Спорт • Кеше
Филиппинде волейболдан әйелдер арасында Азияның Ұлттар кубогі аяқталды. Топтық турнирде еліміздің құрамасы Гонконг (3:1), Индонезия (3:0), Иран (3:1), Ливан (3:0), Вьетнамды (3:2) ұтты. Қатарынан бес ойында жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орын иеленген жерлестеріміз жартылай финалға шықты. Бірақ бұл межеде оларды Тайпей тоқтатты – 0:3 (23:25, 16:25, 14:25). Қола медаль үшін сайыста Асқар Шалқыбековтің шәкірттері Вьетнамнан ойсырай ұтылды – 0:3 (17:25, 12:25, 19:25).
Футбол • Кеше
«Неміс машинасын» тоқтату қиын
Демалыс күндері футболдан әлем чемпионатында Канада мен Босния-Герцеговина, АҚШ пен Парагвай, Қатар мен Швейцария, Бразилия мен Марокко, Гаити мен Шотландия, Аустралия мен Түркия, Германия мен Кюрасао күш сынасты. Кеше Нидерланд пен Жапония, Кот-д’Ивуар мен Эквадор, Швеция мен Тунис арасындағы тартысты тамашаладық.
Қоғам • Кеше
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында «Каникулға – кітаппен» атты оқу марафонының салтанатты ашылуы өтті. Жазғы демалыс кезеңінде жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруды мақсат еткен игі бастамаға университеттің білім алушылары мен оқытушы-ғалымдары қатысты.
Шымкент • Кеше
Инфрақұрылымды жаңғыртатын ұлттық жоба
Елімізде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»(ЭКСЖ) ұлттық жобасы өткен жылдан жүзеге асырыла бас-тады. Аталған жоба арқылы республика көлемінде 2029 жылға қарай коммуналдық инфрақұрылым тозуын 40%-ға, апат қаупін 20%-ға азайту көзделген. Бұл бағыттағы жұмыс бүгінде Шымкент қаласында қарқынды түрде іске асып жатыр. Жалпы, ЭКСЖ – коммуналдық қызмет сапасын күшейтуге, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, таза су мен экология-ны жақсартуға арналған ұлттық бастама деуге болады.
Шахмат • Кеше
Әлем үздіктері Ақтөбеде бас қосты
Ақтөбеде халықаралық FIDE төрешісі, әлемдік шахмат қозғалысының көрнекті ұйымдастырушыларының бірі Владимир Дворковичтің құрметіне арналған халықаралық шахмат турнирі өтті. Бір аптаға созылған жарыста әлемнің 21 елінен келген 210 шахматшы Masters және Open санаттарында бақ сынады.