Қонаев
Аймақтар • 19 Ақпан, 2026
Қонаевта кәріз-тазарту жүйесінің құрылысына қанша қаржы жұмсалады?
Облыс орталығы Қонаев қаласында бірнеше жылдан бері шешімін таппаған күрделі мәселеге нүкте қойылар уақыт таяу. Жүз пайыз тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесінен қолқаны қабатын жағымсыз иіс шығатыны туралы тұрғындар тарапынан жиі шағым түсетін, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2026
Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті
Желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы Қонаев қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылданды. Бұған дейін нысан «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның теңгерімінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2026
Қонаевта алдағы күндері жел қайта күшеюі мүмкін
Қонаев қаласында коммуналдық және жедел қызмет мамандары жойқын желдің салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қалпына келтіру шаралары толықтай қала әкімдігінің есебінен жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
Қонаевта қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкетті
Өткен түні Қонаев қаласында жылдамдығы секундына 27 метр боран соғып, тұрғын үйлердің шатыры ұшып, инженерлік желілер зақымданған. Осыған байланысты қалада штаб құрылып, коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысқан, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2026
Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
Инвесторлық жобаны жүзеге асыруға «Жаңа Іле» аумағынан 100 га жер бөлінген. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Құрылыс биыл басталады деп жоспарланған. Бұл туралы қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2026
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Ақылы жолда жүру ақысын төлеу тәртібі биылғы 30 қаңтарда өзгерді. Бұрын Алматы облысының Іле ауданы аумағындағы балама жолы жоқ елді мекен тұрғындары (Заречное ауылы мен Байсерке саяжай секторы) бұл жол бөлігімен тегін жүретін. Енді жеңілдікпен жүру құқығы Жетіген ауылының негізінде жаңадан құрылған Алатау-сити тұрғындарына беріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Қонаевта жол жағдайы жақсарды ма?
Қонаев қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Атқарылған істердің нәтижесінде бүгінде қаладағы қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 90%-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева дүниеден озды
Қазақ КСР Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева 91 жасында дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 12 Қаңтар, 2026
Қонаев қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 12 Қаңтар, 2026
Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін Алматыда Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, дипломат, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай, еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Өндіріс • 06 Қаңтар, 2026
Қонаевта ашылған зауыт 200 адамды жұмыспен қамтыды
Қонаев қаласына іссапармен Сенат депутаттары Жанболат Жөргенбаев, Закиржан Кузиев және Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжан, Ардақ Назаров келді. Олар былтыр ғана ашылған «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС-нің жұмысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2026
Қонаевта сүт-тауарлы ферма салынады
Шеңгелді ауылдық округінің аумағында 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы бой көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Биыл Қонаев спортшылары түрлі жарыстардан 111 алтын иеленді
Қонаев қаласында үздік спортшыларды марапаттау үшін арнайы салтанатты кеш ұйымдастырылып, онда түрлі белестерді бағындырып, тұғырдан көрінген спортшыларды қала әкімі Асхат Бердіханов марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Қонаев қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды
Қонаев қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2025
Қонаевта жабайы сауда орнына сквер салынды
Қонаевтағы Абай көшесінде бірнеше жылдар бойы стихиялық сауда орны қалыптасқан. Қаланың келбетін жақсарту, тұрғын үй алаңын абаттандыру мақсатында мұнда сквер және воркаут алаңы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қазан, 2025
Трофи-рейдтен Қонаевта ел чемпионаты өтті
2025 жылғы спорттық күнтізбеге сай бес кезеңнен тұратын трофи-рейдтен Қазақстан чемпионаты Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында ұйымдастырылып, ақтық кезең Қапшағай жағалауында өтіп, маусым жеңімпаздарын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қазан, 2025
Инфрақұрылым • 27 Қыркүйек, 2025
Қонаевта жаңа сквер қолданысқа берілді
Қонаев қаласының 55 жылдығына орай айтулы шаралар жібін үзбей жалғасын табуда. Соның бірі әрі бірегейі қалалықтар мен қонақтардың көңілін өсіріп, тынысын кеңейтетін сән-салтанаты келісті жаңа сквер қолданысқа берілді, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 12 Қыркүйек, 2025
Қонаевта 2,2 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды
Алматы облысы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова Қонаев қаласында орналасқан «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС нысандарына баспасөз турын өткізді. Іс-шараға журналистер, депутаттар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Тамыз, 2025
Қонаевта чемпиондар мен жастар бір алаңда жаттықты
Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ұйымдастырған «Чемпиондық Рух» жобасы аясында ашық спорттық жаттығу өтті. Жаттығуға 150-ге жуық жас пен Олимпиада және әлем чемпиондары қатысты. Шараның мақсаты – жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және чемпиондардың тәжірибесін жас буынмен бөлісу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 14 Шілде, 2025
Жасы 18-ге толған әр азаматтың әскерге барып, Отанға адал қызмет етуі – азаматтық парызы. Бұл орайда, Қонаев қаласының жастары аса белсенділік танытып келеді. Жуырда қалада өткен «Aspan Fest» ашық аспан астындағы концерт барысында Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков ҚР ҚК-де мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарған қала жастарына шаһар басшысының Алғыс хаттарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Қонаевта 6 шақырымнан астам жағажай абаттандырылады
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 6 шақырымнан астам жағажай абаттандырылатыны туралы қала әкімі Асхат Бердіханов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 14 Маусым, 2025
Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті
Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл тек мереке емес, өңір денсаулығын дамытудағы нақты нәтижелердің көрінісі болып табылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 10 Маусым, 2025
«Таза аула» конкурсының жеңімпаздары анықталды
Қонаев қаласында жаз бойы әр апта сайын «Aspan fest» ән фестивалі ұйымдастырылады. Жақында фестивальдің алғашқы концерті өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2025
Қонаев қаласы қарқынды дамып келеді
Кеше Қонаев қаласының Алматы облысының әкімшілік орталығы мәртебесін алғанына үш жыл толды. 2022 жылы 8-маусымда бұрынғы Қапшагай қаласы облыс орталығы болып жарияланған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Қонаевта халық саны азайғаны рас па?
Күні кеше түрлі БАҚ-тарда, әлеуметтік желілерде Қонаев қаласының тұрғындарының саны соңғы бір жылда 8,2%-ға азайып, 65900-ге түсіп кеткені жайында ақпарат тарады. Data Hub тілшілері бұл құбылыстың нақты себебін түсіндіре алмаған.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Қонаев қаласында бірлік күніне орай ауқымды іс-шаралар өтті
Қазақстан халқының бірлігі күніне және «Таза Қазақстан» мемлекеттік акциясы аясында Шеңгелді ауылында 10 мың ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2025
Қонаевтағы атыс: алты адамға сот үкімі шықты
2025 жылдың 25 сәуірінде Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі соты алдын ала сөз байласу арқылы қасақана кісі өлтіргені үшін алты сотталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2025
Қонаевта күрделі жөндеуден кейін кітапхана пайдалануға берілді
Заманауи талапқа сай жөндеуден өткен кітапхана «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында оқырман игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Ақпан, 2025
Астанадағы Қонаев көшесінің бір бөлігі жабылады
Елорда әкімдігі жөндеу жұмыстарына байланысты Қонаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.