Оқи отырыңыз
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бакалавриат деңгейіндегі оқу үдерісіне біршама өзгеріс енгізіп жатыр. 2024-2025 оқу жылынан бастап 1-курс студенттері жасанды интеллект саласын оқып, ғылыми зерттеулер жүргізеді.
07 Ақпан, 2024
Постфольклор, медиалор, әлде желілік фольклор?..
«Фольклор» деген ұғымға бүгінгі көзқарас тұрғысынан да ой жүгіртіп көрсек. Рас, бүгінгі қоғам «фольклор» дегеннің ағылшын тілінен аударғанда «халық даналығы» деген мағына беретінін біледі. Сонымен бірге бүгінгі қоғам халық даналығынан туған соң, оның төл иесі болмайтынын, ауызша жаратылып, ауызша таратылатынын, ұлттың салт-дәстүрімен үйлесімде болатынын, бір өзі бірнеше өнерді тоғыстыратынын, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралатындықтан, бір шығарманың бірнеше нұсқасы кездесетінін, ұрпақ ауысып, таным мен талғам өзгерген сайын уақыт пен қоғамдық сана қажеттілігіне орай үнемі жаңғырып отыратындығын, айтушы мен тыңдаушының өзара тығыз байланысының нәтижесінде өркендейтіндігін біледі.
07 Ақпан, 2024
Аз қабатты құрылысқа қайта оралады
Мегаполистегі соңғы жаңалықтардың бірі – Алматы әкімдігі қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕТЖ) мақұлдады. Бас жоспарда мегаполисті дамытудың моноцентристік моделінен полицентрлікке көшу қағидасы көрсетілген, яғни қала «Шығыс қақпасы», «Тарихи орталық», «Солтүстік», «Оңтүстік-батыс», «Батыс» сынды 5 қоғамдық және іскерлік қызмет орталықтарына бөлінеді.
07 Ақпан, 2024
Болашақта әр ел өзінің тәуелсіз «нейрочиптерін» жасауға күш салуы мүмкін - ІТ маман
Дүниежүзінде нейрочип дәуірі дүркіреп тұр. «Нейрочип» дегенде миллиардер Илон Масктың есімі еске түскенмен, осы «технологиялық төңкеріс» бағытында өзге де жұмыс істеп жатқан компаниялар жетерлік. Мәселен, америкалық Blackrock Neurotech компаниясы 2004 жылы әлемде алғаш рет компьютерді оймен басқаратын құрылғыны миға имплантациялады. Сонымен бірге Neuralink-тің негізін қалаушылардың бірі басқа компания құрып сал ауруына шалдыққан адамдарға арнап Precision Neuroscience имлантын жасады. Масктың басты бәсекелесі Synchron компаниясы Stentrode құрылғысын 2016 жылы нарыққа ұсынып үлгерген. Илон Масктың қарсыластарын қапы қалдырып, ауызға жиі ілігуі «Нейрочип» өндірісіндегі жарнамасының өткірлігімен байланысты.
07 Ақпан, 2024
Құрылыс саласындағы жемқорлықпен жаппай күресу қажет – Президент
Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкімет үйінде өткен кеңейтілген отырыста ел экономикасын дамытудың түйткілі айтылды. Президент Қ.Тоқаев бірнеше бағытта ауқымды реформа қолға алынып, сыбайлас жемқорлықпен жаппай күрес жүзеге асатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Ақпан, 2024
«Жағдай мүшкіл»: Түркістан мен Қызылорда облыстарында құрғақшылық қаупі жоғары
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп кешеніне ауқымды реформа жасап, жаңа технологияларды енгізіп, жерді және басқа ресурстарды ұтымды пайдаланып, жеңілдіктер мен субсидиялардың тиімділігін арттыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Ақпан, 2024
Елімізде жаңа өндіріс орындары ашылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстанның экономикалық өсу межесі туралы айтты. Оған қоса елімізде жаңа өндіріс орындарын ашу мен жұмыс істеп тұрған комбинаттарды түбегейлі жаңғырту бойынша нақты тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.
07 Ақпан, 2024
Үкімет пен әкімдер құзіретін дұрыс қолданбай отыр - Мемлекет басшысы
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр. Жиында Президент экономикалық өсімге қол жеткізу бағытында Үкімет пен әкімдіктер құзіретін орынды қолдана алмай жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
07 Ақпан, 2024
Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет - Президент
Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі жиында Үкіметтің өткен жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, жаңа мақсаттар мен міндеттер айқындалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Ақпан, 2024
Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
07 Ақпан, 2024
Жамбылдың бір суреті Америкадан табылды
АҚШ астанасына оқуға келгелі менің ең көп баратын жерім – қаладағы үлкен кітапханалар. Осы сапарға аттанғандағы мақсатым бойынша кітапханалар мен архивтерден қазақ туралы деректер іздеуден жалықпаймын, нәтижесі де жаман емес. Небәрі үш айда халқымыз туралы деректері бар жиырмадан астам көне кітап пен сурет қоржыныма түсті.
07 Ақпан, 2024
Жыл басында еліміз орташа айлық жалақы бойынша 61-орынға шықты. Numbeo сарапшыларының бағалауынша, қаңтар айында біздің елде салықтан кейінгі «таза» жалақы 585 долларды (260,8 мың теңге) құраған. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы орташа атаулы жалақы (үшінші тоқсанда 350,5 мың теңге) бойынша Ұлттық статистикалық бюроның соңғы деректерінен айтарлықтай ерекшеленеді, бірақ ресми орташа жалақыға (230,9 мың теңге) айтарлықтай жақын. Сондықтан Numbeo деректерін шындыққа жақын деуге болатындай.
07 Ақпан, 2024
Декреттегі ананың жәрдемақысы қанша?
ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстанның демографиялық ахуалы жақсарып келеді. Нәтижесінде, былтыр халқымыздың саны 20 миллионға жетті. Демографияның өсуі аналардың денсаулығы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты. Сондықтан мемлекет бұған ерекше назар аударып, жыл сайын әлеуметтік төлемдердің көлемін арттырып келеді.
07 Ақпан, 2024
Аз сөйлеп, көп іс тындыру керек - Олжас Бектенов
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Ұлттық экономика, Қаржы, Төтенше жағдайлар және Денсаулық сақтау министрліктерінің жаңа басшыларын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Ақпан, 2024
Жаңа Ұлттық экономика министрі кім?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ұлттық экономика министрін тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Ақпан, 2024
Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Ақпан, 2024
Президент жаңа Денсаулық сақтау министрін тағайындады
Бұл қызметке Ақмарал Әлназарова тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Ақпан, 2024
Жаңа Қаржы министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, енді бұл қызметті Мәди Такиев атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Ақпан, 2024
Роман Скляр да өз лауазымында қалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
06 Ақпан, 2024
Жаңа Үкімет: Тамара Дүйсенова қызметін жалғастырады
Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Әлихан Смайылов бастаған Үкіметті отставкаға жіберді. Қазақстан Премьер-министрі қызметін Олжас Бектенов атқаратынын бұған дейін де хабарлаған едік. Ал Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары қызметін әрі қарай жалғастыра береді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
06 Ақпан, 2024