PÁ
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Оралдық оқушылар Қытайға барады
2025 жылғы 12-14 қазанда Алматы қаласында өткен «Aspan Fest – 2025» халықаралық дрондар жарысында оралдық жас техниктер керемет нәтижеге қол жеткізді. Батыс Қазақстан облысы атынан қатысқан облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының оқушылары жоғары жүлдеге ие болып, Қытайда өтетін әлемдік додаға жолдама ұтып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қазан, 2025
Президент e-Parlament құралын қолдану мүмкіндіктері туралы пікір білдірді
Бүгін Президент Қ.Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қазан, 2025
Ғарышқа турист ретінде ұшқан Данна Қарағұсова алған әсерін бөлісті
Кешелі бері әлемнің назары қазақтың нәзік қана қара қызы Данна Қарағұсоваға ауып тұр. Біздің Даннамыз 8 қазан күні Origin экипажының құрамында суборбиталық ұшуға қатысып, Жер атмосферасынан тыс кеңістікке көтерілген алғашқы қазақстандық әйел атанды, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 19 Қыркүйек, 2025
Ғалымдар «Superpave» технологиясы бойынша алғашқы жол телімдерін төседі
Елімізде халықаралық «Superpave» (Superior Performing Asphalt Pavement) технологиясы бойынша алғашқы жол телімдері салынды. Асфальтбетон қоспаларын жобалаудың бұл жүйесі қатты аяз бен аптап ыстықты, сондай-ақ көлік қозғалысының жоғары қарқындылығын ескере отырып жасалынады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 23 Мамыр, 2025
Марсқа қоныстану ақиқатқа айнала ма
Адамзаттың Марсқа қоныстану арманы ғылыми фантастикадан шынайы мақсатқа айналып келеді. NASA, ESA және SpaceX сияқты компаниялар бұл бағытта нақты қадамдар жасап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 23 Мамыр, 2025
Ұлттық парктің жері мемлекет меншігінде сақталады
Қазақстан туризмге стратегиялық валюта көзі ретінде қаржы құйып жатыр. Тау шаңғысына туристер жағажайға қарағанда 7 есе көп қаржы жұмсайтыны анықталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2025
Дәстүрге айналған «Gender party» қалай пайда болған
Бүгінде әлеуметтік желілерде құрсақтағы баланың жынысын анықтау бақытымен бөлісудің ерекше түрі «Gender party» миллиондаған қаралым мен мыңдаған пікір жинап, заманауи дәстүрге айналып үлгерді. Алайда оның қалай және қашан пайда болғанын бірі білсе, енді бірі білмейді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан технология паркінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 15 Сәуір, 2025
Қазақ-қырғыз БАҚ жүйесі меморандумға қол қойды
Алматыда «Alatau-Aqparat» медиахолдингі мен Қырғыз ұлттық «Кабар» ақпараттық агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2025
Дархан Жазықбай Вашингтонда өткен конференцияға қатысты
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Вашингтонда өткен Американдық мемлекеттік басқару қауымдастығының (ASPA) мемлекеттік қызметшілерді тұрақтандыру және жасанды интеллект дәуірінде адами капиталды дамыту тақырыбындағы конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қаңтар, 2025
Президент Masdar және ADNOC компаниясының басшыларын қабылдады
Мемлекет басшысы Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи мен ADNOC компаниясының қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салминді қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024
Жол құрылысындағы соңғы серпіліс
Еліміз «Superpave» (superior performing Asphalt Pavements) инновациялық технологиясын енгізумен болашаққа сенімді қадам жасап отыр. Асфальт бетон жабындарын жобалаудың бұл заманауи тәсілі жолдардың беріктігі мен сенімділігін қамтамасыз ете отырып, елдің климаттық жағдайлары және көлік жүктемелерінің қарқынын ескеруге мүмкіндік береді.
Мәдениет • 09 Желтоқсан, 2024
Елордада «Astana Piano Passion» жас пианистер байқауы басталды
Астанада 2024 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырған «Astana Piano Passion» II Республикалық жас пианистер байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 03 Желтоқсан, 2024
Өнеркәсіп саласы еңсесін тіктегелі «Қазақстанда жасалған» деген тіркес жауһарымызға айналды. Нарықтық экономиканың елеулі элементі өндіріс екенін ұққалы, сапалы зауыттар салуға ден қойдық. Десе де жол ортадан тоқырауға ұшырағандар көп болды. Тек сапаны серік еткендер ғана біршама белесті бағындыра алды. Соның бірі – 10 жылдан бері тасы өрге домалаған «Talas Investment Company». Зауыт жылына 15 мың тонна натрий цианидін және 5 мың тонна аммоний сульфатын өндіреді. Алыс-жақын алтын өндіруші компанияларға натрий цианидінің дайын өнімін жөнелтеді. Жамбыл облысының Талас ауданында орналасқан өнеркәсіп кешенін өз көзімізбен көріп қайттық.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
Олжас Бектенов Аркадий Добкинмен IT саласының дамуын талқылады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов америкалық ірі технологиялық компаниялардың бірі EPAM Systems директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры әрі президенті Аркадий Добкинмен цифрландыру, IT-білім беру және Қазақстанның технологиялық экожүйесін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Университет • 01 Қараша, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім беру мәселелеріне арналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті өтті. Халықаралық шара QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Мәдениет • 21 Тамыз, 2024
Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды
Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 орындаушылық өнерден әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2024
Kaspi.kz Alipay+ серіктестікте бүкіл Қытай аумағында QR код арқылы төлеу қызметін іске қосты
Қытайға барған қазақстандықтарға енді қолма-қол ақша немесе картаны алып жүрудің қажеті жоқ. Қытай аумағындағы дүкендер, кафелер, такси және басқа да 80 миллионнан астам сауда, қызмет көрсету нүктелерде Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы QR кодпен төлеуге болады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 19 Қаңтар, 2024
ЕҰУ және италиялық компания отынның жаңа түрін өндіру технологиясын әзірлейді
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары аясында Еуразия ұлттық университеті, «GREEN SPARK ITALY SRL» италиялық компаниясы және «Қазақстанның жасыл сутегі одағы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту үшін отынның жаңа түрін өндіру технологиясын әзірлеуге ниетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2023
Шала туған сәбилерге 650 мыңнан аса арнайы жөргек тегін таратылды
Қазақстанда жыл сайын 22 мыңнан аса сәби мерзімінен ерте туылатынын ескерсек, шала туған шараналардың дүниеге келуі, адам қатарына қосылуы дәрігерлердің араласуынсыз мүмкін емес, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Қазан, 2023
Мемлекеттік басқару академиясы халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының төрт магистрлік білім беру бағдарламасы EAPAA-ның халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті. Бұл туралы академияың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы SpaceX корпорациясының өкілімен кездесті
Мемлекет басшысы SpaceX компаниясының Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейермен кездесуде SpaceX ғарыш телекоммуникациясы саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 04 Қазан, 2023
Президент Kazakhstan Paramount Engineering зауытын аралады
Президент елорданың индустриалды нысандарын аралау барысында бронды дөңгелекті техника өндіруге және жаңғыртуға маманданған Kazakhstan Paramount Engineering зауытына да барды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Инновация • 05 Маусым, 2023
Paragraphica: Фотосурет саласындағы инновация
Фотография әлемінде керемет инновациялар болып жатыр. Жыл сайын біз фотосурет сапасын, түсіру жылдамдығын және басқа да техникалық сипаттамаларды жақсартатын жаңа камераларды көреміз. Бірақ егер камера нақты фотосуреттер түсірмесе, оның орнына жасанды интеллект алгоритмдері арқылы егжей-тегжейлі кескіндер жасаса ше? Дәл осындай камераны инженер Бьорн Карман Paragraphica атты камераны ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Мамыр, 2023
Астанада «Самға, Balapan!» жүлдесін табыстау салтанаты өтті
Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Самға, Balapan!» балалар фестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Сәуір, 2023
Алтай Көлгінов Астанадағы тұрғын үйлерді бұзу шешіміне қатысты пікір білдірді
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов GPark құрылыс компаниясына тиесілі «Дублин» және «Вашингтон» тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 20 Сәуір, 2023
Техаста Starship ғарыш кемесі ұшырылды
Техас штатында орналасқан ұшыру алаңынан Starship ғарыш кемесі ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Сәуір, 2023
«БерӘлі Маңғыстау Company» жұмыскерлері ұсынысты қабылдамай отыр
ҚР Энергетика министрлігі «БерӘлі Маңғыстау Company» бұрынғы жұмыскерлерінің талаптарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2023
Елімізде жүргізушілерге арналған мобильді қосымша әзірленді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews сайтына сілтеме жасап.