іс
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
Қорғаныс министрі өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті
Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Парламент • 15 Маусым, 2020
Н.Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына видеоконференция режимінде қатысты, - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Түркістан облысы тұрғынының ауласынан бес түп қарасора табылды
Түркістан облысының полицейлері Түлкібас ауданында қарасора егістігін жойды, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Сенімхатты рәсімдеуге көмектескен ер адам жесірді алдап кетті
Түркістан облысында полицейлер сақтандыру төлемдерімен алаяқтық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Әлем • 15 Маусым, 2020
Үндістанда тағы 11,5 мың адам індет жұқтырды
Үндістанда бір тәулікте 11,5 мың адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Маусым, 2020
Түркияның шығысында жер сілкінді
Түркияның шығысындағы Бингёль провинциясында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Түркістан облысында 120-дан астам армениялық көлік тіркелді
Түркістан облысына Армениядан 531 көлік әкелінген. Оның 330-ы жаңадан шыққан қаулыға сәйкес тіркеуге жатады. Бүгінде облыс бойынша 120-дан астам көлік тіркеліп, сары нөмір алған, 10 күн ішінде 300-ге жуық тұрғынға кеңес беріліпті, - деп жазады Egemen.kz
Парламент • 12 Маусым, 2020
Мәжіліс депутаттары коронавирусқа тест тапсырды
Мәжіліс коронавирустық инфекцияның таралмауы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Алайда, коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған тест Мәжіліс депутаттарының бірінде оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 12 Маусым, 2020
Орталық Азия елдері қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы (ОАПДӨО) ұйымдастырған Орталық Азия және Ауғанстан сыртқы істер министрлерінің орынбасарларының онлайн-кездесуіне қатысты. Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Буриан және ЕҚЫҰ жанжалдарды алдын алу орталығының директоры Туула Юрьола қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Келестік кәсіпкер қызанақтың қырық түрлі сортын өсіреді
Қызанақ десе ойыңызға алдымен қызыл түсті жемістің түсері анық. Ал Келес ауданында өсіріліп келе жатқан қызанақтың 40 түрінің 17-інің түсі басқалау екен. Біртілек ауылдық округінде 2011 жылдан бері жылыжай кешенімен айналысып келе жатқан "Нұржан" шаруа қожалығында қызанақтың "черри" сортынан 10 түрі, үлкен қызыл қызанақтың - 23, қызғылт сортынан 7 түрі бар, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Алматы облысында қызметші үй иелерін тонап кетті
Полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде “үй ұрысын” анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Түркістанда жалғызбасты әке баспаналы болып, жұмыспен қамтылды
Түркістан облысы Келес ауданының Бозай ауылдық округінің тұрғыны Андрей Грибанов 3 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Жары ерте қайтыс болып, бүгінде 2 қызы мен ұлына әрі әке, әрі ана атанып отыр, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Мақтааралда мамандар тұрғындарға құрылыс талаптарын түсіндірді
Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен Nur Otan партиясының Мақтаарал аудандық филиалы Фирдоуси елді мекенінде құрылыс мамандарын шақыртып, мастер-класс ұйымдастырды. Ондағы мақсат – тұрғындарға құрылыс талаптарын үйретіп, баспаналардың сапалы әрі талапқа сай бой көтеруіне ықпал ету.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Түркістанда "Болашақ" түлектері балаларға смартфон тарту етті
"Bolashaq Ońtústik" Корпоративтік Қорының өкілдері президенттік стипендия түлектері атынан Мақтаарал ауданы Қоңырат ауылы "Еркежан" жазғы сауықтыру балалар лагеріне жазғы демалысқа жіберілген жартылай және тұл жетім 55 балаға смартфондар және кітаптар, самокаттар мен роликтер табыс етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Түркістанда үйіргелік жерді тиімді пайдалану тәсілдері талқыланды
Түлкібас ауданында пилоттық жоба ретінде тамшылатып суғару әдісін 150 шаруа қолға алған. Енді бұл тәсілді үйіргелік жерлерге ендіру жоспарланып отыр, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Садақа жәшігін ұрлап кеткендер ұсталды
Түркістан облысының полицейлері садақа жәшіктеріне ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 10 Маусым, 2020
Республикалық бюджетке 900 млрд теңгеден аса кіріс түскен
Кірістер бойынша жоспар трансферттерді есепке алмағанда 100,6% орындалды, бюджетке 7,1 трлн теңге түсті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Маусым, 2020
ҚазҰУ әлемнің ең үздік 200 университетінің қатарына енді
Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады. ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 10 Маусым, 2020
Мәжілісте республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде есеп қаралып жатыр
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Түркістанда бес айда 372 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделді
Түркістан облысында «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде 5 айда 372 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Түркістанда 2 430 отбасы баспаналы болады
Биыл Түркістанда "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд теңге бөлінген.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Түркістанда жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсететін әуежай салынып жатыр
Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен әуежай бой көтеруде. YDA Group түрік компаниясы салып жатқан Түркістан халықаралық әуежайы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда құрылыс алаңында инвестордың 102 арнайы техникасы мен 300-ден аса құрылысшысы еңбек етуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2020
Төтенше жағдай кезінде 400 блок-бекет жұмыс істеген
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде төтенше жағдай кезінде блок-бекеттерде жұмыс істеген полиция қызметкерлері жайында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Түркістанда кәсіпкер әйел 6 адамды жұмыспен қамтып отыр
Түркістан облысы Ордабасы ауданында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берілуде. Бұл орайда аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іс бастауға ниеттілерге бағыт-бағдар беруде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 09 Маусым, 2020
Пышан Жәлмендеұлының тасбиығы табылды
Зобалаң жылдарында жазықсыз атылып кеткен қазақ зиялысының бірі Жетісуда өмір сүрген Пышан Жәлмендеұлы. Заманында ақындық өнері мен азаматтық ұстанымы Алатаудың қос қапталына әйгілі болған Пышан серіні Совет үкіметі 1921 жылы оққа байлаған, - деп хабарлады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Түркістан облысында карантин ұзартылды
Түркістан облысының аумағында карантин және шектеу іс-шаралары коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары қолға алынып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 09 Маусым, 2020
Өткен 5 айда мемлекеттік бюджетке қанша кіріс түсті?
Ағымдағы жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Түркістан тұрғыны ауласында көкнәр өсірген
Түркістан облысының полицейлері 4,7 мыңнан астам түп көкнәр тәркіледі, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Кентауда бірқатар инвестициялық жобалар іске қосылады
Кентау қаласы Қотыр бұлақ елді мекенінде салынып жатқан күн сәулесінен қуат алатын электростанция құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. "Hevel Kazahstan" ЖСШ жүзеге асырып жатқан жобаның құны –15,9 млрд теңге. Сондай-ақ, Кентауда полиэтиленді құбыр, радиатор шығару цехтары және "Темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты" биыл іске қосылады, - деп хабарлады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Түркістан облысының полицейлері 205 келіден астам көкнәр тәркіледі
Келес аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні құрықтады.