Редакция таңдауы
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпия ойындарында еліміздің әнұраны шырқалып, көк туымыз желбіреді. Михаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы! Біз бұл тарихи сәтті табаны күректей 32 жыл күттік.
17 Ақпан, 2026
Қазақстанда бірыңғай медиа-платформа құрылады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов бір топ Сенат депутатының өңірлік деңгейде баспасөз архивтерін құру мәселесіне қатысты жолдаған сауалына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
Биыл тозығы жеткен 17 мың км электр желісі жаңартылады
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов елдегі энергетика инфрақұрылымын жаңғырту және жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Астана қаласына барып, ЖЭО-3 нысанын аралады. Сапар барысында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеген жаңа қуат көздерін жаңғырту және іске қосу жөніндегі тапсырмалары аясында елорданың энергетикалық инфрақұрылымының жай-күйі тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 16 ақпан сағат 12:20-да ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Алғашқы баспасөз конференциясында АҚШ елшісі Джули М. Стаффт оптимистік көзқарас білдіріп, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастарды тарихтағы ең жоғары деңгейге жеткен серіктестік деп бағалады. Ол технология, энергетика және дипломатия салаларындағы жаңа ынтымақтастық бағыттары екіжақты қатынастарды тереңдете түсетінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионын жеңді
Шахматшы Бибісара Асаубаева фристайл-шахматтан өткен көрнекі ойында классикалық шахматтың әлем чемпионы Александра Костенюкті ұтты. Төрт партиядан тұрған кездесу Бибісараның пайдасына 2,5:1,5 есебімен аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
15 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров: Олимпиададағы жеңісіме Денис Теннің ықпалы зор
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, ел тарихында осы спорт түрінен тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz
15 Ақпан, 2026
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Димаш Құдайберген ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Миланда өткен Қысқы Олимпиададағы жеңісімен құттықтап, спортшыға автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2026
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
2026 жылы Италияның Милан қаласында өткен Ақ Олимпиадада Қазақстан спорты жаңа белеске көтерілді. Ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алған Михаил Шайдоров ел тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы атанды. Бұл жеңіс – бір спортшының ғана емес, тұтас елдің үміті мен еңбегінің жемісі.
14 Ақпан, 2026
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Кез келген Конституция мәтіні баптар мен тармақтардан ғана тұрмайды. Оның ең алғашқы, бірақ көбіне маңыз беріле қоймайтын бөлімі бар. Ол - преамбула. Қазашалап айтсақ – кіріспе. Заңдық тұрғыдан міндетті норма болмағанымен, преамбула мемлекеттің өзін қалай таныстыратынын, қоғамға қандай құндылықтарды ұсынатынын, тарихқа қандай жауапкершілікпен қарайтынын аңғартады.
14 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Алматы қаласында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелері бірқатар кездесу өткізді.
14 Ақпан, 2026
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Бүгінде әлем елдері өздерінің транзиттік әлеуетін күшейтуге басымдық беріп отыр. Соның нәтижесінде халықаралық бәсекелестік бәсі де жоғары. Еліміз де аймақтағы ең ірі он авиациялық жүк орталығының біріне айналуды мақсат етті. Қазір еліміздің аумағы арқылы өтетін негізгі жүк көлемі автомобиль мен теміржол тасымалына тиесілі. Жақын келешекте әуе арқылы жеткізілетін жүктердің үлесі де арта түспек.
14 Ақпан, 2026
Хантәңірінің Мұзбалағы атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Түркістанда, сондай-ақ Шымкентте әсерлі әдеби-сазды кештер өтті.
14 Ақпан, 2026
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарымен, жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен және белсенді жастармен кездесті. Іс-шаралар барысында жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен алдағы республикалық референдум аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды.
14 Ақпан, 2026
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалары, оның ішінде білім саласындағы бюджетті үнемдеу мақсатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлік білім басқармалары мен аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен онлайн кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
13 Ақпан, 2026
Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жылдың 15 наурызында өтетін жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумды қолдайтындарын білдірді. Сондай-ақ отырыста күн тәртібіне шығарылған халықаралық келісімдер қаралып, мақұлданды.
13 Ақпан, 2026
Референдум өткізу жоспары бекітілді
15 наурызда ел азаматтары жаңа Конституция жобасына дауыс береді. Осыған байланысты Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті. Оған сәйкес, кешеден бастап 14 наурыз сағат 00.00-ге дейін үгіт жүргізуге рұқсат етілді.
13 Ақпан, 2026
Цифрлық емхананың онлайн кеңесі
«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы үздік бастамаларды таныстырып келеді. Солардың ішінде Нұрәли Исмағұлов негізін қалаған «Metaclinic.kz» жүйесі айрықша көзге түсті. Бұл цифрлық емхана арқылы дәрігерден онлайн кеңес алуға болады. Пайдаланушы сайтқа кіріп, мазалаған мәселесіне қарай дәрігерді таңдайды. Содан соң уақытын белгілеп, төлем жасайды. Кейін мамандар қоңырау шалып, кеңес береді. Бұл жай ғана «чаттағы кеңес» емес, заңды әрі жүйелі медициналық қызмет ретінде ұсынылады. Айтпақшы, қызмет бағасы – бар болғаны мың теңге. Сапалы әрі қолжетімді жоба қазірдің өзінде көпшілік көңілінен шығып отыр.
13 Ақпан, 2026