Пікірлер .
Маңғыстау облысында 18 жастағы бозбала TikTok түсіремін деп суға батып кетті. Қайғылы оқиға Ақтау қаласындағы Самал-2 шағын ауданына қарама-қарсы жағалаулардың бірінде болған. Үш дос видео түсірмек болып, теңізге секірген. Екеуі жағаға шыққанымен, үшіншісі сол күйі суға кетеді. Құтқарушылар 2004 жылы туған Бейнеу тумасының мәйітін бір күн өткеннен кейін әрең тапқан.
08 Маусым, 2022
Тұтас бір халыққа қоқан-лоқы көрсетіп, тас лақтыра салған ресейлік журналист Тигран Кеосаянның кесірлігі талай азаматтың ашуына тигені анық. Оның «Өтірік ойнап болған шығарсыңдар» деген ащы мысқылы қоғамда қызу талқыға түсті. Әрине, мұндай кезде эмоцияға беріліп, ақымақтыққа ашумен жауап беруге болмайды.
29 Сәуір, 2022
Елдің кадры мен тілдің тағдыры
Президенттік жастар кадрлық резерві – жастарға мүмкіндік беретін тамаша жоба. Оған еш таласымыз жоқ. Алайда жақында осы резервте тұрған жастармен тілдескеннен кейін бұл жобаның тиімділігіне күдікпен қарайтындай күй кешкеніміз рас.
26 Сәуір, 2022
Ауызекі тілде сөйлегенде қысқарған сөздердің орыс тіліндегі нұсқасына көбірек жүгінетініміз баршаға мәлім. Әсіресе түрлі күрделі атауларды, министрліктер мен мемлекеттік, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың қысқартылған атауларын айтқанда атымызға қамшы салдырмаймыз. Тіпті қазақ тілінің сойылын соғып жүрген журналистердің өзі осыған келгенде «айтуға жеңіл», «үйренген ауыз» дегенді желеу етіп, жалпақшешейлік танытып жүр.
03 Сәуір, 2022
Күре жол үстінде күн сайын болып жатқан жол-көлік апаттары кім-кімді де болсын ойландырмай қоймайды. Бір ғана деректі келтіре кетейік. Қаңтардың төрт күнінде жол-көлік апатынан 21 адам қаза болған. Төрт өңірде тіркелген қанды оқиғалар бір сәтте бірнеше отбасын жалмап кетті.
29 Наурыз, 2022
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, жасөспірімдер арасындағы суицид саны бойынша Қазақстан әлемде 12-орында тұр. ІІМ-нің мәліметінше, өткен жылы 250-ге жуық жеткіншек өз өзіне қол салмақ болған. 164 баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болса, 84-і қыршыннан қиылған...
28 Ақпан, 2022
Қазіргі таңда Қазақстан бойынша барлығы 7 550 мектеп бар болса, оның 2 075-і аралас мектеп екен. Орыс тілі мен қазақ тілі қатар жүретін мектептерде бүгінде 1 522 520 бала білім алып жатыр. Мәселен, елордада өткен жылы 8 мектеп ашылған. Оның тек екеуі қазақ, ал қалған 6-ауы аралас мектеп. Бұл мектептерге 15 мыңға жуық қазақ баласы барып жүр. Осылайша ел астанасындағы екі тілді білім ошағының саны 50-ден асып кеткен. Ойлантатын сан...
24 Ақпан, 2022
Естеріңізде ме, жаңажылдық «Әзіл әлемінде» шоумен Тұрсынбек Қабатов Канн фестивалінің жеңімпазы Самал Еслямованың қарапайымдылығын қалжыңмен қағытып өтемін деп көптің сынына қалды емес пе? Актрисаның сыртқы түр-келбеті мен киімін «Бауырсақ пісіріп тұрып келе салған сияқтысыз» деген қарадүрсін сөздермен қағытып өткен Қабатовтың қалжыңы көрерменнің көңіліне қаяу түсірген еді.
16 Ақпан, 2022
Келісімшартты соңына дейін оқисыз ба?
Осы сұрақты айналамдағы біраз адамға қойдым. Таңғалдырғаны – көзі ашық, көкірегі ояу, жоғары білімі бар азаматтардың өзі келісімшартқа онда не жазылғанын оқымай-ақ қол қоя беретіндіктерін мойындап отыр. Арасында тіпті осы салғырттықтары үшін сорлап қалғандары да бар. Ал «Неге оқымайсыз?» деген сауалымызға біразы ерінетіндіктерін айтып ақталды. Енді бірі «оқығанмен, бәрібір түсінбейміз» деп жалтарса, үшіншілері «бір көз жүгіртіп, шолып шығамыз» деп, немқұрайдылықтарын жуып-шайғандай жауап берді. Түйгеніміз – адамдар әлі күнге дейін келісімшарттың маңыздылығын түсіне қоймаған.
18 Қараша, 2021
Қоғамда «Жемқорлық неден туындайды?», «Жемқорлар қайдан шығады?» деген сұрақтар жиі талқыланады. Бірі жемқорлықты жоқшылық туындатады десе, енді бірі бұл дертті ынсапсыздықтың асқынған түрі дейді. Түйені түгімен жұтып жатқандардың бәрі аш-жалаңаш жүрмегендері түсінікті жайт. Алайда қолына сәл билік түссе, ебін тауып екі асап қалуды ойлайтындардың әрекетін қалай түсіндіруге болады?
08 Қараша, 2021
«Жеті жарғыны» неге жоқтай береміз?
Халқымыз үшін қадірлі Ұлт, Тіл, Тәуелсіздік дейтін үш қасиетті ұғымның тұғырын бекітіп, тамырын тереңдете түсетін Заң деген түсінік бар. Өйткені заң қай тілде сөйлеп, кімнің жоғын жоқтаса, түбінде сол ұлтқа қызмет етеді. Ал тәуелсіз мемлекетте заңмен бекітілген әрбір норма сол ұлттың кәдесіне жарауы қажет. Бір қарағанда, жалпақ жұртқа түсінікті қарапайым аксиома...
02 Қараша, 2021