Пікірлер .
Ұлы Дала империясын құдіретпен негіздеген Шыңғыс ханның керемет қабілет-әрекеттермен мұздай қарулануы, өзі тапқан-таныған өнерін, өнегесін, тәжірибесін мемлекет басқару ісінде даналықпен қолдана білуі, 1206 жылы мамыр айында Онон өзенінің бас-тауында Керуен-Сарайда баһадүрлер, көсемдер, ағыл-тегіл шұбырған тайпалар, палуандар, құсбегілер, атбегілер, жыршылар жиналып, Ұлы құрылтай ұйымдастырып, ескі заңдарды іріктеп-сұрыптап, таңдамалыларын біртұтас жүйеге түсіріп, саяси-тарихи, әскери, құқықтық-конституциялық құжат «Ұлы Жасақты» мәлім етуі – міне, заманалық тұлғаның осындай бай, байтақ эпикалық шежіресі түгесілмейді.
27 Шілде, 2017
Ойшыл Шәкәрім: «Айтайын Аттиланың қылған ісін, Сиқыр деп ойлаған жұрт қайрат-күшін... Азияны түгел билеп, Еуропаның көбі ауған, Аттиладан қорыққаны үшін...» дегендейін, Скандинавия халықтарының жырларында, герман эпосында, «Ұлы Эддада» пілге шабатын арыстан іспетті азулы ер, атақты қолбасшы, айтулы дипломат, ерлікті 12 жасында көрсеткен Аттиланың батыр тұлғасы жырланады, оның толқын топтың алдында құрыштан құйылған нақыл сөздерді төгілте толғайтындығы тәптіштеп айтылады.
19 Шілде, 2017
М.Әуезов музей-үйінде Алматы қалалық Қазақ әдебиеті мен өнер университеті ұлт руханиятының жанашыры әрі жаршысы академик Рахманқұл Бердібайдың жетекшілігімен ұзақ жылдар бойы жүйелі қызмет жасағаны баршамызға мәлім. Сол кездерде ұлт мәдениеті мен ғылымының майталмандары Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әлкей Марғұлан, Ақжан Машани, Ісмет Кеңесбаев, Орынбек Жәутіков, Кемел Ақышев мазмұнды лекциялар оқып, тыңдармандардың мейірін қандырып, ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын, көзқарасын, рухани болмысын жетілдірген-ді.
11 Шілде, 2017
Ескісін жамап, ешкісін сауып, қойын құрттап, айранын ұрттап малшылықпен, бақташылықпен, ұсталықпен, саятшылықпен, аңшылықпен шұғылданған қарапайым қазақтың әрбір ауылында алтын балық үйіріндей ақылды, арлы ақсақалдардың «Сүйек сындырма, ата атандырма!» немесе «Жер – Ана, Орман – Ата, Су – Қан», «Ауа – Жан», «Жел – Рух» дейтін асыл ойлары мен әйгілі ізгілікті әрекеттері болатын. Міне, осы жағдай сол бір көбелек қуған, қозы, бұзау баққан, тезек терген, отын-су тасыған ауыл балаларының әдепті дағды-машығын, таным-түсініктерін, көзқарасын, ой-санасын, төзім-рухын, тұрмыс-тіршіліктегі ұстанымын қалыптастырған еді.
30 Маусым, 2017
Қасиетіңе бас идік, Қазақ жері!
Әуелі Құдай барша жақсылықтары мен өлшеусіз игіліктерін жерге жомарттықпен дарытқан. Жердің қырық мың қырлы қасиеті бар.
15 Маусым, 2017
Қазақтың ұлт мектебінің бабасы, білім беру ісінің теңдесі жоқ ұйымдастырушысы, оқытушыларды да, оқушыларды да тұтастай жан-тәнімен, сана-сезімімен білімге, өнерге, дүние тануға құлшындырып-қызықтырып, ойын оятып жігерлендіруші, қоғам алдында, ұстаз мәртебесін асқақ та, абыройлы тұлғаға, ел мұғалімі, ұлт тәрбиешісі, халық қызметкері дәрежесіне биіктетуші, әділдігі, шыншылдығы, білімдарлығы, мейірбандығы, бір-бірімен шебер үйлесім тапқан Ыбырай Алтынсарин екені әмбеге аян.
23 Мамыр, 2017
Тәуелсіздіктің бесігінде тербелген, Мәңгілік Елдің іргетасын қалаған, әлемдік қоғамдастықта өзіндік дауысы бар Қазақстанның үшінші жаңғыруына қадам басқанда стратегиялық дамудың, ізгі мақсаттардың қайнар көздері мен күретамырын нақты, дәл, дөп айқындау, тереңнен тану ең бір абзал, өнегелі іс болса керек-ті. Бұл ретте ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» дейтін кең құлашты мақаласында кесек-кесек парасатты пайымдаулар, түйдек-түйдек көсем пікірлер тайға таңба басқандай келісті таңбаланған. Бұлар – өркендеуіміздің шарайнасы, кемел келешегіміздің құбыланамасы.
20 Сәуір, 2017
Сөз магиясы – қазақ халқының тоқсан тоғыз тарау тұрмыс-тіршілігінде, дүниетанымында, яғни түйсік, қабылдау, елес, қиял, зейін, ойлау, сөйлеу, мақсаткерлік іс-әрекеттерімен, даналық, ізгілік, рухани сұлулық қасиеттерімен тұтастай жарасым тапқан айрықша бір көркем көрінісі.
07 Сәуір, 2017