Парламент • 10 Маусым, 2020

Республикалық бюджетке 900 млрд теңгеден аса кіріс түскен

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кірістер бойынша жоспар трансферттерді есепке алмағанда 100,6% орындалды, бюджетке 7,1 трлн теңге түсті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық бюджетке 900 млрд теңгеден аса кіріс түскен

Жалпы отырыстың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралып жатыр.

"Кірістер бойынша жоспар трансферттерді есепке алмағанда 100,6%-ке орындалды, бюджетке 7,1 трлн теңге түсті. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық түрдегі шот-фактураларды міндетті түрде жазып беру іште өндірілетін тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша түсімдердің 1,5 есеге өсуін қамтамасыз етті. Өз кезегінде корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 17%-ға өсті. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша жүргізілген жұмыс қашықтықтан бақылаудың тиімділігін 36%-ке және салықтық тексерулердің тиімділігін 70%-ке арттыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте салықтық тексерулер саны 30%-ке төмендеді", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекарада елге тауарлар әкелу мониторингі күшейді. Қытай Халық Республикасымен екі жақты статистика бойынша алшақтық 53%-дан 48%-ға дейін төмендеді. Жалпы алғанда әкімшілендіру шараларын күшейту есебінен 900 млрд теңгеден аса түсімдер қамтамасыз етілді.