жемшөп
Шаруашылық • 19 Қараша, 2024
Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институты құрылды
15 қарашада Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы аясында Мемлекет басшысы Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды. Мекеме «Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» құрамында, деп хабарлайды Egemen.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 04 Шілде, 2024
Үкіметте жемшөп өндірісін дамыту мәселесі талқыланды
Биыл жемшөп дақылдарына арналған егіс алқабы 3,4 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 314 мың гектарға артық. Десе де өңірлерде жемшөп сапасын жақсарту және егіншілік деңгейін арттыру бойынша жұмыстар уақыт күттірмейді. Аталған мәселелер Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 18 Тамыз, 2021
Премьер-Министр өңірлерге жем-шөп жеткізу жағдайын бақылауға алуды тапсырды
Үкіметтің кезекті отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге еліміздің батысы мен оңтүстігіндегі өңірлерді жем-шөп мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2021
Шалғайдан келіп шөп шабысқан шарапатшыл ағайынға зор алғыс
Биыл індеттің қырсығымен қабаттасып, даламызды қуаңшылық жайлап, ел әжептәуір әбігер болды. Осындай қиын шақта төрт түлігіне жемшөп таппай тарыққан жұртқа еліміздің тұс-тұсынан көмек қолын созған ағайынның ауызбірлігі бәрімізді сүйсінтті. Игі іс жалғасын тауып, өзге өңірлерден Павлодар облысына келген еріктілер мал азығын әзірлеуге атсалысып жатыр. Қазіргі кезде олар біздің өңірдегі Успен ауданында 3 мың гектар жердің шөбін шабуда.
Ауыл • 28 Шілде, 2021
Мал-жанның тағдыры бұйрықпен шешілмейді...
Маусым айының орта шенінен бастап, Қазақстанның батыс аймақтары қуаңшылық қыспағында қалып қойғаны, малдың-өлім жітімі туралы ақпараттар тек әлеуметтік желілерде ғана емес, ресми басылымдарда да ашық айтыла бастады. Қуаңшылықтан қанша мал басының өлгені туралы ресми ақпарат пен әлеуметтік желілерде айтылған деректер арасында қарама-қайшылық көп. Ресми ақпарат күні бүгінге дейін 2 мыңдай малдың аштан өлгенін айтса, әлеуметтік желілер одан да көп дейді.
Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Алматы облысында шөп жинау науқаны өтуде
Алматы облысындағы шөп шабу науқанына 1670 адам тартылып, 295 шөп шабатын бригада, 1576 шөп шабатын машина мен 1401 пішен нығыздап жинайтын техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Шілде, 2021
Ауылдың әңгімесі бүгінде негізінен шөп, малдың азығы жөнінде болып тұр. Шілденің шіліңгірінде шалғы ұстап, шөп шауып жүргендер көп. Өзен мен көл, арықтардың жағасындағы қамыс та, шөл даладағы жантақ та, ылғал және жылу сүйетін жоңышқаңыз да биыл қат болғандықтан қадірі артып тұр. Нығыздалған шөптің бір бумасын 1500 теңгеден саудалап жатқандар да аз емес. Маңғыстаудағы малды ауылдардың аянышты күйін естіп, түркістандықтардың намысын қайрай, қамыс оруға шыққан шымкенттік жігіт Құрмет Талапқазыны қолдаушылар қатары да бүгінде көбейген.
Аймақтар • 12 Шілде, 2021
Ақмола облысындағы жем-шөп тапшылығының мәселесі талқыланды
Ақмола облысында жем-шөп тапшылығының алдын алуға байланысты төтенше шаралар қолға алынды. Бұл туралы аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2021
Ақтөбедегі Жылқышылар қауымдастығы мал азығын тегін таратпақ
Ақтөбелік шаруалар бірігіп, қуаңшылыққа тап болған маңғыстаулықтарға мал азығын тегін тарататын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.