Айбын • 07 Мамыр, 2026
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Елімізде әскери қызметті заман талабына сай жаңғырту бағытында бірқатар бастама қолға алынып жатыр. Соның бірі – Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып отырған «Sarbaz+» жобасы. Бұл бастама сарбаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қызмет барысын ашық әрі тиімді етуге және әскердің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр.
Сұхбат • 07 Мамыр, 2026
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, армияны жаңғырту мен әскери әлеуетті дамыту – мемлекеттік саясаттың өзгермейтін басымдығы. Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында бұл тақырып ерекше қоғамдық мәнге ие болып, әскери дәстүрлердің сабақтастығы мен ел игілігі жолындағы қызметтің маңыздылығын айқындай түседі. Армияның қазіргі жағдайы мен техникалық жарақтандырылуы, қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің дамуы, бітімгерлік қызмет пен цифрландыру мәселелері туралы Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен ҚОСАНОВТАН алған сұхбатымызда кеңірек сөз болды.
Пікір • 07 Мамыр, 2026
Кейінгі жылдары әлемде орнықты қорғаныс, гибрид соғыс, пилотсыз ұшу аппараты (дрон), т.б. жиі айтылып, заманауи қауіпсіздік талданып-таразыланып жатқаны бекер емес. Сондай-ақ «соғыстан қашқандар», «киберқару лаңы», «ғарыш майданы», т.б. үрдіс те бүгіннің ақиқатына айналды. Әлемдік аяда бейбітшілікке кепіл халықаралық институттар, дипломатия тығырыққа тіреліп, бір-біріне қару кезенген, соғыс ашқан мемлекет көбейді. Кезінде дүниені қос лагерьге бөлген саяси қырғиқабақтық енді, көрші өзбек ағайынша сипаттасақ, тура «суық ұрысқа» ұласқандай...
Руханият • 07 Мамыр, 2026
Белгілі қаламгер, қайраткер, академик Дархан Қыдырәлінің шығармалары өзіне тән әсерімен оқырманға кеңінен таныс. Ол біраз жыл республиканың бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің тізгінін ұстап, баспасөздегі руханиятты нығайтуға елеулі үлес қосты. Біз сөз еткелі отырған «Нүкте философиясы» кітабы – соның бір дәлелі.
Егемен Қазақстан • 07 Мамыр, 2026
«Қазақ газеттері» басшылығы Иран елшісімен кездесті
Кеше «Қазақ газеттері» серіктестігіне Иран Ислам Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Әли Әкбар Джоукар бастаған делегация келіп, ұжым басшылығымен кездесті. Басқосу барысында Қазақстан мен Иран арасындағы тату көршілік қарым-қатынас, тарихи-мәдени байланыстарды жандандыру, сондай-ақ ақпараттық әріптестікті нығайту мәселелері әңгіме арқауына айналды.