Редакция таңдауы
Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Ұлттық гидрогеология қызметі құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2024
Абайтанудағы зерттейтін тақырып жеткілікті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Абай орталықтары және абайтанудың қазіргі өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиында әр қалада орналасқан Абай орталықтары атқарып жатқан жұмыстарына есеп беріліп, хакім мұрасын зерттеп-зерделеудегі түйткілді түйіндер талқыланды. Іс-шара «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының ыждағатымен ұйымдастырылды.
29 Тамыз, 2024
Инвестиция бөлінісіне жаңаша саясат қажет
2023 жылдың қорытындысы бойынша инвестицияның жалпы көлемі жылдық мәнде 11,2 пайызға артқан. Бірақ ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) инвестиция үлесі 15 пайыз ғана болыпты. Бұл Үкімет таргеттеген 21 пайыздық мақсаттан қалыс қалып тұрғанымызды білдіреді. Кейінгі он жылда осы 15 пайыз деңгейінен аса алмай тұрмыз. Мамандардың айтуынша, инвестиция бөлінісінің теңсіздігі осы қиындыққа алып келді. Капиталдың басым бөлігі тау-кен секторына құйылады. Ең аз үлесті өңдеуші өнеркәсіп алады. Жалпы алғанда, инвестиция шикізаттық және сауда-саттық емес салаға бағытталады. Шикізаттық емес өнімдер бүкіл көлемнің (инвестиция) 2 пайызын әрең еншілеп отыр.
29 Тамыз, 2024
АЭС: Кәсіби көзқарас пен білікті маманға зәрулік
Қазақ жеріндегі тұңғыш АЭС-ті салуға ынталы әлеуетті компаниялар Астанада өз жобаларын таныстырып жатыр. «KazAtomExpo» көрмесінде айтулы мамандармен тілдесудің орайы келді. Көкейде сауал көп. Бірақ жауап жалғыз – АЭС бізге қажет. Бірақ осы жалқы жауаптың өзі тағы бірнеше сұрақ туындатады. Референдум оң нәтиже бере қалған күнде реакторларды кім салады? Қалай салады? Қай жерге салады? Қауіпсіздігіне кепілдікті кім береді?
29 Тамыз, 2024
Ауылда өстік, әке тәрбиесі мен өсиетінен туған жер мен бабалар өнегесін бойымызға сіңірдік. Ауылда үлкеннің орны ерекше еді. Ол – көпті көрген, өмірлік тәжірибесі мол, ойлы, орны ерек кісі. Сөзі мәнді, өмір бұлтарыстарында орынды бағыт беруші, үлкенге де, кішіге де лайықты жол көрсетуші. Әр отбасында болатын қиындықтар ауыл ақсақалының назарынан тыс қалмайтын. Қажет болса, баршаны сол түйткілдің шешімін табуға ұтымды жұмылдырады. Екеуара болып жататын кейбір ренжісулерді де ауыл ағасы дер кезінде шешіп, тыйып, тоқтатып жатады.
29 Тамыз, 2024
Ақмола облысының Ақмол ауылында орналасқан «Capital projects ltd» ЖШС жылына 20 мың тонна қуаттылықпен тауық етін өндіріп келе жатыр. Кәсіпорынның «Курочка ряба» брендімен шығаратын өнімдері тұтынушылардың ауқымды сұранысына ие. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен жақын арада өндіріс қуатын 30 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.
29 Тамыз, 2024
Экологиялық мәдениетті қалай дамытамыз?
Қазір қоғамда экологиялық мәдениет мәселесі өткір. Әлемдік антирейтингте еліміз, өкінішке қарай, көшбасшы позицияда. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды экологиялық ревизия жүргізу керек екенін мәлімдегені есімізде. Осы орайда Астанада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы жағдай жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
29 Тамыз, 2024
Инклюзивті қоғам құру – әділет қағидаты
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев Парижде жалауы желбіреген XVII Жазғы Паралимпиада ойындары аясындағы іс-шараларға қатысты. Францияға жұмыс сапары барысында Палата спикері ЮНЕСКО-ның Инклюзия жөніндегі конференциясында сөз сөйледі. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азулемен және Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен кездесті.
29 Тамыз, 2024
Биыл бірінші сыныпқа қанша бала барады
2024-2025 жаңа оқу жылында Қазақстанда 351 176 бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2024
Қазақстаннан бензинді көлікпен шығаруға тыйым салынды
Бүгін, 27 тамызда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
28 Тамыз, 2024
Бокстан ұлттық құрама үздік нәтиже көрсете алмады - Ермек Маржықпаев
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Парижде өткен Олимпиаданың қорытындысына арналған алқа отырысын өткізді. Онда ол бокстан ерлер құрамасының жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Тамыз, 2024
Құлсарыдағы жұмыстың қарқыны қандай?
Бірнеше айдан бері Атырау облысындағы Құлсары қаласында су тасқынынан бүлінген нысандар қалпына келтіріліп жатыр. Мұнда Жем өзенінің арнасынан асқан тасқын су салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бүлінгені белгілі.
28 Тамыз, 2024
Ана мен бала саулығы – басты назарда
Жуырда №1 облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келіп, Әріпбаев отбасы қуанышқа бөленген еді. Төлеби ауданы Зағамбар елді мекенінің 27 жастағы тұрғыны Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге екі ұл мен бір қыз әкелді. Бұл – Түркістан облысында жыл басынан бері дүние есігін ашқан жетінші үшем. Ал осы мерзім аралығында 311 егіз өмірге келген.
28 Тамыз, 2024
Сот жүйесін реформалау кімге керек?
Қазақстан Республикасы судьялар қауымдастығының III съезі өткеннен кейін осы уақытқа дейін жүргізілген сот реформасының жетістігі мен кемшілігін талдап, талқылап «Сот жабық корпорация емес» деген тақырыпта республикалық баспасөз бетінде («Ana tili» №44 (1564) 29 қазан–4 қараша, 2020 жыл) сыни мақала жарияланған болатын. Мақала Президент назарына ілігіп, сол кездегі Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа бірқатар тапсырма берген еді. Нәтижесінде, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізіліп, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ететін жаңа толықтырулар енгізуге ұсыныстар да жасалды.
28 Тамыз, 2024
Әділет төрелігінің сапасы арта түспек
Дәл қазір елімізде кассациялық соттардың моделін жетілдіріп, жалпы сот төрелігінің сапасын арттыру мәселесі өзектілігін жоймай тұр. 2016 жылы сот жүйесіне жасалған реформа бүгінде өміршеңдігін жоғалтып алды. Яғни сот ісін жүргізу мәселесінде арыз-шағым мен наразылықтар артып, қарама-қайшы тұстар қордалана бастады. Мұндай жағдай саладағы заңнаманы қайта қарап, кассациялық сот моделін мейлінше жетілдіруге мәжбүрлеп отыр.
28 Тамыз, 2024
Білім саласына берері көп жоба
Түркістан облысында биыл бірінші сыныпқа 52 593 бала қабылданады, жалпы өңірдегі мектептерде 530 мың оқушы білім алады. Еліміз бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан аймақта жаңа оқу жылында мектеп саны 1052-ге жеткен. Жекеменшік 143 мектепте 35 мың оқушы оқиды. Дегенмен демографиялық өсімі жоғары облыста мектеп тапшылығы мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып келеді, шешімін күткен мәселелер де баршылық.
28 Тамыз, 2024
Биыл жаз бойы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі «LabNetWork» зертхана кешенінің қызметкерлері «Apache 3» атты гидрографиялық дронды белсенді пайдаланды. Бұл аппарат Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Солтүстік Қазақстанның су ресурстарына жедел мониторинг жүргізу және гидротехникалық инженерлік құрылымдардың экологиялық бақылауы жүйесін құру» жобасы аясында алынған.
28 Тамыз, 2024
Әр ауыл ғана емес, әр аула өз иесіне табыс әкелуге тиіс
«Ауылда адам бар болса – ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса – елі ала болмайды». Бұқар жырау бабамыздың осы қанатты сөзі «Ауыл аманаты» сынды бағдарламаның қазіргі кезеңде ерекше маңызды екенін аңғартып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай қолға алынған осынау ауқымды жоба ауылдарымыздың ахуалын жан-жақты жақсартуға бағытталған. Президент ауылдағы ағайынның өмір сүру сапасын арттыруға, инфрақұрылымын көркейтіп, білім беру тетіктерін дамытуға байланысты қолдауды бір сәтке де назардан тыс қалдырған емес. Үкімет те осы жобаның жүйелі жүзеге асуын қадағалап отыр. Бұл демеуді елді мекен тұрғындары да анық сезініп, өсірген төлінің, еккен өнімінің нақты жемісін көре бастағаны да көңілге үлкен медеу.
28 Тамыз, 2024
Бірінші қыркүйекте Ақтөбе облысының 433 мектебінде қоңырау сыңғыры естіліп, 180 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастайды. Ал 1-сыныпқа 18 мыңнан астам балдырған қабылданды. Тамызда «Мектепке жол» акциясы аясында жергілікті бюджеттен әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларына оқу құралдары мен киім-кешек сатып алуға жергілікті бюджеттен 761 млн 445 мың теңге бөлініп, ата-аналарының есепшотына аударылды. Жазғы демалыс күндерінде өңірдегі 48 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, 41 мектепте жаңа пәндік кабинеттер жасақталды.
28 Тамыз, 2024
Жаңа Салық кодексі: Үкімет пен Парламенттің сыналар сәті
Жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеушілерге қатысты айтылар пікір де, сын да баршылық. Қоғамдық пікір салықтың бюджетке емес, нарыққа, сол арқылы бизнеске дем бергенін құптап тұр. Апта басында Құрылысшылар одағы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында сарапшылар, бизнес-қоғамдастық өкілдері және мүдделі мемлекеттік органдар салық пен нарық арасындағы түйткілді мәселелерді талқылады.
28 Тамыз, 2024