Редакция таңдауы
«Өткен тірлік – әрі шындық, әрі аңыз»
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденов – қазақ поэзиясында өзіндік өрнегін қалыптастырған ақын. Оның «Өмір» деген өлеңі бар. «Өмір, өмір, өмір деген – бір ғажайып бәйтерек, Бәйтерекке түн де керек, күн де керек, ай керек. Сол теректі паналаған балапансың сары ауыз, Сол теректе өткен тірлік – әрі шындық, әрі аңыз» деп басталатын бұл өлеңді 1961 жылы жазыпты.
18 Қазан, 2025
Сырым Бисенбайұлы: Еңбек жолымдағы ең мерейлі марапатым
19 қазанда Азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Ерлік пен ержүректіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген осы маман иелері бүгін ерекше құрметке ие болды. Қаһарман құтқарушылар Мемлекет басшысының қолынан Мемлекеттік марапат алды. Солардың бірі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Жаймағамбетов Сырым Бисенбайұлы.
17 Қазан, 2025
Астанада Орталық Азияның әлемдегі қазіргі рөлі талқыланды
Елордада «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру» тақырыбында Astana Think Tank Forum 2025 форумы өтті. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Астана халықаралық форумы (AIF) аясында ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
17 Қазан, 2025
Президент бір топ құтқарушыны мемлекеттік наградалармен марапаттады
Президент қызметтік борышын атқару барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
17 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы: Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет азаматтық қорғау саласын күшейте түсуге баса мән беретінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
17 Қазан, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
18-19 қазан күндері «Қазанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы тасжолы, 1) Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
17 Қазан, 2025
Елімізде коммуналдық тарифтер бағасы алдағы 5 айда өспейді
16 қазан Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырған болатын, деп жазады Egemen.kz.
17 Қазан, 2025
Қаламгер Мұрат Тастағанов өмірден озды
Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ журналистикасы мен поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі Мұрат Мырқанұлы Тастағановтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
17 Қазан, 2025
Цифрландыру көші-қонды оңтайландыра түседі
Көші-қон саясатын оңтайлы жүргізу бүгінгідей жұмыс күші тапшы өңірлер үшін аса маңызды. Сыртқы һәм ішкі көштің түйткілді түйіні тарқатылып, өзекті мәселелер шешіліп келеді. Ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшін нығайту мақсатымен еңбеккерлері тапшы өңірлерге көштің басын бұру да жолға қойылды.
17 Қазан, 2025
Серікбай ОНБАЕВ: Патриоттық тәрбие талбесіктен басталады
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев жасы жетпістен асса да, қоғамдық жұмыс арқылы елге қызмет етіп жүр. Ардагердің бастамасымен мектеп оқушылары, колледж бен университет студенттері арасында ұлттық, патриоттық тәрбиені насихаттау бағытында тындырымды тірлік атқарылып жатыр. Ендеше, патриоттық тәлім-тәрбиенің көрінісі қандай болу керек деген сауал төңірегінде қоғам қайраткерімен сұхбаттасқан едік.
17 Қазан, 2025
Ұлытау өңіріндегі оң өзгерістер
Ұлытау облысының жаңадан ашылғанына үш жыл болғанына қарамастан, өңірді дамыту, түрлі жобаларды іске асыру, тұрғындарды үймен қамтамасыз етуде алға ілгерілеушілік байқалады. Инфрақұрылымды жаңғырту облыстағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық ахуалына оң әсерін тигізіп отыр.
17 Қазан, 2025
Орал – Бейжің: 14 іргелі жоба жүзеге асады
Батыс Қазақстан облысы (БҚО) мен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) арасында іскерлік байланыстың жаңа парағы ашылды. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев бастаған делегация Қытайда болған үш күн ішінде жалпы құны 134 миллиард теңге болатын 14 ірі инвестициялық жоба жөніндегі меморандумға қол қойды.
17 Қазан, 2025
«Қалбатау – Майқапшағай» автожолы ашылды
«Қалбатау – Майқапшағай» (906-1321 шақырым) автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, ұзындығы 415 шақырымды құрайтын учаске толық ашылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
16 Қазан, 2025
Президент: «Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді»
Республика күні қарсаңында Астанада «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі» ұранымен өткен Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында пленарлық отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Қазан, 2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтіледі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар күн тәртібіндегі 10-нан аса мәселені қарады.
16 Қазан, 2025
Есірткіге қарсы күрес жүйеленеді
Премьер-министр Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді.
16 Қазан, 2025
Азаматтық қоғамның мүмкіндігі зор
Елордада «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекет ынтымақтастығы» атты Азаматтық форум өтіп жатыр. Жетінші мәрте ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға Үкімет, азаматтық қоғам, бизнес, халықаралық ұйымдар және БАҚ өкілдері атсалысты.
16 Қазан, 2025
Кеше Астанада екінші Astana Think Tank Forum 2025 өз жұмысын бастады. Әлемнің 20-дан аса елінен 40-қа жуық халықаралық және академиялық сарапшы, жетекші «ақыл-ой орталықтарының» басшылары мен зерттеушілердің басын қосқан биылғы форумның тақырыбы – «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру».
16 Қазан, 2025
Қоршаған орта мен жұртшылық мәдениетінің үйлесімі
«Таза Қазақстан» – жалпыхалықтық жоба. Былтырдан бері жүзеге асырылып келе жатқан экологиялық іс-шара аясында айналамызды абаттандырып, қоршаған ортаны қадірлеудің өзіндік үлгісі қалыптасты. Табиғатқа құрметпен қарау – әр адамның ішкі мәдениетінің көрінісі. «Бір тал кессең, он тал ек» деген бабалар аманаты обал мен сауапқа үндейтіні аян.
16 Қазан, 2025
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс орталығының әкімі сайланды. 12 қазанда семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасады.
16 Қазан, 2025