Айбын • 07 Мамыр, 2026
Елге қорған болар сарбаздарды отан қорғауға баулып жүрген офицердің бірі – капитан Айдар Негаев. Қазір Атыраудағы барлаушылар батальонында рота командирінің орынбасары болып қызмет атқарады.
Айбын • 07 Мамыр, 2026
Қазір әскери дрондар мемлекеттің Қарулы күшінің әлеуетін байқатады. Өзінің бейімделгіштігімен ерекшеленетін ұшқышсыз аппараттар барлау, тікелей шабуылдау, әуе қорғанысын бұзу, тіпті стратегиялық инфрақұрылымды жоюға қауқарлы. Ал осы заманауи технологияны басқаратын кәсіби операторлар елімізде қалай даярланып жатыр?
Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2026
Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденовтің (1925–1974) қайталанбас ерлігі Президент Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағына, оның айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденіне лайықты деп табылып, осы мемлекеттік ең жоғары атақ марқұмның перзенті Махамбет Кенжебайұлына тапсырылды.
Ата заң • 07 Мамыр, 2026
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
15 наурызда бүкіл қазақ қоғамы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еліміздің басты құқықтық іргетасы – жаңа Ата заңды қабылдады. Президент айтқандай, бұл құжатты «Халық Конституциясы» деп атауға толық негіз бар. Негізгі заңның басты құндылықтарының бірі – мемлекетіміздің зайырлылық сипатын бекітуі. Бұл – мемлекет пен дін қатынасының теңгерімді, әділ әрі өркениетті үлгісін айқындайтын басты ұстаным.
Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2026
Қан майданға аттанған ер-азаматтар отқа оранып, оқ бораған ызғарлы өмірді бастан кешті. Солардың санатында Қарағанды облысының Шет ауданына қарайтын Айғыржал дейтін шағын ауылдың тумалары – Омар әулеті де болды. Ел басына күн туғанда Омар ақсақалдың төрт бірдей ұлы – Ысқақ, Жолдас, Серік, Бөде майданға шақырылып, қолдарына қару алды.