Оқи отырыңыз
Мұғалім мәртебесін қайтару керек деген көптің талабы орындалды – олардың айлығы өсті, бұрынғыдай жиналыстар мен концерттерде шар ұстап, зал толтыру үшін пайдаланылмайтын болды. Мұнайшы жұмысына таласатындар енді мұғалімдікке бәсекелесетін болды. Бірақ мұғалімдер осы сенімді, жасалған оң жағдайды қалай ақтап жүр?
05 Қыркүйек, 2024
Жемазық даярлау ісі кідіріп тұр
Үзілмей тұрған қара жауын диқан қауымының адымын аштырмай қойды. Қазір егістік жері сәл құрғаған шаруашылықтар ораққа бірден кірісу үшін комбайндарын танап түбіне төндіріп қойыпты.
05 Қыркүйек, 2024
Абай облысы аумағында шешімін таппай келе жатқан мәселе жетерлік. Соның бірі – ауыл шаруашылығы саласын өрістететін жайылымдық жерлер жайы. Облыс аумағы 18,5 млн гектарды жерді құрайды. 9,2 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің негізгі алаңын жайылым (7,9 млн гектар), егістік (812,9 мың гектар) және шабындық пен тыңайған жер (334,4 мың гектар) алып жатыр. Бұл аумақта 9,8 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді.
05 Қыркүйек, 2024
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Драгомировка орыс тілінде білім беретін мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.
05 Қыркүйек, 2024
Облыста ауыл шаруашылығы мақсатында алынғанымен, әлі күнге пайдаланылмай жатқан жер телімі аз емес. Жыл басынан бері осындай 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
05 Қыркүйек, 2024
Мансап компасы – мамандық таңдауға көмек
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «Мансап компасы» атты жаңа платформаны іске қосты. Цифрлық шешім пайдаланушыларға еңбек нарығындағы өзекті трендтерді зерделеуге, әртүрлі кәсіптердің сұранысын салыстыруға және оңтайлы білім траекториясын таңдауға бірегей мүмкіндік береді.
05 Қыркүйек, 2024
Мемлекеттік тілді ардақтаған мекеме
Керекуде әр сәрсенбіде қазақтың ұлттық киімдерін жаппай киіп, жұмыс күнін Мемлекеттік әнұранды орындаумен бастайтын жекеменшік ұйым бар. Мұнда мемлекеттік тілге, қазақтың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүріне маңыз беріліп келеді. Ең бастысы, кәсіпорын басшылығы бұл асыл құндылықтарды әр қызметкеріне аса бір тапқырлықпен, ұтымды тәсілдермен жеткізіп отыр.
05 Қыркүйек, 2024
Отбасы күнін атап өтудің жаңа тұжырымдамасы
Орталық коммуникация қызметі алаңында Отбасы күнін атап өтудің жаңа тұжырымдамасын таныстыруға арналған брифинг өтті. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі өкілдері, сондай-ақ отбасылық қарым-қатынас саласындағы сарапшылар қатысты.
05 Қыркүйек, 2024
Заң түзелді, мердігер, сен де түзел!
«Жол саласы білікті маманға зәру болып тұр. Бір инженер 30-ға жуық жобаға қатысқан жерде қандай сапа туралы айта алмақпыз? Жолдардың талапқа сай болуына жалғыз маман емес, басқа да бірнеше фактор әсер етеді. Мәселен, өндіруші зауыттардың шалғайда орналасуы. Сынақ зертханаларының қағаз жүзінде ғана «мінсіз қызмет қылуы». «Egemen Qazaqstan» тілшісі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-ге барып, жолға қатысты сан сауалдың бетін ашып қайтты.
05 Қыркүйек, 2024
Қазақстанда ерекше балаларға арналған арнайы колледж ашылды
Шымкентте ерекше балалар оқитын мектеп-интернат жанынан арнайы колледж ашылды, деп жазады Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2024
Air Astana қызметкері Бибігүл Төлегенованы ұшақ бортына кіргізбей қойған. Министр мәлімдеме жасады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халық әртісі Бибігүл Төлегенова мен ірі Air Astana әуе компаниясының қызметкері арасында болған келеңсіз жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2024
Нөсер жауып, үсік жүреді: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2024
Астанада күрең күз басталды. Қазіргі ауа температурасының орташа көрсеткіші +15°C болса да, нөсер жауын жиі жауып жатыр. Осы орайда тұрғындар көкейінде жылу беру маусымы қашан басталады деген сауал туындағаны анық. Біз бұл сұрақты қала әкімдігінің өкілдеріне қойдық, деп жазады Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2024
Тарихи күн: Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді
Халықаралық кинологиялық федерацияның Бас комитеті қазақ тазысын ресми түрде ит тұқымы деп тану туралы шешім қабылдап, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді. Бұл туралы Президент Іс басқармасынан хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2024
«ҚазАвтоЖолдың» экс-басшысы қаржы жымқырғаны рас па
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның бұрынғы басшысы бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қыркүйек, 2024
Жұмысқа орналасуға көмектесетін жаңа платформа іске қосылды
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «Мансап компасы» атты жаңа платформаны іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қыркүйек, 2024
5 қыркүйек - Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Бейбіт Сарыбайдың «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» қойылымы сахналанады. Режиссері – Ж.Жұманбай.
04 Қыркүйек, 2024
Қазақ ұлтының аса көрнекті тұлғасы, ғасыр саңлағы, ғұлама ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық торқалы тойы Баянауылда сән-салтанатымен өтті. Іс-шарада ғұламаның ұрпақтары, сәтбаевтанушылар музейімізге бас сұғып, жәдігерлерді аманаттады.
04 Қыркүйек, 2024
Теннис: Данияға қарсы ойнайтын құрама жасақталды
Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Қазақстан құрамасы Данияға қарсы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап. Ойын 14-15 қыркүйекте өтеді.
04 Қыркүйек, 2024
Тазалық сақтау – туған елге жанашырлық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауында экологиялық проблемаларға айрықша назар аударды. Ол: «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамымызда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет» деп атап көрсетті.
04 Қыркүйек, 2024