ұбт
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады
Қазақстанның ҰБТ сертификаты Малайзияның Жоғары білім министрлігі тарапынан ресми түрде танылып, ел университеттерінің бакалавриат бағдарламаларына қабылдау кезінде ұсынылатын құжаттар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Депутат ҰБТ-дан жоғары балл алғандарға берілетін сыйлықтарға қатысты пікір білдірді
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларға білім беру орталықтары тарапынан автокөлік, пәтер және өзге де қымбат сыйлықтар беріліп жатыр. Аталған жайтқа қатысты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
Түркістанда ҰБТ-дан екі оқушы ең жоғары 140 балл жинады
Шымкенттік Айсұлтан Жаңбырбай мен Түркістан қаласының тумасы Жасұр Нышанбаев мүмкін болған 140 балдың барлығын жинап, ең үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 19 Мамыр, 2026
ҰБТ жүйесі қашан және қалай өзгереді?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын. Министрдің айтуынша талапкерлердің тек пәндік білімін ғана емес, сыни ойлау, коммуникация және цифрлық сауаттылық секілді дағдыларын бағалайтын жаңа формат енгізілуі мүмкін. Осыған орай Egemen.kz тілшісі аталған министрлікке «ҰБТ жүйесіне өзгерістер қашаннан бастап енгізіледі, тест құрылымы сақтала ма әлде түбегейлі жаңара ма?» деген сауал жолдаған болатын.
Қоғам • 16 Мамыр, 2026
Көлік, пәтер немесе 50 млн теңге: Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады
Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің түлегі Нұрғанат Қанат Ұлттық бірыңғай тестілеуде мүмкін болған 140 баллдың барлығын жинап, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Мамыр, 2026
ҰБТ-2026: Грант алу мүмкіндігі жоғары 10 бағыт
Бірыңғай ұлттық тестілеу тапсырғаннан кейін мектеп бітірушілер үшін мамандық пен жоғары оқу орнын таңдау кезеңі басталады. Осыған байланысты талапкерлер арасында қай бағыттар бойынша мемлекеттік білім беру грантын алу мүмкіндігі жоғары екені өзекті мәселе болып отыр. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025-2026 оқу жылында Қазақстанда 73,5 мың студент мемлекеттік грант арқылы жоғары оқу орнына қабылданған. Жалпы алғанда, бұл барлық студенттердің шамамен 35,2%-ын құрайды. Соңғы жылдармен салыстырғанда грант иегерлерінің саны 60%-дан астам артқанымен, олардың үлесі айтарлықтай өзгермеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 10 Мамыр, 2026
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Бүгін, 10 мамырда Қазақстанда негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Биылғы сынақ 10 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Сәуір, 2026
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Мамыр айынан бастап Қазақстанда бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді. Жаңашылдықтар салық, білім беру, көлік, цифрлық активтер және басқа да салаларды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Сәуір, 2026
Өтініш қабылдау аяқталды: Негізгі ҰБТ мамыр айында басталады
2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау науқаны мәресіне жетті. Тестілеу 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады, ал талапкерлерге оны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі берілген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Сәуір, 2026
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз болады. Енді абитуриенттер университет деңгейінде ішкі іріктеуден өтуге міндеттеледі. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Сәуір, 2026
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсуге арналған сынақ тесттері 2027 жылы да сақталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Сәуір, 2026
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Ақорда кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі тест жүйесіне енгізілетін айтулы жаңалықпен бөлісті. 2027 жылдан бастап Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге балама ретінде жаңа AIT (Admission Insight Test) емтиханы пилоттық режимде іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Сәуір, 2026
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына бірқатар өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Сәуір, 2026
Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады
Биылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға 179 мыңға жуық адам қатысып, олардың 70%-ы шекті балл жинады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 17 Наурыз, 2026
Наурыздағы ҰБТ: 117 талапкердің нәтижесі жойылды
Биылғы 2 наурызда басталған ҰБТ-ның алғашқы екі аптасында 67 мыңнан астам талапкер тестілеуден өтті. Бұл кезеңде білім алушылардың 66,99%-ы – қазақ тілінде, 32,88% – орыс тілінде, ал 85-і – ағылшын тілінде тест тапсырған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Наурыз, 2026
Елімізде наурыз айындағы ҰБТ басталды
Бүгін наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 6 сәуірге дейін жалғасады. Биыл ҰБТ-ға қатысуға шамамен 184 мың талапкер өтініш берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Өтініш білдіргендердің 74,4%-ы тестті қазақ тілінде, 25,5%-ы орыс тілінде, ал 216 адам ағылшын тілінде тапсыруды таңдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Ақпан, 2026
ҰБТ: Қостанай облысында талапкерлердің 74%-ы шекті балл жинады
Қостанайда 2026 жылдың алғашқы ҰБТ-сы аяқталды. Ұлттық тестілеу орталығының Қостанай қаласындағы филиалының басшысы Нұргелді Хасеновтың айтуынша, талапкерлердің 39%-ы қазақ тілінде, 61%-ы орыс тілінде және 1 адам ағылшын тілінде тест тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Ақпан, 2026
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
2026 жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау 15 ақпанда басталып, 25 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
Қаңтардағы ҰБТ: 244 адам тестілеуден босатылды
2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сы басталғаннан бері 139 мыңға жуық адам тестілеуден өтті. Талапкерлердің 76%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 24%-ы орыс тілінде және 86 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Қаңтар, 2026
Қаңтардағы ҰБТ: 65 талапкердің нәтижесі жойылды
Қаңтар айындағы ҰБТ басталғалы бері 90 мыңға жуық түлек тест тапсырды. Екі аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65%-ы шекті балды жинаған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Ақтөбелік оқушы ҰБТ-дан 138 ұпай жинады
Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектептің 11-сынып оқушысы Айсәуле Жұмабай қаңтар айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің сынақ кезеңінде 138 ұпай жинап, ең үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Қаңтар, 2026
Қаңтар айындағы ҰБТ-дан қанша талапкер шеттетілді?
10 қаңтарында басталған ҰБТ-ға бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам түлек қатысты. Талапкерлердің – 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 36%-ы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 10 Қаңтар, 2026
Елімізде қаңтардағы ҰБТ басталды
Бүгін қаңтар айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Ол 10 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Білім • 31 Желтоқсан, 2025
Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды
2026 жылғы қаңтар айында өтетін тестілеуге 187 мыңға жуық адам ниет білдірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. ҰБТ 10 қаңтар − 10 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады?
Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 22 желтоқсан басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 17 Желтоқсан, 2025
Министрлік: ҰБТ трансформациясы 2027 жылы басталады
Бүгін Мәжіліс кулуарында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ел оқушылары қай уақыттан бастап ҰБТ-ны жаңа форматта тапсыра бастайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Жақында әлеуметтік желілердегі пабликтерде «ҰБТ енді болмайды» деген ақпарат тарады. Біз мұның анық-қанығын білу үшін жауапты ұйымға, министрдің өзіне хабарластық. Ғылым және жоғары білім министрлігі бізге берген жауабында бұл тестілеудің отандық университеттерге түсу, грант конкурсына қатысу функциясын атқара беретінін хабарлады.
Білім • 11 Қараша, 2025
Алдағы 3 жылда ҰБТ тапсырмалары халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы 5-8 қараша аралығында Нидерланд Корольдігінің Гаага қаласында өткен білім берудегі бағалаудың Еуропалық қауымдастығының (AEA-Europe) 26-шы жыл сайынғы конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Тамыз, 2025
Елімізде тамыздағы ҰБТ басталды
10 тамызда елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталып, 14 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Шілде, 2025
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады
25 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталып, 5 тамызға дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.