Нұрғиса Тілендиев
Мәдениет • 02 Сәуір, 2025
Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойына арналған іс-шаралар басталды
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Халық қаһарманы, көрнекті композитор, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Әлқисса-Нұрғиса» атты мерейтойлық концерттің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 02 Сәуір, 2025
Қазақтың кең байтақ даласын әуезді ән, күмбірлі күймен тербеген әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы, ұлы музыкант Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толған мерейтойлық шара Алматы облысының Жамбыл ауданында бастау алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Түркияда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы тойланды
Анкарада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ТҮРКСОЙ ұйымы аясындағы еске алу жылының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұлға • 22 Ақпан, 2025
Қазақ даласын күйімен тербеген
Биыл – Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанын 100 жыл. Осыған орай Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қалалық мәдениет үйінде өнер тарланының ғасыртойына арналған салтанатты іс-шара бастау алды.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Өмірде талай тағылымды, таңданатын оқиғалар болып жатады. Әсіресе ұлы адамдар, таланттар тіршілігінде. 2024 жылы 20 наурызда «Egemen Qazaqstan» газетінде Абзал Мақаштың «Тілендиевтің тұяғы» атты ақпараты жарық көріп, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінде күйші, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің ұлы Алмас-Әлкенмен кездесу өткені хабарланды. Шараны үйлестірген – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Кенжеғали Мыржықбай. Осы тәлімді мәліметтен кейін жадымда Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, марқұм күйші-композитор Орынбай Дүйсен жеткізген «Нұрғиса Тілендиевтің өз аузынан Серік Малаевқа «Кереку жақта Алмас деген ұлым бар» депті» деген дерек жаңғырды.
Өнер • 22 Маусым, 2024
Асырап алдық: Нұрғиса Тілендиевтің жұбайы алғаш рет отбасылық құпиясын ашты
Аты аңызға айналған күйші, дирижер, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің өнері дүйім жұртқа мәлім, ал өмір жолында түрлі сынақты бастан өткерген. Ұлы музыканттың отбасындағы ешкімге айтылмаған сыры мен ұзақ жылдар бойы жасырған құпиясын жұбайы Дарияға Тілендікеліні алғаш рет ақтарды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет • 15 Наурыз, 2024
«Ұлылардың ұрпағы»: ЕҰУ-да Нұрғиса Тілендиевтің ұлымен кездесу өтті
Кеше ЕҰУ-да композитор, КСРО халық артисі Нұрғиса Тілендиевтің ұлы Алмас Тілендиевпен кездесу ұйымдастырылды. Жиында композитордың көзін көрген, дәмдес болған азаматтар Нұрғиса Тілендиев туралы естеліктерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қараша, 2023
Бердібек Соқпақбаев пен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді
2024 жылы халықаралық деңгейде жазушы Бердібек Соқпақбаевтың, 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қараша, 2022
Шымкенттегі саз мектебі Нұрғиса Тілендиев есімімен аталады
Бұл туралы Ашық НҚА сайтында Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Шымкент қаласындағы №3 балалар эстетикалық саз мектебіне күйші композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің есімі беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 17 Қазан, 2021
Камералық зал композитордың есімін иеленді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қасиетті өнер шаңырағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филарманиясының басшылығы жағымды жаңалық сүйіншіледі.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2021
Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туған күні
Бүгін - композитор, дирижер, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Тілендиев Нұрғиса Атабайұлының туған күні.
Руханият • 25 Тамыз, 2020
Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған эстафета басталды
Ruh.kz порталы қазақтың әйгілі күйшісі, КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтың 95 жылдығына арналған күйлерін орындау эстафетасын бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтына сілтеме жасап.
Руханият • 05 Шілде, 2020
Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисса" күйіне бейнебаян түсірілді
Жетісулық жастар Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисса" күйіне бейнебаян түсірді. Ұлттық домбыра күніне орай көпшілікке жол тартқан бейнеролик Жетісудың көркем табиғаты мен домбыра өнерін ұштастыра отырып, жастардың бойына отаншыл рухты дарыту мақсатында дайындалған, - деп хабарлайды Egemen.kz