е
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
100 млн теңгеге бейнеролик түсіру: Түркістан облысының әкімі тексеріс жүргізуді тапсырды
Бейнероликте Қазақстан тарихын оның бастауынан қазіргі кезеңге дейін түрлі көркемдік формалар арқылы көрсету көзделген. Түркістан облысының әкімі аталған бейнероликті түсіруге бөлінген 100 млн теңгелік келісімшартты тексеруді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Қазір ақпарат айдыны өте жылдам дамып, мәліметтер мен құжаттар көз ілеспес қарқында таралады. Бұл жағдай ұйымдар мен қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дұрыс бағалау, алдын алу және комплаенс талаптарын сақтау жауапкершілігін жүктейді. Осы ретте Freedom Telecom Holding компаниясының комплаенс-офицері, заң ғылымдарының магистрі Ерасыл Жәрдемов «Қазақ газеттері» серіктестігінің ұйым қызметкерлеріне дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Желтоқсан, 2025
Кәсіпкерлер тауарлардың ұлттық каталогына қалай қосыла алады?
Тауарлардың ұлттық каталогын (ТҰК) 2026 жылдан бастап елімізде тауар айналымының барлық қатысушысы пайдалануға міндетті болады. Орталықтандырылған жүйеде кез келген өнімге әр тауардың «ЖСН-і» іспетті NTIN коды беріледі. Осы ретте ұлттық каталогта өз өнімдерін кәсіпкерлер қалай тіркейтіні туралы Қаржы министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Енді ел тұрғындары жеке деректерін өшіруді талап ете алады
3 желтоқанда Мәжіліс депутаттары цифрлық ортадағы қатынастарды реттейтін және жеке деректерді қорғауды күшейтетін Цифрлық кодекс жобасын екінші оқылымда қабылдады. Заң жобасында цифрлық ортада жеке тұлғаның, мемлекеттің қауіпсіздігін арттыру тетіктері қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Алғашқы әскери дайындықтың жаңа ережелері енгізілді
Елімізде тәртіптің мазмұнын айтарлықтай өзгертетін және Қарулы күштердің оқушыларды қызметке даярлауға қатысуын нығайтатын алғашқы әскери дайындықтың жаңартылған қағидалары бекітілді. Қорғаныс министрі бұйрыққа 4 қарашада қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бюджет • 04 Желтоқсан, 2025
«Отбасы банк» зейнетақы қаржысына көз емдеуге тыйым салды
Бүгіннен бастап біржолғы зейнетақы жарналары есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдер қабылданбайды. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 04 Желтоқсан, 2025
Допинг дауы: Бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков VADA-ның (Ерікті антидопинг қауымдастығы) Жәнібек Әлімханұлына жасаған допинг сынамасына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Желтоқсан, 2025
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 77 мектеп салынды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толығып жатыр. Қор қаражаты мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу мен жаңа білім беру ұйымдарын салуға жұмсалып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Желтоқсан, 2025
ОПЕК қоры Орталық Азияға 20 жылда 1,4 млрд доллардан астам инвестиция құйды
Қазақстан мен ОПЕК Халықаралық даму қоры арасындағы ынтымақтастық Орталық Азия елдеріндегі экономикалық жобаларды қаржыландыруда маңызды рөл атқарады. Соңғы 20 жылда қор өңірге 1,4 млрд доллардан астам инвестиция құйып, инфрақұрылым мен әлеуметтік жобаларды дамытуға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2025
Үкімет Жезқазғандағы су мәселесін шешуге қомақты қаржы бөлді
Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды аяқтауға жұмсалады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 04 Желтоқсан, 2025
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Алматы мен Астананың айырбастау пунктеріндегі доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп қойды
Ақтөбеде 11-сынып оқушысы анасын пышақтап өлтіріп, әжесін өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Желтоқсан, 2025
Тұман түсіп, көктайғақ болады: еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 4 желтоқсан күні елордада және Қазақстанның 14 өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, көктайғақ болады, қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Президент таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады
Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Жастар • 03 Желтоқсан, 2025
Студенттер кәсіпкерлікке бейімділіктерін байқатты
Талғар политехникалық колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен – кәсіпкермін» атты облыстық гранд-турнир өтті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2025
«Қазақтың шешендік өнері» кітабының тұсауы кесілді
Алматыдағы М.Әуезов атындағы кітапханада әдебиет зерттеуші, филология ғылымының кандидаты Мамай Қаниұлы Ахетовтің «Қазақтың шешендік өнері» атты үш томдық көлемді ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Ертең Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті ресми сапармен келеді
Ертең Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Ерлан Қарин: Парламенттік реформаға қатысты 350-ден астам ұсыныс келіп түсті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің хабарлауынша, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына азаматтардан, сарапшылардан және саяси партиялардан 350-ден астам ұсыныс түсті. Жұмыс тобы алдағы бір палаталы Парламентті қалыптастыру мәселелерін талқылауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 03 Желтоқсан, 2025
Дәрігер нұсқаулығы: Балаларды ЖРВИ мен тұмаудан қалай емдеу керек?
Биыл Астанада жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау маусымы әдеттегіден ерте басталды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастар саны қараша айының ортасына қарай көбейген. Ал, ауру қаупін қалай азайтуға болады? Бұл сұраққа дәрігер Раушан Тектібаева жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Елімізде электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді
Жаңа заңда жол қауіпсіздігін жақсартуға және электр самокаттарын жалға беру операторларының қызметін реттеуге бағытталған өзгерістер ұсынылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2025
Шымкенттік спортшы Байқұт Төлепберген Испанияның бас шаһары Мадридте джиу-джитсу турнирі алаңында 1-орын иеленді. Ол барлық белдесуде қарсылас шақ келтірмеген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады. Мемлекет басшысына еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Алматыда фельдшер жол апатынан қаза тапты
Алматыда 3 желтоқсанда шамамен сағат 00:40-та жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 23 жастағы фельдшер қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 03 Желтоқсан, 2025
«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Беларусияда жыл футболшысы атанды
«Қайрат» клубының және Беларусь ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко жыл үздігі болды. Ол Беларусияда жыл футболшысы атанып, «Жұлдызды доп» марапатын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 03 Желтоқсан, 2025
МӘМС басшысы қызметінен неліктен кетті?
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының басшысы Айдын Құлсейітовтің қызметінен кетуіне және елдегі сақтандыру жүйесінің жай-күйіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Бір реттік «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясы басталды
Елімізде Аграрлық несие корпорациясынан қарыз алып, төлей алмай жүрген заңды және жеке тұлғалар үшін бір реттік акция басталды. Оған сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар борышкерлер қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2025
Қонаевта жабайы сауда орнына сквер салынды
Қонаевтағы Абай көшесінде бірнеше жылдар бойы стихиялық сауда орны қалыптасқан. Қаланың келбетін жақсарту, тұрғын үй алаңын абаттандыру мақсатында мұнда сквер және воркаут алаңы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Президент Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат» және ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.