Редакция таңдауы
Алдағы үш күнде аяз күшейе түседі
Қазгидрометтің мәлімдеуінше, арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температураның одан әрі төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Қаңтар, 2025
«КАSЕ мен AIX біріге ме?» деген былтырдан бері жалғасып келе жатқан сауалдың жауабы белгілі болды. Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасы Алина Алдамбергеннің айтуынша, қос биржаның әлеуетін біріктіру мүмкіндігі туралы келіссөздер басталған жоқ.
23 Қаңтар, 2025
Публицистика ма, әлде... Негізі, «фольклор бұрын туған ба, әлде ақпарат арқылы қоғамдық санаға қозғау салу өнері алғаш пайда болған ба?» деген сұрақ төңірегінде ойланған артық емес. Фольклор әу баста ауызша туып, ауызша тарап, сана мен сезім сүзгісінен өтеді. Уақыт жаңғырса да, халық өмірімен тығыз байланыста өмір сүре беретінін фольклорист ғалымдар анықтаған. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттар да алуан пішінде, түрлі жанрда ұсынылып, әлеумет санасына қозғау салады.
23 Қаңтар, 2025
Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыздығына байланысты 500-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2025
Ұлттық қордан қаржы алу заңмен шектелуі мүмкін
Ұлттық банктің «Қазақстан сыртқы секторының тұрақтылығын бағалау тәсілдері» зерттеуінің авторлары Қазақстанның халықаралық резевтерінің жеткілікті шегі 2020 жылдан бері төмендеп келе жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2025
Өзбекстан ғарышқа спутник ұшырмақ
2026 жылы Өзбекстан Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдермен бірлесіп, ғарышқа жер серігін ұшырмақ. Бұл туралы «Өзбекғарыштың» аэроғарыштық қызмет және ғарыш мониторингі жүйелерін дамыту бөлімінің бастығы Мухиддин Ибрагимов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2025
«Алтын ғасыр» қандай жаңалықтармен басталды?
Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті болып таққа қайта отырды. Ұлықтау рәсімінде сөз алған Трамп бірден іске кірісетінін және Американың «алтын ғасыры» басталғанын мәлімдеді. Ең бастысы, ол өзін бітімгер ретінде көретінін айтып, әлемдегі қақтығыстарды тоқтатуға ықпал ететініне сенімді. Уәде еткендей, ұлықтаудан кейін ол бірқатар жарлыққа қол қойды.
22 Қаңтар, 2025
Әкімдіктер 40 млрд теңгені игермеген
Әкімдіктер 40 млрд теңгеге жуық мақсатты трансферттерді игере алмады. Оның 93 пайыздан астамы даму бағдарламаларына берілген.
22 Қаңтар, 2025
Балабақшаға ваучер беру басталды
Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыруды енгізу үдерісі жаңа өңірлерді қамти отырып және мектеп жасына дейінгі балалар үшін қызметтердің қолжетімділігін жақсарту арқылы қарқын алып келеді. Жүйе Тараз, Шымкент, Түркістан, Астана және Орал қалаларында сәтті жүзеге асырылып жатыр.
22 Қаңтар, 2025
Жылу желілерін сапаландыру қажет
Еліміздің жылыту жүйесінде тәуекел көп. Сондықтан қашан қар еріп, көктем лебі сезілгенше алаң көңіл басылмайды. Осы орайда энергетик, «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Жақып Хайрушевпен сұхбат құрған едік. Маманның айтуынша, қазір өңірлердегі электр стансаларындағы жөндеу кестесіне сәйкес 9 энергоблокте, 53 қазандықта, 40 турбинада жөндеу жұмысы аяқталды. Соңғы уақытта 1 энергоблок, 2 қазандық пен 5 турбинада жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
22 Қаңтар, 2025
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 121 жобаға 2,26 млрд еуро қаржы құйып, Орталық Азияда жаңа операциялық рекорд орнатты. Бұл ретте аталған банктен басты қаржы алушылар Өзбекстан мен Қазақстан екенін де айта кету керек. Көршіміз 938 млн еуро қаржы алса, елімізге 913 млн еуро инвестиция салынған.
22 Қаңтар, 2025
Мұқтаж жандарды сарсаңға салмасақ...
Елімізде кейінгі жылдары тұрғынжай құрылысы қарқын алса да, халқымыздың саны жылдан-жылға едәуір өсіп отырғандықтан, пәтер кезегінде тұрған мұқтаж азаматтар азаяр емес. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауында тұрғынжай кезегінде тұрған, өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында олар жалдайтын пәтерлердің ақысын субсидиялау бастамасын көтерген еді.
22 Қаңтар, 2025
Жол саласын дамытудағы жаңа платформа
Мемлекет басшысы Жолдауда жол саласы мәселелеріне тоқталып, бұл бағытта инновациялық тәсілдерді енгізудің маңызды екенін атап өтті. Жақында Көлік министрлігі Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасының қанатқақты нұсқасын іске қосты. Платформа жолдарды жобалау мен салу тәсілдерін жаңғыртуға бағытталған.
21 Қаңтар, 2025
Тарихи тұлғалар қорымы қамқорлыққа зәру
Тарихи тұлғаның зиратының өзі елге қорған болатынын қазаққа түсіндірудің қажеті жоқ. Бірақ тарихи тұлғаларымыздың зираттарын сақтай алмадық. Сүйектері әр елде қалды. Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің сүйегі Алматы іргесіндегі Жаңалық ауылындағы құпия қорымда жатса, Тұрар, Сұлтанбек, Нәзірдің сүйегі Мәскеудегі НКВД-ның арнайы нысаны саналған «Коммунаркада» жасырын жерленгені мәлім.
21 Қаңтар, 2025
Ертіс-Баян халқының 1,8 пайызы қатерлі ісік бойынша диспансерлік есепте тұр. Өңірде онкологиялық ауруларға 13 778 адам шалдыққан. Ал қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім рейтингінде еліміздің аймақтары арасында үшінші орынға шыққан.
21 Қаңтар, 2025
PhD: диссертациялар неге дер кезінде қорғалмай жатыр?
Еліміз 2011 жылдан бері түрлі саладан философия докторларын (PhD) даярлауды бастап, дәстүрлі ғылым кандидаты, ғылым докторы деген ғылыми дәрежелер беру тоқтатылды. Содан бері үкіметтен қомақты қаржы бөлініп, PhD дәрежесін алуға грант көптеп бөліне бастады. Бұл жастарды ғылыммен айналысуға ынталандырумен қатар, елдің ғылыми әлеуетін көтеретіні сөзсіз. Алайда қазір оқуын тәмамдаған докторанттардың көпшілігі уақытында қорғай алмай жүргені үлкен мәселе болып тұр. Оның басты себебі – ғылыми мақалаларының болмауы.
21 Қаңтар, 2025
Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы қалай берілді
Рейхстагқа ту тігіп, соғыстың соңғы нүктесін қойған ұлтымыздың ұлық батыры Рақымжан Қошқарбаевтың ерен еңбегін елге танытқан журналистердің бірі – Жанболат Аупбаев, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2025
Жасөспірім семсершілер әлем чемпионы атанды
Бахрейннің Манама қаласында шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2025
Маймыл шешегі Әзербайжанға жетті
Бұл вирус жақында шетелден оралған 22 жастағы ел тұрғынынан анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2025
Қазірде еліміздің қалаларындағы коммуналдық қызмет көрсететін көптеген кәсіпорын түрлі әрекет ойлап тауып, қызмет бағасын қалайда арттыруды көздейтіні жасырын емес. Петропавл қаласы тұрғындарына ауызсу жеткізуші «Қызылжар су» кәсіпорыны да осы үрдістен қалмауға тырысқан сыңайлы.
18 Қаңтар, 2025