Сенатор
Президент • 23 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы АҚШ сенаторын қабылдады
Президент АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және Үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады. Мемлекет басшысы сенаторға ілтипат білдіре отырып, оның сапары екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасуға жақсы мүмкіндік екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 02 Тамыз, 2023
Сенат депутаты Атырау облысындағы ауыл тұрғындарымен кездесті
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Лұқпанов Атырау облысында болып, аудандық мәслихат депутаттарымен, кәсіпкерлермен, Көктоғай, Есбол, Жарсуат, Ақ Жайық, Еңбекшіл және Махамбет елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 25 Шілде, 2023
Сенатор Бибігүл Жексенбай Астанадағы №8 қалалық емханада болды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай елордадағы №8 қалалық емхананың ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 24 Шілде, 2023
Сенаторлар Ордабасы ауданының жұртшылығымен кездесті
Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы бірқатар елді мекендерде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Шілде, 2023
Сенаторлар ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады
Парламент Сенатының депутаттары Жанна Асанова мен Нұрия Ниязова ҚР ҰҚК Шекара академиясының басшылығымен кездесті. Онда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Шілде, 2023
Сенатор: Төтенше жағдай туындағанда халық та, табиғат та аман болуы керек
Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов Қарағанды облысында болып, жергілікті тұрғындармен, мәслихат депутаттарымен және сайлаушылармен кездесті. Жүздесу барысында сенаторға орман алқаптарында, елді мекендерде және облыстың далалық аймақтарында өртке қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндалды. Сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдерінің жаңа пункттері мен олардың жабдықталу деңгейі таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 20 Маусым, 2023
Сенаторлар сұйытылған газ айналымын реттеу мәселесін талқылады
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 15 Маусым, 2023
Сенаторлар республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді қарады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады. Сондай-ақ «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша Парламент Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына сенаторларды сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Маусым, 2023
Сенаторлар бұқаралық спортты дамыту мәселесін талқылады
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ спорт ұйымдарының өкілдерімен және сарапшылармен кездесті. Кездесуде бұқаралық спорт саласының жай-күйі, проблемалары, келешегі және оны құқықтық реттеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Маусым, 2023
Марқұм Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа сенатор сайланды
Қазақстанда Парламент Сенатының жаңа мүшесі сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz ОСК-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Мамыр, 2023
Сенаторлар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Ғалиасқар Сарыбаев, Алишер Сатвалдиев және Амангелді Толамисов Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды. Сенаторлар саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған ескерткіш қабырғаға гүл шоғын қойып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 30 Мамыр, 2023
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров БҰҰ БЖКБ Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша бюросының директоры Индрика Ратваттемен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 02 Мамыр, 2023
Алдағы Сенат отырыстарының күн тәртібі белгіленді
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар 4 және 11 мамыр күндері өтетін Сенат отырыстарының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Мамыр, 2023
Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды
Астанада сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Патриот басылымының telegram арнасына сілтеме жасап.
Сенат • 29 Сәуір, 2023
Сенат депутаттары Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Жетісу облысында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 17 Сәуір, 2023
Сенаторлар палата отырысының күн тәртібін бекітті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 20 сәуірде өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 17 Наурыз, 2023
Сенаторлар ТүркПА миссиясының байқаушыларымен кездесті
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы миссиясының байқаушыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 16 Наурыз, 2023
Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жыл ішінде 15% өсті
Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов мемлекеттік қарыз мөлшерінің өсіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2023
Сенаторлар ГФР Бундестагының депутаттарымен кездесті
ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров ГФР Бундестагының депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Ақпан, 2023
Сенаторлар Әлеуметтік кодекс жобасын талқылады
Парламент Сенатының депутаттары еліміздің Әлеуметтік кодексінің жобасына қатысты маңызды мәселелерді уәкілетті мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ мүдделі өкілдерімен және жұртшылықпен бірлесе отырып талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2023
Сенатор Гүлмира Кәрімованың неден қайтыс болғаны белгілі болды
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 28 Қаңтар, 2023
Сенаторлар Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жұмысына қатысты
Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Бауыржан Қаниев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясылық жұмысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2023
Сенаторлар есту қабілеті нашар адамдарды қолдау мәселелерін талқылады
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Ақмарал Әлназарова мен Ләззат Қалтаева есту қабілеті нашар адамдарды қолдау мәселелері бойынша маманданған мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 25 Қаңтар, 2023
Жаңа сенаторларға төсбелгілер мен куәліктер табысталды
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Президент тағайындаған сенаторларға Парламент Сенаты депутаттарының төсбелгілері мен куәліктері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Қаңтар, 2023
Сенатор ауыл тұрғындарының табысын арттыру туралы айтты
Сенатор Абдалы Нұралиев еліміздің Премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалында ауыл тұрғындарының табысын арттыру жолдарын ұсынды. Дәлірек айтсақ, депутат «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» пилоттық жобасының нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Қаңтар, 2023
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құрметті сенатор» мәртебесі жойылды
Парламенттің жоғарғы палатасының регламентінен «Құрметті сенатор» атағы алынып тасталды. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2023
Сенаторлар қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Қайрат Қожамжаров «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» және «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» отандық қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Сенаторлар Тараз қаласындағы ЖЭО мәселелерін талқылады
Парламент Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Абдалы Нұралиев Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2022
Сенатор қант диабетімен күресу жөніндегі ұлттық бағдарлама әзірлеуді ұсынды
Соңғы 10 жылда елімізде қант диабетімен ауыратындар деңгейі 61%-ға өсті. 2030 жылға қарай науқастардың саны 800 мыңнан асуы мүмкін. Сенатор Рысқали Әбдікеров еліміздің Премьер-министрінің атына жасаған депутаттық сауалында осындай деректерді алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Желтоқсан, 2022
Арнайы экономикалық аймақтардағы отырыстар қорытындыланды
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары өңірлерге шығу қорытындысы бойынша «Арнайы экономикалық аймақтардың нақты жай-күйі және жұмыс істеуінің алдағы перспективалары» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.