Қаз
Қоғам • 20 Маусым, 2024
Елімізде электронды темекіге тыйым салынды
Бүгіннен бастап электронды темекі айналымына кешенді шектеулер енгізетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңартылған заң күшіне енді. Енді Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Маусым, 2024
Павлодарда монша қазандығы жарылды
Жарылыстан қазандық қабырғалары құлаған. Кірпіш қалдықтары монша маңындағы тұраққа қойылған бірнеше көлікті зақымдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 19 Маусым, 2024
Биыл 400 мыңға жуық бала мектепке дейінгі дайындықты аяқтайды
Биыл 396 093 бала мектепке дейінгі дайындық ұйымдарын бітіріп, мектепке аттанады, деп жазады Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 19 Маусым, 2024
Аптап ыстықтың беті қашан қайтады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Маусым, 2024
Қазақстанда несие алушылардың құқығын қорғауға бағытталған Заң күшіне енді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 19 Маусым, 2024
Президент энергетика саласын жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Маусым, 2024
Астанада есірткіге қарсы акция ұйымдастырылады
26 маусым - Халықаралық есірткі заттарын пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні. Осы күнге орай Астанада «Астана – есірткісіз қала!» ауқымды акциясы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Маусым, 2024
Қызылордалық шаруаларға 1,25 млрд текше метр су жіберілді
21 сәуірден бері Қызылорда облысының «Қазсушар» филиалы өңір диқандарына 1,25 млрд текше метр суармалы су жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Маусым, 2024
Ұлттық құндылықтарымызға нұқсан келтіретін әрекет заң аясында жазалануы тиіс - депутат
Самат Мұсабаев бастаған ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты Бас прокурор Берік Асылов пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа депутаттық сауал жолдап, әлеуметтік желілерде халқымыздың ұлттық мәдениетіне нұқсан келтіретін, қоғамда теріс ағымдарды насихаттайтын ақпарат көздерінен сақтайтын заң нормаларын әзірлеуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Маусым, 2024
Қазақстанда тәуелсіз кассациялық соттар құрылады
Мемлекет басшысы 2023 жылы 12 қыркүйекте отандық бизнес өкілдерімен кездесуде дербес кассациялық саты құру мәселесі бойынша заңгерлер және кәсіпкерлер қауымымен консультациялар өткізу қажеттілігін атап өтті. Осыған орай заң жобасы аясында ҚПК, АПК, ӘРПК дербес кассациялық соттарды құруға байланысты тиісті түзетулер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 19 Маусым, 2024
Жүзуден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу сынына қатысады
21-23 маусым күндері Италияның Рим қаласында жүзуден Париж Олимпиадасына іріктеу бәсекесі өтеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 18 Маусым, 2024
Үндістанда пойыз апатынан 9 адам қаза тапты
Үндістанда Канчанджанг экспресі жүк пойызымен соқтығысып қалды. Апат салдарынан 9 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Маусым, 2024
Қазақстанда 5G байланысын енгізу қашан аяқталады?
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізде байланыс сапасын одан әрі жақсарту туралы Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 18 Маусым, 2024
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 18 маусымда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр мен бұршақ жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 18 Маусым, 2024
18 маусымда кей өңірде дауыл тұрып, бірқатар аймақта найзағай ойнауы ықтимал
Бүгін кей өңірде дауыл тұрып, бірқатар аймақта найзағай ойнауы ықтималҚазгидрометтің болжамы бойынша бүгін еліміздің бірқатар аймағында найзағай ойнап, тіпті кей өңірде бұршақ күтіледі. Десе де республиканың басым бөлігінде күн райы ыстық болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Маусым, 2024
Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» синоптиктері 2024 жылдың 18 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Маусым, 2024
Еуропа кубогінде Қазақстан дзюдошысы топ жарды
15 маусымда Словенияда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі басталды. Жарыста Қазақстан дзюдошысы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2024
Қазақстанда 352 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Осы жылы 1 маусымда 66,5 мың отбасындағы 352,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,8 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 15 Маусым, 2024
41 градус ыстық: жексенбіде 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 16 маусымда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Маусым, 2024
Еліміздің жеті өңірінде құрғақшылық басталады
Қазгидромет қауіпті агрометеорологиялық құбылыс туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Маусым, 2024
Аптап ыстық: Синоптиктер алдағы үш күннің райына болжам жасады
Қазгидромет хабарлағандай, 15-16 маусымда елдің шығысында қатты жаңбыр жауады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Маусым, 2024
Жетісулық шаруаларға 150 млн текше метрге жуық су берілді
Жетісулық шаруаларға 148,3 млн текше метр су берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Саят Құдайбергенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 14 Маусым, 2024
Нұртөре Жүсіп Эстонияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Эстония Республикасының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Тоомас Тирспен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 14 Маусым, 2024
Қазақстанда фетальды хирургияның тұсауы кесілді
Қазақстан дәрігерлері алғаш рет балалардың мүгедек боп тууын азайту мақсатында құрсақішілік дамудағы ақауларын түзете бастады. Фетальды оталар әлі дүниеге келмеген нәрестенің денсаулығы мен өмірі туралы көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретін жағдайларда жасалады. Фетальды оталар балалардың мүгедек болып дүниеге келуін азайтуға септігін тигізеді.
Саясат • 14 Маусым, 2024
Қазақстан мен Ресей парламентшілері ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Астанада Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен ҚР Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық парламенттік комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 14 Маусым, 2024
Демалыс күндері 42 градусқа дейін аптап ыстық болады
Синоптиктер 15, 16 және 17 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 14 Маусым, 2024
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында су тасқыны болмаған өңірлерде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 14 Маусым, 2024
ҚазҰУ-да Орталық Азиядағы құқықтық форум басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Құқық – аймақтық экономикалық интеграцияның негізі ретінде» тақырыбында II Орталық Азия халықаралық құқықтық форумы өз жұмысын бастады.
«Таза Қазақстан» • 14 Маусым, 2024
Қостанайлықтар «Таза Қазақстан» акциясын белсенді қолдап жатыр
Ел Президенті бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» акциясын қостанайлықтар әлі де белсенді қолдап жатыр. Бүгін облыстың түкпір-түкпіріндегі тұрғындар сенбілікке бірыңғай еңбек қарқынымен шықты. Жүздеген қатысушылардың арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және қарапайым тұрғындар бар, деп хабарлайды Egemen.kz Қостанай облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Маусым, 2024
Қазақстанның сот жүйесіне өзгерістер енгізіледі
Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында депутаттар сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.