Оқи отырыңыз
Екі ел университеттері арасындағы әріптестік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлемнің жетекші оқу орындарының филиалын еліміздің іргелі жоғары оқу орындарының жанынан ашу туралы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасынан Түркияның айтулы оқу ордаларының бірі – Гази университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
24 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаңа ауқымды әлеуметтік-экологиялық жоба – «Таза Маңғыстау» тақырыбымен 45 күндік челлендж өтіп жатыр.
24 Қазан, 2025
Семейдегі «Абай-Арена» спорт кешенінде бокстан еліміздің чемпионаты мәресіне жетті. Ерлер мен әйелдер арасында өткен дүбірлі додаға 371 боксшы қатысты. Бұл – егемендік алғалы бергі ең жоғары көрсеткіш. 2024 жылы ерлер – 13, әйелдер 12 салмақ дәрежесінде бақ сынаса, биыл жүлделер World Boxing ұйымы бекіткен 10 салмақта сарапқа салынды.
24 Қазан, 2025
Темірлан Анарбеков үздік қақпашылардың үштігіне енді
Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасында тамаша өнер көрсетіп, Sofascore статистикалық порталының ең жоғары 10 балдық бағасын алған санаулы қақпашылардың бірі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қазан, 2025
Қазақстандағы ең бойшаң сарбаз теңіз жаяу әскерінде қызмет етіп жүр
«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасында Қазақстан Қарулы Күштері тарихындағы ең бойшаң әскери қызметші — қатардағы сарбаз Әлішер Назымбек қызмет атқарып жүр. Оның бойы — 2 метр 9 сантиметр, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қазан, 2025
Мал дәрігеріне де мәртебе керек
Мал дәрігерінің байырғы мәртебесі келмеске кеткендей. Өйткені ветеринар маманның бейнеті қалың, жалақысы мардымсыз. Бұл енді жер-жердегі мәселе. Мәселен, біздің өңірде 100-ге тарта мал дәрігері жетіспейді. Мемлекет басшысы ветеринария саласын реформалау мен цифрландыру қажеттігін Жолдауда қадап айтқан болатын. Алайда аталған саланың айналасындағы шикіліктің көптігінен болар, кадр тапшылығы көп шаруаның шешілуіне кедергі болып отыр.
23 Қазан, 2025
Жасанды интеллект саласында жаһандық бәсеке күшейіп жатқан шақта «OpenAI» технологиялық тәуелсіздігін күшейтуге кірісті. Компания енді өзіне тиесілі арнайы чиптерді шығармақ.
23 Қазан, 2025
Қытай әлемде тұңғыш төрт арналы кванттық бірфотонды детектор жасап шығарды. Аньхой провинциясындағы Кванттық ақпараттық инженерия зерттеу орталығында құрылғыға «Фотон ұстаушы» деген атау берілді.
23 Қазан, 2025
Қазан айының екінші жартысы аспан әлемін тамашалауға ең қолайлы уақыт. Осы кезеңде түнгі аспанда Андромеда галактикасын әлдеқайда анығырақ көруге мүмкіндік бар.
23 Қазан, 2025
Режиссер Әнуар Матжановтың «Жезтырнақ» атты хоррор-комедиясы фестивальдік сапарын табысты жалғастырып келеді. Фильм Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен «Birmingham Horror Film Festival & Convention фестивалінде» «Best Score» (үздік нәтиже) аталымын иеленді.
23 Қазан, 2025
1500-ден астам оқушы «Атамекен» әнін орындады
Астанада ауқымды флешмоб өтті. Республика күніне орай Мемлекеттік рәміздер алаңында 1500-ден астам оқушы «Атамекен» әнін шырқады, деп жазады Egemen.kz.
22 Қазан, 2025
Өз дәуіріндегі әйгілі сыбызғышы, танымал күйшінің бірі – Сармалай. Оның азан шақырып қойған аты – Садық болса да, орыс байының шаруасына жегілгендіктен, жұрт оны Сармалай деп атап кетіпті.
22 Қазан, 2025
«IQAir» швейцариялық компаниясы жыл сайын әлем елдерінің ауа сапасына зерттеу жасап, есебін жариялайды. 2024 жылдың есебіне сәйкес Финляндия – Еуроодақтағы ең таза ел. Оны әлемдік рейтингте тек Исландия ғана басып озды. Олардан бөлек, Эстония, Швеция, Аустралия үздік бестікке енді. Ал Қазақстанда ауа сапасы орташа деп бағаланып, еліміз бұл рейтингте 138 елдің ішінде 71-орында тұр.
22 Қазан, 2025
15–17 жас аралығындағы «Жас фотограф» аталымында италиялық Андрейа Доминици үздік деп танылды. Ол түсірген кадрда ұзынмүйіз қоңыз өз аумағына кірген бөгде нысанды сақтықпен бақылап тұр.
22 Қазан, 2025
«Жылдың үздік тұмса табиғат фотосуретшісі» сайысына қатысушылар саны осы жылы рекордтық көрсеткішке жетті. Нақтырақ айтсақ, байқауға биыл 60 636 жұмыс келіп түскен.
22 Қазан, 2025
Құрлық пен судағы ең үздік фотосуреттерді анықтайтын «Жылдың үздік тұмса табиғат фотосуретшісі» байқауының биылғы жеңімпаздары белгілі болды.
22 Қазан, 2025
Жүз баланың 100 жылдыққа тартуы
Жыл сайын күзде аталып өтетін «Қала күні» мерекесіне биыл ерекше мән берілді. Орталық алаңмен қатар облыс орталығына қарасты ауылдарда да өтіп жатқан мерекелік шаралар Қызылорда қаласының астана атанғанына 100 жыл толуына арналып отыр.
22 Қазан, 2025
Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы пайда болады
Еліміздің қалаларында интернетке жаппай қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық Wi-Fi операторын құру жоспарланып отыр. Жоспарды жүзеге асыру барысы бүгін Үкімет отырысында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
21 Қазан, 2025
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ФИДЕ-нің мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шахматтан екінші олимпиадасының ашылу рәсіміне қатысты.
21 Қазан, 2025
Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 халықаралық турнирінің бас жүлдесін еліміздің бірінші ракеткасы Е.Рыбакина жеңіп алды. Осы толайым табыстың арқасында Елена аптаның басынан ресми түрде әлемнің жетінші ракеткасы болады.
21 Қазан, 2025