и
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға қанша теңге жәрдемақы берілді?
Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша 542,8 мың адамға және асыраушысынан айырылу тұрғысында шамамен 175,4 мың адамға жалпы 617 млрд теңгеден астам сома төленген. Оның ішінде 543,1 млрд теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (МӘЖ) берілсе, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 74,6 млрд теңге берілген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қараша, 2025
Алматы облысында болған жол апатынан алты адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы Алматы–Бішкек тас жолының 65-шақырымында болған. Салдарынан бес адам жарақат алып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Қараша, 2025
Тұман, көктайғақ: 25 қарашаға күн райы болжамы жарияланды
Қазгидромет 25 қарашада ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Қараша, 2025
Ғалымдар болжамы: Каспий теңізі екі көлге бөлінуі мүмкін
Каспий теңізінде жүріп жатқан геологиялық өзгерістер аймақтың болашағына елеулі ықпал етуі ықтимал. Азербайжан Ұлттық ғылым академиясының География институты мамандарының дерегінше, теңіз деңгейінің төмендеуі уақытша құбылыс емес, терең тектоникалық процестермен байланысты тұрақты үрдіс. Бұл туралы Minval Politika хабарлайды.
Аймақтар • 24 Қараша, 2025
Каспий теңізінің жағалауында жаңа өрт сөндіру-құтқару бөлімі ашылды
Ақтауда әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды. Салтанатты іс-шараға ТЖ министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай және азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 24 Қараша, 2025
Қостанай қаласында 37 мектеп қашықтан оқуға көшті
Қостанай қаласында оқушылар 25 қарашадан бастап осы аптаның аяғына дейін қашықтан оқиды. Білім ордаларында ЖРВИ мен тұмаудың өршіп кетуіне байланысты осындай шешім қабылданып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қараша, 2025
Алматы облысында мәдениеті дәріптеген бес күндік форум өтті
Қараша айының 17-сі мен 21-і күндері аралығында Ұйғыр ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған бес күндік ауқымды форумдар сериясы өтті. Іс-шаралар мәдениет, білім, спорт, кәсіпкерлік және қоғамдық даму салаларын қамтыды, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 24 Қараша, 2025
Бизнесті қорғауға ерекше басымдық беріледі
Қызылорда облысында жыл басынан бері прокуратураның қадағалау актілерімен 3 187 кәсіпкердің құқығы қорғалып, олардың пайдасына 1,9 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген. Тәртіптік жауаптылыққа тартылған 45 адамның 15-і – облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2025
Президент зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Мәдениет • 24 Қараша, 2025
Silk Way Star: Қазақстан Еуразияның жаңа медиабрендін қалыптастырып келеді
Президент телерадиокешені Қытайдың CMG медиакорпорациясымен бірлесіп жасаған халықаралық вокалдық байқау Silk Way Star бүгінде еліміздің ең танымал экспортталатын медиаөнімдерінің біріне айналып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 24 Қараша, 2025
Қоймаға 40 млн тонна мал азығы жиналды
Елімізде мал азығын дайындау науқаны аяқталды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, өңірлер 25 млн тонна шөп (жоспардың 103,1%), 1,9 млн тонна сенаж (113,3%), 5,4 млн тонна құрамажем (98,4%), 2,1 млн тонна силос (107,3%), 4,9 млн тонна сабан (106,6%) жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2025
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкекке барады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
«Таланттар фабрикасы» саналатын Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа футбол академиясының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысып, бұл жобаның өңір спорты үшін маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Қараша, 2025
Шадияр Пернеш еркін күрестен Сурдлимпиада чемпионы атанды
Токиода өтіп жатқан XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындар аясында еркін күрестен сайыстар өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бір «алтын», бір «күміс» және үш «қола» медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентін әуежайдан қарсы алды
Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 24 Қараша, 2025
Астана іргесіндегі Қоянды ауылына газ берілді
Ауылға газ беру рәсіміне облыс әкімі Марат Ахметжанов, «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директоры Бауыржан Асқаров және қояндылықтар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 24 Қараша, 2025
Әйгілі Стэнфорд университетіне оқуға түсу – әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жастың асқақ арманы. Бірақ сол арманына жетіп қана қоймай, ғылыми жұмыстарына елеулі көлемде қаржылай қолдау алу – үлкен жетістік. Шымкент тумасы Әсел Ибадулла осындай биік белесті бағындырып, жастарға жаңа өріс ашты. Ол – аты аңызға айналған Стэнфорд университетінің докторантурасына қабылданған тұңғыш қазақ қызы.
Аймақтар • 24 Қараша, 2025
Танымал шетелдік фотограф Маңғыстаудағы туристік нысандарды әлемге танытты
Әлеуметтік желіде миллион жазылушысы бар шетелдік танымал фотограф Макс Райв Қарынжарық ойпаты мен Боқты тауын суретке түсіріп, жеке парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Қараша, 2025
Президент тапсырмасы: Үкімет азаматтық авиацияны халықаралық стандарттарға сай дамытуды көздеп отыр
Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қараша, 2025
Президент Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 24 Қараша, 2025
Мәйіттік донор: Марқұмдардың ағзасы 6 адамға өмір сыйлады
Өткен аптада қайтыс болған екі қазақстандықтың туыстары мәйіттік донорлыққа келісім беріп, Астана мен Алматыда күрделі трансплантациялық ота жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2025
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Талдықорғанда Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде еліміздегі заманауи Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды. Зертханада теория тәжірибемен ұштастырылып, идеялар іске асырылып, өнеркәсіп пен IT саласына қажетті жобалар әзірленеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Қараша, 2025
Қазақстандағы мектептердің білім беру сапасы тексеріледі
2025 жылғы 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында ЭЫДҰ-ның мектептерге арналған халықаралық PISA зерттеуі жүргізіледі. Оған еліміз бойынша 1 мың білім беру ұйымдары мен 15 жасқа толған 40 мыңнан астам қазақстандық оқушы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Әлеуметтік сауалнама: Жастардың 70 пайыздан астамы цифрлық технологияларды белсенді қолданады
Осы және басқа да деректер – Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚЗСИ) тапсырысымен жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама нәтижелеріне негізделген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Қараша, 2025
Геннадий Головкин жаңа қызметінде істі неден бастайтынын айтты
Күні кеше Геннадий Головкин Римде өткен Конгресте Халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Хоккей • 24 Қараша, 2025
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
Қазақстандық хоккейшілер Бейжіңде өткен Азия чемпионатында өздерінің чемпиондық атағын қорғап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Автолизинг бағдарламасы көпшіліктің сұранысын өтей ала ма?
Қазақстанда желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға арналған жаңа автолизинг бағдарламасы іске қосылады, деп хабарарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қараша, 2025
Silk Way Star: Қазақстанда өткен музыкалық жобаның жеңімпазы кім болды?
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде халықаралық Silk Way Star вокалдық конкурсы гранд-финалының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қараша, 2025
Тоқаев Головкинді World Boxing федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.