Редакция таңдауы
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Димаш Құдайберген ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Миланда өткен Қысқы Олимпиададағы жеңісімен құттықтап, спортшыға автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2026
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
2026 жылы Италияның Милан қаласында өткен Ақ Олимпиадада Қазақстан спорты жаңа белеске көтерілді. Ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алған Михаил Шайдоров ел тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы атанды. Бұл жеңіс – бір спортшының ғана емес, тұтас елдің үміті мен еңбегінің жемісі.
14 Ақпан, 2026
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Кез келген Конституция мәтіні баптар мен тармақтардан ғана тұрмайды. Оның ең алғашқы, бірақ көбіне маңыз беріле қоймайтын бөлімі бар. Ол - преамбула. Қазашалап айтсақ – кіріспе. Заңдық тұрғыдан міндетті норма болмағанымен, преамбула мемлекеттің өзін қалай таныстыратынын, қоғамға қандай құндылықтарды ұсынатынын, тарихқа қандай жауапкершілікпен қарайтынын аңғартады.
14 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Алматы қаласында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелері бірқатар кездесу өткізді.
14 Ақпан, 2026
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Бүгінде әлем елдері өздерінің транзиттік әлеуетін күшейтуге басымдық беріп отыр. Соның нәтижесінде халықаралық бәсекелестік бәсі де жоғары. Еліміз де аймақтағы ең ірі он авиациялық жүк орталығының біріне айналуды мақсат етті. Қазір еліміздің аумағы арқылы өтетін негізгі жүк көлемі автомобиль мен теміржол тасымалына тиесілі. Жақын келешекте әуе арқылы жеткізілетін жүктердің үлесі де арта түспек.
14 Ақпан, 2026
Хантәңірінің Мұзбалағы атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Түркістанда, сондай-ақ Шымкентте әсерлі әдеби-сазды кештер өтті.
14 Ақпан, 2026
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарымен, жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен және белсенді жастармен кездесті. Іс-шаралар барысында жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен алдағы республикалық референдум аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды.
14 Ақпан, 2026
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалары, оның ішінде білім саласындағы бюджетті үнемдеу мақсатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлік білім басқармалары мен аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен онлайн кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
13 Ақпан, 2026
Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жылдың 15 наурызында өтетін жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумды қолдайтындарын білдірді. Сондай-ақ отырыста күн тәртібіне шығарылған халықаралық келісімдер қаралып, мақұлданды.
13 Ақпан, 2026
Референдум өткізу жоспары бекітілді
15 наурызда ел азаматтары жаңа Конституция жобасына дауыс береді. Осыған байланысты Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті. Оған сәйкес, кешеден бастап 14 наурыз сағат 00.00-ге дейін үгіт жүргізуге рұқсат етілді.
13 Ақпан, 2026
Цифрлық емхананың онлайн кеңесі
«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы үздік бастамаларды таныстырып келеді. Солардың ішінде Нұрәли Исмағұлов негізін қалаған «Metaclinic.kz» жүйесі айрықша көзге түсті. Бұл цифрлық емхана арқылы дәрігерден онлайн кеңес алуға болады. Пайдаланушы сайтқа кіріп, мазалаған мәселесіне қарай дәрігерді таңдайды. Содан соң уақытын белгілеп, төлем жасайды. Кейін мамандар қоңырау шалып, кеңес береді. Бұл жай ғана «чаттағы кеңес» емес, заңды әрі жүйелі медициналық қызмет ретінде ұсынылады. Айтпақшы, қызмет бағасы – бар болғаны мың теңге. Сапалы әрі қолжетімді жоба қазірдің өзінде көпшілік көңілінен шығып отыр.
13 Ақпан, 2026
Конституция – кемел келешек кепілі
«Заман басқа, заң басқа» дейді қазақ. Заман өзгергенде, қоғам өзгергенде, адам өзгергенде заңның өзгеруі – қисынды нәрсе. Бұл жалпы заңнамаға ғана емес, Негізгі заң – Конституцияға да қатысты.
13 Ақпан, 2026
Түркітанудың ізашар жиыны: ғасырдан да ұзақ үн
1926 жылы Баку қаласында өткен тұңғыш Түркологтер съезі – тарихы мен тағдыры ортақ тілдес халықтардың ХХ ғасырдағы ғылыми, мәдени өмірінде айрықша орын алатын уақиға. Биыл осы елеулі ғылыми жиынға бір ғасыр толып отыр. Аталған съездің мән-маңызын талдап-талқылау мақсатында арнайы дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырудың сәті түсті. Іс-шараға Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Насими атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Надир Мамедли, Өзбекстан Республикасы Нәубет құрбандары мемлекеттік мұражайының бас ғылыми қызметкері Бахром Ирзаев, Халықаралық Түркі академиясының сарапшысы, PhD Нурдин Усеев, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ахметтану бөлімінің меңгерушісі, PhD Ермұхамет Маралбек қатысты.
13 Ақпан, 2026
Ерікті жастар елдік бастамаға атсалысты
Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Шым» жобасы іске асырылып, оған қаланың белсенді жастары атсалысып келеді. Жақында жастар Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне барып, аумақты қоқыстан тазалады. Өз кезегінде аудан әкімдігінің мамандары да жастарға қолғабыс көрсетті. Қажетті құрал-сайман, техникамен қамтамасыз етті.
13 Ақпан, 2026
«Бір қолымен бесікті тербеген» дейтін теңеу отбасымен қоса ғылымды игерген әйелдерге дөп келетіндей. Олар – кешегі қазақ қыздарынан шыққан танымал журналист, педагогика ғылымында орны бар тұлға Нәзипа Құлжанова, отандық медицина ғылымының қалыптасуына үлес қосқан алғашқы дәрігерлер Гүлсім Асфендиярова мен Аққағаз Досжанова, кәсіби білім алған музыкатанушы Гүлжауһар Шомбалова, тұңғыш әйел-палентолог Балдырған Қожамқұлова, құқық пен медицина ғылымына үлес қосқан тіс дәрігері Мүбина Ниязова, тұңғыш биолог Нәйлә Базанова. Бүгінде осындай көрнекті ғалымдардың ізін жалғаған зерттеушілер бар. Елімізде ғылыми дәрежеге ие 120 896 маман болса, соның 62 433-і, яғни 51,6 пайызы – әйелдер. Бұл сандар – соның дәлелі. Солардың бір парасын БҰҰ бекіткен, 11 ақпанда аталып өткен Ғылымдағы әйелдер мен қыздар күніне орай ұсынып отырмыз.
13 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған атыс салдарынан жазықсыз адамдардың қаза табуына байланысты Канада Премьер-министрі Марк Карниге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Ақпан, 2026
Референдумның күнтізбелік жоспары бекітілді: Дауыс беру 15 наурызда өтеді
Жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру кестесі бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы референдум нәтижелерін дауыс беруден кейін 7 күннен кешіктірмей жариялауы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Ақпан, 2026
Неліктен жылыту үшін ақы әр айда әртүрлі? «Астана-Теплотранзит» себебін түсіндірді
«Астана-Теплотранзит» АҚ мәліметінше, тұрғындар түбіртегіндегі сомманың көбеюі сыртқы ауаның орташа температурасына тікелей байланысты. Ауа температурасы төмендеген сайын тұрғын үйлерде нормативтік температураны сақтау үшін көбірек жылу энергиясы қажет. Сәйкесінше, төлем мөлшері де көбейеді, деп жазады Egemen.kz.
12 Ақпан, 2026
Қолданыстағы Конституцияның күші қашан жойылады?
Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады. Бұл туралы бүгін жарияланған Конституция жобасының 94-бабында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Ақпан, 2026
Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды
Бүгін жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасында Мемлекет басшысын кезекті сайлау тәртібі мен дауыс беру қорытындысын шығарудың талаптары айқындалды, деп жазады Egemen.kz.
12 Ақпан, 2026