Ел
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Бокстан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирі Тайландта өтеді
Бұл туралы @sportqazaq телеграм парақшасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 12 Наурыз, 2024
Үкімет басшысы: Қалдықтарды қайта өңдеп, өнім шығаратындар аз
Қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз екенін, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту мәселесі толық шешімін таппағанын, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мәселелері уақтылы шешілмейтіндігін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2024
Табиғи болмысы мен кәсібі астасып, екеуі бір бума бұрымдай өріліп кеткен адамдар болады. Әрине, олай болуға ер жігітте мүмкіндік мол. Оған өз қалауын жасауға кедергі жоқ. Мұндай мағыналы жағдай нәзік жандар арасында тым сирек. Себебі шаңырақ шаруасы мен бала табу және оның тәрбиесі бар. Сол сиректің бірі – ҚазЖолҒЗИ ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әсел Нұғманова, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2024
«Бәленбай мың еуро берген»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың деректі жариялады
Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің заңды өкілі, журналист Қымбат Досжан желіде тағы жазба жариялап, тың дерегін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Наурыз, 2024
Елдің басым бөлігінде күн суып, екпінді жел соғады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Наурыз, 2024
Гүл дауына іліккен экс-полицей тағы да бұзақылық жасады
Біраз уақыт бұрын гүл дүкенінің сатушысына шабуыл жасап, гүлдерді алып кеткен экс-полицей тағы да бұзақылығымен көзге түсті. Ол бұл жолы масаң күйде әйелдің телефонын тартып алған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2024
Ақша бопсалаған: Танымал қоғам белсендісінің не себептен қамалғаны мәлім болды
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында тұратын, желіде танымал белсенді Сандуғаш Тұрлыбекованың ұсталуына қатысты полиция мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Наурыз, 2024
Екпінді жел, қар. 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер дүйсенбі, 11 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК ертең елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райы болжанғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Наурыз, 2024
«Тасбақа жеп, жан тапсырды»: Балалар қайтыс болып, ересектер уланды
Танзания елінің Занзибар аймағындағы Пемба аралында теңіз тасбақасының етін жеген 8 бала көз жұмып, 78 ересек адам уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Наурыз, 2024
Мерекеге орай жолаушылар пойызында гүлдер мен сыйлықтар таратылды
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық теміржол вокзалдарының перрондары мен пойыздарында жүзден астам әйел жолаушыларға гүлдер мен сыйлықтар табысталды. Өз кезегінде сыйлық алған әйелдер қауымы жолсеріктерге жылы лебіздерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Наурыз, 2024
Премьер-министр мереке иелерін құттықтады
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Наурыз, 2024
Әйелді құрметтей білген қоғамды өркениетті деп атауға болады - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысқан әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 07 Наурыз, 2024
Синоптиктер ескерту жасады: 8 наурызда ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 07 Наурыз, 2024
Елордалық еріктілер мереке иелеріне қызғалдақ сыйлап жүр
«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүл мен шоколадпен қуантып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Наурыз, 2024
«Ару Ана» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Ару Ана» республикалық үздік жобалар байқауының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 07 Наурыз, 2024
Астананың Тұран даңғылында қозғалыс қайта жанданды
Орынбор көшесі мен Тұран даңғылы қиылысатын аумақта магистральдық кәріз коллекторын салу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Ғылыми диссертацияларды бағалау шарттары өзгеруі мүмкін
Сенатор Қайрат Тастекеев өзінің депутаттық сауалын вице-премьер Тамара Дүйсеноваға жолдап, PhD диссертациясын қорғау барысында докторанттардың тап болатын мәселелері туралы айтты. Докторанттардың көбі халықаралық Scopus дерекқорында мақаласы жарияланған кезде қиындыққа тап болады. Бұл олардың диссертациясын қорғауды қиындатады. Соның кесірінен 2011 жылдан 2022 жылға дейін 10 276 докторанттың 4 497-сі ғана қорғай алған. Олардың көбі халықаралық ғылыми басылымдарда мақаласының болмауына байланысты қорғауға жете алмаған, докторанттардың 93,5%-ы мемлекет есебінен оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Сенаторлар трансферттік баға белгілеу мәселелері туралы заңды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады. Бұл заң Қазақстанның негізгі экспорттық позицияларының баға белгілеуіне бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Наурыз, 2024
Ұлттық статистика бюросы қызықты дерек ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2024
Қоқиқаздар Қаракөлге ұшып келді
Газеттің бүгінгі санында Бақытбек Қадырдың «Айдынға қоқиқаз қонды» деген мақаласы жарияланды. Мақалада биылғы көктемнің жеткенін қоқиқаздар сүйіншілеп, Маңғыстау жеріндегі Қаракөлге қонғаны жазылған.
Оқиға • 07 Наурыз, 2024
Қоғамдық резонанс: Қарағандыда таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге сұрап отыр
27 қаңтар күні жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың сот процесі басталды. Оқиғадан соң араға уақыт салып жәбірленуші күдіктіні кешіретінін айтқанмен, денсаулығына келген залал мен моральдық шығынды өтеу үшін айыпталушыдан 5 млн теңге талап етті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2024
Батыс Қазақстан облысының әкімі Финляндия елшісімен кездесті
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Финляндия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханистпен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2024
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың соты басталды
Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сотта алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 06 Наурыз, 2024
Қазақстан әскерінде 12 мыңнан астам әйел қызмет етеді
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов өмір жолын Қарулы күштердегі қызметпен байланыстырған қыз-келіншектермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Алғаш рет әйел ғалымдарға арналған марапат тағайындалды
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік іс-шара өтті. Алғаш рет Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел академигі Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Наурыз, 2024
«Күміс ханымдар»: Елорданың өнерлі әжелері сынға түсті
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Астана әкімдігіне қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Күміс ханымдар» атты әжелер байқауы өтті. Байқауға қатысқан әжелер таныстыру, өнер, сән көрсету және ас мәзірін дайындау сындарынан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 06 Наурыз, 2024
258 миллион теңге жымқырған депутат: Антикор істің мән-жайын тарқатты
Отандық БАҚ-та Солтүстік Қазақстан облысы мәслихат депутаты Павел Булаевтың сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған еді. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі деректі растап, іске қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2024
Facebook, Instagram, YouTube желілері істен шықты
Қазақстанда Facebook, Instagram әлеуметтік желілері мен YouTube-та ақау пайда болды. Желі қолданушылары аталған әлеуметтік желілердің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 05 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев Моңғолияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесті. Сұхбат барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Наурыз, 2024
8 наурыз қарсаңында гүл қымбаттай бастады
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай жүргізілген сауалнамаға қатысқан қазақ әйелдері ерлерден қандай сыйылық күтетіндерін айтты. Ең қызығы, гүлдер алғашқы үштікке де кірмей қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.