Оқи отырыңыз
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған азаматқа сот үкімі шықты
Түркістан облысы Шардара ауданында 70 жастағы денсаулығы нашар әкесін жүйелі түрде ұрып келген Алмас Садақбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды. Сотталушыға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру және азаптау дерегі бойынша айып тағылған, деп жазады Egemen.kz.
16 Қаңтар, 2026
Аяз күшейді: Астанада екінші ауысымның оқушылары да онлайн оқитын болды
Астана қаласында ауа райының нашарлауына байланысты 16 қаңтар күні екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қаңтар, 2026
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникаларының 40%-ы ескірген
Түркістан облысында 28 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар, олардың 40%-ы ескірген. Ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, жаңарту мәселесі өңірде аса маңызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қаңтар, 2026
АҚШ-та күйзелісті үй жағдайында емдеуге арналған алғашқы құрылғы мақұлданды. «Flow Neuroscience» компаниясы жасаған «FL-100» деп аталатын бұл технология 18 жастан асқан, орташа және ауыр деңгейдегі негізгі депрессиялық бұзылысы бар адамдарға арналған.
16 Қаңтар, 2026
АҚШ-тың «Johns Hopkins» университетінің ғалымдары жақында бір қызық нәтижені жариялады. Хирургиялық бейнежазбаларды көріп үйренген робот өт қабын алу операциясының ұзақ кезеңін адам көмегінсіз орындаған.
16 Қаңтар, 2026
Оңтүстік Корея астанасы Сеулде кітап оқығысы келген жандар кітапханаға баруы шарт емес. Өйткені ол жақтағы көшенің өзі – кітапхана.
16 Қаңтар, 2026
Б.Момышұлы 1928 жылдан 1982 жыл аралығында өз басынан өткен әрбір қилы сәтті қағазға түсіріп, қолжазбаларын мұқият сақтаған. Сөйтіп, ол жазғандарын (араб, латын, кирилл әрпіндегі) майданға барған жазушыларға беріп, 1943 жылы елге демалысқа келгенде де шетінен архивке өткізіп отырған. 1961 жылы Мекемтас Мырзахметұлы батырдың 3000-нан аса құжатын жүйелетіп (біраз құжаттарын үй архивінде қалдырып), Алматыдағы Орталық архивке өз қолымен өткізген.
16 Қаңтар, 2026
Қазақстанның қай өңірлерінде оқушылар сабақты қашықтан оқиды?
Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 16 қаңтарда Қостанай облысының бірқатар қалалары мен аудандарында бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қаңтар, 2026
Уфаға барған іссапарымызда татар-башқұрт ауқаттылары арасынан байлығымен аты шыққан Исмайылбек Ахметкерейұлы есімді қазақ меценатының есімін кезіктірдік. Кеңес өкіметі құрылғанға дейін қазақтың небір байлары ғұмыр кешкені белгілі. Олардың бірі мал, енді бірі егін шаруашылығымен айналысты. Сауда-саттықты кәсіп етіп, ірі жер иеленуші ретінде аты шыққандары да кездесті. Сондай ауқатты қазақтың бірі Елабұға уезінің (қазіргі Татарстан) ірі жер иеленушісі Исмайылбек Ахметкерейұлы еді. Ол сауда-саттықпен, жүк тасымалымен де шұғылданды. Исмайылбектің Пермь мен Уфа қалалары аралығында жүк таситын «Дина» деген жеке пароходы да болған екен.
16 Қаңтар, 2026
Мықтылар Мельбурн кортында кездеседі
18 қаңтарда Мельбурнде Аустралияның ашық біріншілігі басталады. «Үлкен дулыға» санатына жататын жарысқа әлемнің ең үздік теннисшілерінің түгелге дерлігі қатысады. Солардың қатарында еліміздің де бірнеше ойыншысы бар.
16 Қаңтар, 2026
Ұлттық болмысты айшықтаған ақын
Ақын Жанат Әскербекқызы есімімен оның өзін көрмей тұрып, марқұм Табылды Досымовтың «Қара гүл» әнін тыңдаған сәттен таныспын.
16 Қаңтар, 2026
«Құс едің ғой, кең далаға бауыр басқан...»
Адам жаны тыныштықтан жай табатыны бар. Төңіректе мүлгіген тыныштық орнағанда кісі санасында сан түрлі ой салтанат құрады. Терең ойдың түбін таба алмай тұңғиыққа батасың. Айналаға көз тастап, әудем жерде қанатын сермеп ұшқан құстарға қарайлайсың. Тіршілік қамытын олар да мойнына іліп алғандай көрінеді. Жанұшыра ұшқан құстардың даусы да, тізбегі де керемет көріністі көз алдыңа әкеледі. Көкжиек төсін шарлай ұшқан олардың әрбір қимылы сан түрлі суретке толы ма деп топшылайсың.
16 Қаңтар, 2026
Шанхайдағы Пушкин ескерткіші: Екі рет қиратылып, қайта тұрғызылған кешен туралы аз-кем әңгіме
Халқымызда «Жүргенге жөргем ілігеді» деген сөз бар. Бұл уақытпен санаспай, жолсапарларға жиі шығатын журналист қауымына қаратып айтылған ұғым секілді болып көрінеді бізге. Иә, расында да, ол солай. Неге десеңіз, жылдың қай мезгілінде де суыт жүрістен танбаған тілші, репортерлердің бармайтын жері, баспайтын тауы жоқ. Сондай кезде әріптестеріміз көптеген жайтты көреді. Неше түрлі нәрселерге кезігіп, қызық оқиғаларға куәгер болады. Бірақ ол тақырыптар сол уақыттағы іссапарлар бойынша редакция талап еткен мақалалардың мақсат-мүддесіне сәйкес келмей, қағаберісте қалып қойғанын да айта кетпеске болмайды. Десек те, кейін әйтеуір бір қажетке жарайды-ау деп ойлағанбыз. Сол интуиция бізді алдамапты. Олай дейтініміз, құрметті оқырман, өздеріңіздің алдарыңыздағы мына шағын штрих, фрагмент, миниатюралардан тұратын жазбаларымыз. Журналистің қойын дәптеріндегі әр жылдарғы дерек-дәйектерден түзіліп алынған бұлар сіздердің талап-талғамдарыңызға сай келіп жатса, бек қуаныштымыз. Сонымен...
16 Қаңтар, 2026
Бәсеке заманда кәсіп меңгергеннің бәсі жоғары
Былтыр «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасында 570 мың азамат, оның ішінде 53,5 мың жұмыссыз онлайн-курстарды сәтті аяқтап, сертификат алған. Бүгінде платформада барлығы 1,5 миллионнан астам пайдаланушы тіркелсе, олардың 925,7 мыңы қатарға былтыр қосылыпты.
16 Қаңтар, 2026
«Жаңбыр төкті» әні қалай туды?
Өнерде шекара жоқ дейміз. Әсіресе ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қазақ пен қырғыз өнерінің кеңістігі тіптен жақын. Көрші ауылда ғажап бір ән туса, дабырасы мен даңғазасы қазақ топырағына жетпей қалмайды. «Жамгыр төктү эч басылбай, Биз келаттык көл-шал болуп. Жол кароого коз ачырбайт, Бет алдыдан шамал согуп». Әуезі аңызға айналған әйгілі «Жаңбыр төкті» де бізге осылай жеткен. Әні бірден елітіп, жазда төккен ақ жауындай жылы әсер етті. Тоңдырған жоқ. Қырғыз асып келген жауынды жыр талай жанды жұбатты. Өз тілімізде шырқалып, өз әніміздей құлаққа сіңді.
16 Қаңтар, 2026
«Еңбек адамы», «жұмысшы маман» дегенде, хакім Абайдың «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол» деген сөзі ойыма оралады.
16 Қаңтар, 2026
«Әдемі» нөмірлерге талас: Ел азаматтары бір аптада 200 мыңнан астам өтінім берді
Жаңа қызмет іске қосылған санаулы күн ішінде eGov жүйесі арқылы 226 мыңнан астам адам өз қалауындағы нөмірге тапсырыс беріп үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2026
Сыртқы істер министрлігі Қара теңізде болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
13 қаңтарда Қара теңіз аумағында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бет алған үш танкерге шабуыл жасалды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі аталған жағдайға қатысты мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2026
«Каспий» мен «Жетісудың» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамс қайтыс болды
Мәскеу түбіндегі Звенигород қаласында кезінде еліміздің бірнеше футбол клубында атой салған ресейлік қорғаушы Лайонел Адамстың мәйіті табылды. Құзырлы органдар қайғылы жағдайдың мән-жайын жіті тексеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2026
Алдағы күндері бірқатар өңірде 40 градусқа дейін аяз болады
Республика бойынша антициклон ықпалына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2026