеген жағажайға тағы 5 млн доллар бөлінбек
Түркістан облысында бұдан бұрын 9 млрд теңге жұмсалған жағажайды абаттандыру жобасын аяқтау үшін тағы 5 млн доллар инвестиция тартылмақ. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 09 Желтоқсан, 2025
Марихуана жинаған тұрғын ұсталды
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Тасөткел ауылынан 8 шақырым қашықтықта Шу ауданының тұрғынын есірткі өсімдігін жинап жүрген жерінен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісі жөнделеді
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында теміржол саласында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті – Үкімет
2025 жылы көлік саласының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсуді көрсетеді. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
2027 жылы алғашқы пилотсыз жүк көліктері іске қосылмақ
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев елімізде пилотсыз көлік жобаларының іске асырылу жоспары туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2025
Депутат Еділ Жаңбыршин жиналыс үстінде ChatGPT-мен ақылдасып, әріптестерін таңғалдырды
Мәжілістегі қалдықтарды қайта өңдеу нормаларына қатысты талқылау кезінде депутат Еділ Жаңбыршин жасанды интеллекттен алынған деректерді дәлел ретінде ұсынып, министрлік өкілдерінің ұсынған тәсілін сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
«Қазақша жақсы баяндадыңыз, осылай үйрену керек»: Үкімет басшысы вице-министрді мақтады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкинді қазақ тілінде баяндама жасағаны үшін мақтап, оң бағасын берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 09 Желтоқсан, 2025
Алматы билігі делдалдардан құтылу үшін коммуналдық жәрмеңкелер өткізбек
Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды коммуналдық жәрмеңкелер құруды көздейтін кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында қызметінен кеткенін мәлімдеді. Қызметінен кету себебін айтқан жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
Қазақстан теннисшісі Сауд Арабиясында топ жарды
WTT Youth Contender үстел теннисі турнирі Сауд Арабиясындағы Даммам қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Акмальдың концерті өтпейтін болды: Халық билеттің ақшасын қайтара алмай жүр
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне 25 қазанда Қостанай қаласында өтуі тиіс болған әнші Акмальдың концертінің өтпей қалуына байланысты 100-ден астам өтініш түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Вице-министр: Әуе билеттерін толық қайтару – бағаны шарықтатады
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында әуе билеттерін толық қайтарған жағдайда, билет бағасы қымбаттап кетуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары зейнетақы қаржысын пластикалық операцияға ала бастады
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пластикалық операцияларға пайдалану жүйесінде бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2025
Ресейде бортында 7 адам болған әскери ұшақ құлады
Ресейдің Иваново облысында Ан-22 «Антей» әскери-көліктік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz SHOT басылымына сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Бас шаһардан Бурабайға шағын ұшақтар ұшуы мүмкін
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, бұған дейін Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың Астана-Бурабай әуе қатынасын ашу мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді. Әңгіме шағын әуе кемелері жөнінде болды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 09 Желтоқсан, 2025
IT FEST 2025: Алматыда стартаптар сайысы өтті
5-6 желтоқсанда «Атакент» іскерлік орталығында жастар арасында ең ірі digital-технологиялар мен креативті индустриялар фестивалі өтіп, ең үздік командалар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 09 Желтоқсан, 2025
Майк Тайсон Флойд Мейвезермен жұдырықтасады
Ауыр салмақ дәрежесінің даңқты өкілі Майк Тайсон ұзақ уақыт бойы талқыланған Флойд Мейвезермен жек-жекті келесі жылдың наурыз айында Африкада өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Курорттық жерден көлемді вейп тәркіленді
Ақмола облысына қарасты Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері электронды сигареттердің заңсыз айналымын анықтаған. Жедел шаралар нәтижесінде жергілікті тұрғыннан вейптердің ірі партиясы тәркіленді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 09 Желтоқсан, 2025
Жемқорлықтың алдын алуда тәлімгерлік институтының маңызы ерекше - Дархан Жазықбай
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлері кеңесінің конференциясы өтті. Оған сала ардагері, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғамдық бірлестіктер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов: Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Сейф ұрлығы: Алаяқ тосын тәсіл қолданған
Алматыда ер адам пәтер тонаған. Ол пәтердің ішінен ұрлап алған сейфті қаладағы қоғамдық троллейбуспен алып кетпек болған. Жедел іздестірілген ұры ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 09 Желтоқсан, 2025
Ерлан Қарин: «Адал азамат» бағдарламасы барлық білім беру мекемесін қамтуға тиіс
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
«Қарапайым халықты Қытайға қарсы қоюға болмайды»: Берік Уәли өңірдегі ахуалға қатысты пікір білдірді
Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесуде Аягөз ауданында жұмыс істеп жатқан шет елдік азаматтарға қатысты пікір білдірді. Олардың заң аясында еңбек етіп жүргенін, облыс экономикасына үлес қосып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Желтоқсан, 2025
Жапонияда 7,5 балдық жер сілкінісі болды
Дүйсенбі күні кешке Жапонияның солтүстік-шығыс бөлігінде болған 7,5 магнитудалы жойқын жер сілкінісінен кемінде 34 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Әскери оқытушы Қазақстанның үздік инженері атанды
Ұлттық инженерлік академия өткізген X мерейтойлық республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери радиотехника және электроника негіздері кафедрасы бастығының орынбасары подполковник Нұржан Зікірияев «Қазақстанның үздік инженері – 2025» атағына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
2026 жылы зейнетақы және жалақы мөлшері өзгере ме?
2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 4 325 теңге болып белгіленді. 2025 жылы 3 932 теңге болған. Осыған байланысты зейнетақы мөлшері де өзгереді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Премьер-министр: Әуе жүк тасымалы саласын цифрландыруды жеделдету қажет
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әуе жолдары арқылы тасымалданатын жүктерді халықаралық стандарттарға сай электронды құжат айналымына көшіруді жеделдету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Желтоқсан, 2025
Президент бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдегі Қазақстанның елшілерін тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.