Әуе қатынасы
Туризм • 23 Маусым, 2023
Қазақстан мен Әзербайжан арасында әуе рейстер саны артты
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Әзербайжан Республикасына ресми сапары шеңберінде 2023 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрлігі арасында әуе қатынасы туралы хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Маусым, 2023
Әуе қатынасында халықаралық талаптарға сай мамандар жеткіліксіз
Уақыт өткен сайын еліміздің ішкі әуе қатынасында жаңа бағыттар ашылып, халықаралық рейстер де көбейіп келеді. Елдің авиация саласы ИКАО-ның талабына сай 82% жұмыс істеп отыр деген мәлімет бар. Аталған халықаралық ұйым әуе компанияларын, ұшқыштарды, аэронавигацияны, аэропорттарды бәрін бөлек қадағалайды.
Саясат • 03 Мамыр, 2023
Астана мен Душанбе арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады
Астана мен Душанбе арасындағы әуе қатынасы қайта жандануы мүмкін. Бұндай мәліметті Қазақстан-Тәжікстан бизнес форумында Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиезода айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Маусым, 2022
Қазақстан-Қытай арасындағы әуе қатынасы қалыпқа келді
Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қытайлық әріптесі Ван Имен кездесуден кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2022
Қазақстан-Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есе артады
13 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есеге артады, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2022
Қазақстан-Әзербайжан әуе рейстері қайта жанданады
18 ақпаннан бастап Ақтау мен Баку қалалары арасындағы тұрақты рейстердің орындалуы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022
Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қараша, 2021
Қазақстанда 23 бағыттағы авиарейстер субсидияланады
Қазақстанда ішкі бағытта орындалатын 23 әуе рейсі субсидияланады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Қазан, 2021
Әзербайжан мен Армения арасы жақсара бастады
Әзербайжандық авиакомпаниялар Арменияның әуе кеңістігін Бакуден Нахичеванға жолаушылар рейстерін жүзеге асыру үшін қолдана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2021
Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасында әуе рейсі қатынайды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім еткендей, Қазақстан мен Венгрия арасында тұрақты әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 23 Маусым, 2021
Мәжіліс Қазақстан мен АҚШ арасындағы әуе қатынасы жөніндегі құжатты қарайды
Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайтын болады. Бұл туралы палатаның жалпы отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2020
Қазақстан мен Ресей 21 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қалпына келтіреді
Екі мемлекеттің уәкілетті құрылымдарының шешіміне сәйкес 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 08 Тамыз, 2020
Қазақстан мен Түркия әуе қатынасты қалпына келтіру мәселесін талқылады
Кеше Анкара қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған ҚР делегациясы Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожамен кездесу өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылды
21 шілдеден бастап Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылды. Бұл туралы Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 12 Маусым, 2020
20 маусымнан бастап халықаралық рейстер ашылады
Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Маусым, 2020
Қазақстаннан Түркияға рейс қашан ашылады?
Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz