ет
Қоғам • 24 Маусым, 2020
Қазақстанда жұмыс істегісі келетін шетелдіктер анықтаманы онлайн ала алады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктіліктің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" қызметін онлайн режимге ауыстырды. Енді оны egov.kz порталында алуға болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 24 Маусым, 2020
Илон Маск интернетінің бағасы мен жылдамдығы қандай?
2015 жылы Илон Маск басқаратын SpaceX компаниясы Starlink жобасын іске қосты. Жоба бойынша жер ғаламшарының кез келген түкпірінен интернетке қосылу үшін ғарышқа 12 мың спутник ұшырылмақ. Бүгінге дейін 500 спутник ұшырылған, сондықтан таяуда кейбір адамдар жаңа спутниктік интернетті пайдалануға мүмкіндік алады. Ол үшін өтінім қалдыру керек...
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Бейнеуге 18 полиция қызметкері көмекке келді
Аудан әкімі Бейнеубек Әбілов ТЖ мен карантин кезінде атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілді
Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина бүгіннен бастап Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілгенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Маусым, 2020
Мемлекеттік органдардың сайттары бір платформаға топтастырылды
17 министрлік, 48 Комитет және 10 жергілікті атқарушы орган интернет-ресурстардың бірыңғай платформасына көшті. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Дәрі-дәрмек жетіспеушілігіне қандай шаралар қабылдануда?
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің болуын үнемі қадағалап отырады. Елордада коронавирус инфекциясы жағдайларының көбеюіне байланысты вирустық инфекциялық аурулардың алдын-алу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
"Жетібай - Жаңаөзен" жолын жаңарту жұмыстары маусымның соңында аяқталады
Маңғыстау облысында автомобиль жолдары саласындағы ірі республикалық "Жетібай - Жаңаөзен" жобасын іске асыру шаралары аяқталуға жақын, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда жаман індетті жұқтырғандар көбеюде
Ресей Федерациясымен екі арадағы шекара ашылғанға дейін Солтүстік Қазақстандағы індетке шалдыққандар саны елуге де жетпей, республикадағы ең төменгі орында болған еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақтоты Райымқұлова мəдениет саласы қызметкерлерін марапаттады
Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мəдениет саласы қызметкерлерін бейнеконференция арқылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 маусымдағы № 353 жарлығына сәйкес əлемдік коронавирус пандемиясы кезінде азаматтарды көтермелеу мақсатында тағайындалған "Халық алғысы" медалімен марапаттады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Қарағандыда 172 мемлекеттік қызметші медальмен марапатталды
Кеншілер астанасында "Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ел Президентінің атынан қарағандылық бір топ қызметкерді "Халық алғысы" медалімен марапаттады, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
COVID-19: Алматыда ӨЖЖ аппараттары жеткілікті ме?
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифингте эпидемиологиялық жағдайға байланысты ӨЖЖ аппараттарының жүктелуі мен қажеттілігіне талдау жүргізілгені туралы хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Алматылық жедел штаб тұрғындарды арандатушы сөздерге ермеуге шақырды
Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі комиссия коронавирус инфекциясын анықтауға арналған тест тапсыру барысында реагенттерден ауру жұғу қаупі жоқ деп ресми түрде хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Трамп Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған жеделхатында мемлекетті саяси жаңғырту бастамасындағы ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Індеттің асқынуына байланысты сақтық шаралары күшейтіледі
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қаламыздағы инфекциялық аурулардың таралуы жөнінде БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді, - деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Қазақстан мұнай өндіруді қысқарта береді
Үкімет "Экспорттық көлемдерге пропорционалды орта, ірі және алып кен орындары үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы" Қаулы қабылдады, - деп хабарлайды primeminister.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2020
Қазақстанның ең үздік мемлекеттік қызметкерлері анықталды
Қазақстанда жылдың үздік мемлекеттік қызметкерлері анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Алдағы жылыту маусымында көмір тапшылығы болмайды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалағымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысын баяндады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Бүгінде Жамбыл аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің жергілікті полиция инспекторы болып қызмет атқаратын полиция аға лейтенанты Ержан Сексенбаев ішкі істер саласында 2015 жылдан бері қызмет атқарып келеді, деп жазады Egemen.kz
Президент • 23 Маусым, 2020
Азаматтардың заңды талаптарының орындалуы Мемлекеттік қызметшілерге байланысты - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының заңды талаптарының орындалуы Мемлекеттік қызметшілерге байланысты екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 23 Маусым, 2020
Симптомсыз вирус тасымалдаушылар қалай бақыланады?
Симптомсыз вирус тасымалдаушыларға қалай бақылау жүргізілетіні туралы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Сағынтаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады
23 маусымда мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында мемлекеттің қызметші жұмысының негізгі қағидаларын атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақмолада медицина қызметкерлеріне баспана салынады
Зеренді ауданының денсаулық сақтау саласының 36 қызметкерінің баспанасы жоқ. "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасымен келген 16 маман үй кезегінде тұр, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырушылар көбеюде
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, №2 облыстық ауруханада 200-ге жуық науқас емделіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминнің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Ұлттық Олимпиада комитеті Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 22 Маусым, 2020
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Руслан Кенжебекұлы Әбдіқалықов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады primeminister.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Түркістанда халықаралық туризм университеті ашылды
Түркістан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылды. Бұл оқу ордасы Елбасының бастамасы негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Атырауда 500-ден астам алаяқтық қылмыс тіркелген
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтық қылмыстардың 300-ге жуығы интернет арқылы жасалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Маусым, 2020
Асқар Мамин Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді
Премьер-Министр Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.