м
Әлем • 26 Мамыр, 2021
Үндістан Қазақстан жіберген гуманитарлық көмекті жоғары бағалады
Үндістан осы елде жақында коронавирустың өршуіне қарсы тұру үшін достас Қазақстан жіберген гуманитарлық көмекті жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 26 Мамыр, 2021
Байден мен Путин 16 маусымда кездесетін болды
АҚШ пен Ресей президенттері Джо Байден мен Владимир Путин 16 маусымда Женевада жүздеседі. Президент Байден мемлекет басшысы қызметіне кіріскелі бері алғаш рет Путинмен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 26 Мамыр, 2021
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Айжан Болатқызы Шайназарова ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қоғам • 26 Мамыр, 2021
Алматыда ыстық су уақытша тоқтатылады
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бірқатар ғимаратқа ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
Қос азаматтығы бар ресейлікке айыппұл салынды
Семей көші-қон қызметінің өкілдері қос азаматтығы бар 64 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2021
Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?
Онлайн брифингіде Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев өңірдегі көпқабатты үйлердің терезелерінен жас балалардың құлап кетуіне және олардың ауыр жарақат алуына немесе тіпті өліміне әкеп соққан оқиғалардың негізгі себебі ата-аналардың немқұрайдылығы және жас балаларды қараусыз қалдыруынан келеңсіз жайттарға тап болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 26 Мамыр, 2021
Зілтемірші Ақмолда Сайрамкез әлем чемпионатында күміс медаль иеленді
Ташкенттегі ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржыны кезекті медальмен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Мамыр, 2021
Шахмат: Мектеп оқушылары 20 млн теңге ұтып алды
Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы «Шымкент жастар лигасы» бәсекесінде шахматтан жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 26 Мамыр, 2021
«Бейбітшілік пен келісім жолы»: Елордада халықаралық фотокөрме ашылды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы алаңында әлемдегі ең көп таралған дін – христиан дініне арналған «Бейбітшілік пен келісім жолы» халықаралық фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2021
Мүгедектігі бар балаларға берілетін жәрдемақы көбейеді
7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2021
Мүмкіндігі шектеулі балаға күтім жасау мерзімі ұзартылады
Заңға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімділігі арттыруға бағытталған қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2021
Алматы зообағына кіру билеті қымбаттайды
Алматы зообағына ересектер үшін кіру билеті 100 теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
Полицияға пара бермек болған жүргізушінің басы дауға қалды
Павлодарда полиция қызметкеріне пара бермек болған тұрғын сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 26 Мамыр, 2021
Бағаға наразы болған ер адам жанармай құю бекетінің шатырына шығып алды
Алматыда ер адам жанармай құю бекетінің төбесіне шығып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
Таразда өкпесі 88 пайыз зақымданған әйел дені сау ұл босанды
Таразда өкпесі 88 пайыз зақымданған әйел дені сау ұл баланы өмірге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2021
Алматыда Розыбақиев көшесі жабылады
Алматыда жылу жүйелерін жөндеуге байланысты Розыбақиев көшесіндегі жол қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 26 Мамыр, 2021
Жазда коронавирус жұқтырғандар қайта көбеюі мүмкін – ДСМ
Маусым-қыркүйек арасында COVID-19 жұқтырушылар саны 95 мыңға жетуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаз айларында жағдайдың қаншалықты ушығуы мүмкін екенін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
Алматы облысында жол бойында тұрған автокөлік жанып кетті
Өрт 25 мамырда сағат 17:20-да Алатау ауданында Райымбек даңғылы бойында, 550/12 үйдің жанында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
2810 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 2810 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Ерлан Тұрғымбаев Қостанайға жұмыс сапарымен барды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қостанайға жұмыс сапары барысында жергілікті полицияның жұмысымен танысып, құқық қорғау саласының техникалық мүмкіндіктерін тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
«Worldskills Atyrau-2021» чемпионаты басталды
Атырау қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Worldskills Atyrau-2021» чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 25 Мамыр, 2021
Мемлекет басшысы: Электр энергетикасын дамыту жөніндегі Ұлттық жоба әзірленеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Тағы бір мектеп түлегі суға батып кетті
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Қаратөбе ауданында болған. Сағат 17:55-те 102 телефонына ауылдардың бірінде мектепті биыл бітірген 2003 жылғы түлектің суға кеткені жөнінде хабар келген, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 25 Мамыр, 2021
Қ.Тоқаев Қостанай облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Мамыр, 2021
Білім министрі ауыл мектебінің соңғы қоңырау салтанатына қатысты
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Целиноград ауданының Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің соңғы қоңырау салтанатты жиынына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Мамыр, 2021
Президент Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Алматыда есірткі жеткізумен айналысқан азамат ұсталды
Жедел мәліметтер бойынша, 30 жастағы Қостанай облысының тумасы бірнеше ай бойы психотроптық және есірткі заттарды тарату бойынша есірткі курьері болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Мамыр, 2021
Қазақстанның ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алу көлеміндегі үлесі артты
Қазақстандық делегация Ресей мен шет елдердің машина жасау кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Ұшақ ішінде шу шығарған мас жолаушыға айыппұл салынды
Көлік полицейлері «Нұр-Сұлтан-Тараз» бағытындағы әуе рейсінен мас жолаушыны түсіріп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Шымкентте демеушінің көмегімен екі спорт алаңшасы ашылды
Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Шымкент қаласында екі спорт алаңшасы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.