Оқи отырыңыз
Өңделген өнім үлесі артып келеді
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларын дамыту бағытындағы алдын ала нәтижелер қаралды.
14 Наурыз, 2026
Еліміздің өңдеу өнеркәсібінде кейінгі жылдары қарқын ала бастаған саланың бірі – жиһаз өндірісі. Былтырғы қорытынды мұндағы өсімнің кездейсоқ емес екенін көрсетіп отыр. Отандық кәсіпорындар өндіріс көлемін айтарлықтай ұлғайтып, ішкі нарықтағы үлесін де, экспорттау аясын да кеңейтті.
14 Наурыз, 2026
Еуропалық нарыққа бағыт алған кәсіпорын
«Қазақстандық металл құрылымдар зауыты» ЖШС агроөнеркәсіп пен мұнай-газ салаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтар өндіреді. Зауыт – республика көлемінде осы салаға маманданған жетекші кәсіпорын. Әрі өндіріс орны аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын өндіреді. Олардың көмегімен топырақ өңдеп, дақылдар егуге, егістікті күтіп-баптауға болады.
14 Наурыз, 2026
Халқымыздың бағзыдан бүгінге жеткен айрықша мейрамының бірі – Амал мерекесі. Көктемнің сәруар шуағына шомылып, жұртшылықтың ақжарқын көңілімен көмкерілетін Амал күні – ұлыс мейрамының бастауы.
14 Наурыз, 2026
«Mangitas» деректен шашау шығармайды
Жасанды интеллект пен цифрландыру саласын дамытудың негізі – елдің ғылыми әлеуетін арттыру. Бұған дейін бұл бастамалар есептеу қуатының жетіспеушілігіне байланысты кенжелеп келген. Алайда мемлекет осы бағытқа басымдық беріп отырғандықтан, қуатты ЖИ суперкомпьютерлерін іске қосып, мәселені шешті. Күрделі инфрақұрылымды басқаруға қабілетті кадрлық және техникалық база қалыптастырды. Жаңадан жасалған фундаменталды модельдер мен ЖИ дата-орталықтар инфрақұрылымын қолдануға баса назар аударып жатыр. Қазіргі кезде нәтижелі жұмыс істеп жатқан орталықтардың бірі – «Nazarbayev university» жанындағы Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты.
14 Наурыз, 2026
Жасанды интеллектіні меңгеремін десеңіз...
«AI-Sana» бағдарламасының екінші кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеу кезеңі басталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Іріктеуден өткендер «Stanford», «MIT» секілді беделді университеттер, халықаралық бизнес-мектептер атынан қатысатын майталман мамандардың, сақа сарапшыларының дәрісін тыңдайды, бастысы жасанды интеллект базалық меңгеруден технологияларды тәжірибелік қолдануға дейін, жеке жобаларды әзірлеуге өтуді үйренеді.
14 Наурыз, 2026
«Қазгидромет» ескерткендей, Астанада бірнеше күн ауа райы күрт құбылып, екпіні қатты жел жұртты әбден әбігерге салды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардың ішінен қаладағы 9 қабатты тұрғын үйдің сыртқы жабындысы опырылып түскені баршаның назарын аударды. Көңілге демеу болатыны, зардап шеккендер жоқ.
14 Наурыз, 2026
Құсбегілердің қанжығасы майланды
6–8 наурыз аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында құсбегіліктен II әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 10 елінен құсбегілер қатысып, шеберлік сынасты. Қазақстан құрамасы сапында үш құсбегі барды. Солардың қатарында Абай облысы Үржар ауданының тумасы Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
14 Наурыз, 2026
Елімізде 15 градусқа дейін күн жылынады
«Қазгидромет» антициклон әсерінен ел аумағының басым бөлігінде күн райы жылынып, жауын-шашын тоқтайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2026
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады
Наурыз мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша электрпойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздың құрамын ұлғайту арқылы жолаушыларға қосымша 2 177 орын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Наурыз, 2026
Елімізге көшіп келетіндер көбіне қай өңірге қоныстанады?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елімізге тұрақты тұруға 23 761 адам келді, ал кеткендердің саны 7 608 адамды құрады, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2026
Ипотекамен үй алатындар үшін нотариус ақысы 3 есе арзандады
Елімізде ипотека арқылы тұрғын үй сатып алатын азаматтар үшін нотариалдық рәсім құны қайта арзандатылды. Енді ипотекамен үй сатып алу кезінде сатып алу-сату шартының нотариалдық рәсімі 12 емес, 4 АЕК мөлшерінде белгіленді. Тиісті өзгерісті Әділет министрлігі нотариалдық тарифтер туралы бұйрыққа енгізді, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2026
Көкарал бөгеті жаңғыртылады: Солтүстік Аралды сақтаудың жаңа кезеңі басталмақ
Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңін әзірледі. Жоба Көкарал бөгетін реконструкциялауды және Арал-Сырдария бассейніндегі ирригация жүйелерін жаңартуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2026
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға жетеді
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі артып келеді. Үкіметтің мәліметінше, қолға алынған жаңа жобалар мен өндірістік қуаттарды ұлғайту есебінен жыл соңына қарай өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Наурыз, 2026
Тарихқа бай Тараңғұл мен Жамансу
2019 жылы Қарғалы ауданының Қосестек ауылына жақын жердегі Тараңғұл өзенінің сол жақ жағалауынан табылған ежелгі адамдар қонысы зерттеушілердің ерекше қызығушылығын туғызды. Кейінгі қола дәуіріне жататын Тараңғұл тұрағынан шыққан бай олжаларды Ә.Марғұлан атындағы Археология институты ерте темір дәуірі бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Дархан Байтілеу мен Жанаргүл Қалиева зерттеуге кірісті.
13 Наурыз, 2026
Кейде өнерді түсіндірудің қажеті болмайды. Ол төл ағысымен жүріп, өз иіріміне тартып әкетеді. Би де сондай – сөзсіз сөйлейтін, үнсіз толғандыратын, жүректің терең қатпарларына жететін тылсым тіл. Жақында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» сахнасында қазақ хореографиясының талантты өкілі, «Gulder» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың ширек ғасырлық белесін айшықтаған «Flow/Ағын» атты шығармашылық кеші өтті.
13 Наурыз, 2026
Павлодар облысында 45 ауыл ойпаң жерде орналасқан. Биыл ылғалдың нормадан көп түскенін, топырақтың тоңдануы артқанын ескерсек, бұл елді мекендер қауіп көзінде қалуы әбден мүмкін.
13 Наурыз, 2026
Баспана – қоғам тұрақтылығының кепілі. Абай облысында тұрғындарды үймен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс өз жемісін беріп, Семей қаласында әлеуметтік осал топтағы 50 отбасына жаңа пәтер кілті табысталды.
13 Наурыз, 2026
Таиланд астанасы — Бангкокте бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан «Futures Cup» халықаралық турнирінде 50 кг салмақта сынға түскен Арман Мырсәбит түрікменстандық Абдрахим Овузгулиевті 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
13 Наурыз, 2026
«Ерекше» – қайсарлық хақындағы туынды
Кеше елордадағы «Kinopark» кинотеатрында «Ерекше» көркем фильмінің премьерасы өтті. Бұл картинада мұқалмас жігер мен шексіз мейірім туралы тағылымды оқиға баяндалады.
13 Наурыз, 2026