Білім • 19 Мамыр, 2026
Қазақстанда биыл ашылатын ЖИ университетіне кімдер түсе алады?
Биыл Астанада Жасанды интеллект университеті ашылады. Жаңа оқу орны Alem.АІ (ЭКСПО) базасында орналасады. Университет 1500 студентке лайықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 18 Мамыр, 2026
«Банктер ипотекалық бағдарламаны қысқартуы мүмкін». Сарапшы тағы қандай тәуекелдерді айтты?
Еліміздің тұрғын үй нарығы тағы бір таразылы кезеңнің табалдырығында тұр. Биылғы 1 шілдеден бастап ипотекалық несиелердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендемек. Әуелде бұл жұрт құлағына жағымды жаңалық болып естілгені рас. «Пайыз кемісе, баспана алу да жеңілдер» деп үміттенгендер аз емес. Алайда нарықтың аңысын аңдап отырған мамандар мәселенің мұнымен бітпейтінін айтады.
Руханият • 16 Мамыр, 2026
Исламофобия: Сынақ һәм аңдысқан ағайын
Кешегі кеңестік кезеңдегі атеизм кеңінен насихатталған, дін атаулыға жасқана қарауға мәжбүр еткен қоғамның өзінде халықтың діни сауаты төмен болғанымен ішкі әлемінде Исламға деген құрмет, ілтипат, сағыныш, оң көзқарас жойылмады. Сондықтан шығар, Құдайға құлшылықтарын жасырын жасаған азаматтар, діни рәсімдерді ашық не бүркемелеп атқарған жамағат аз болған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 15 Мамыр, 2026
Қызылорда облысы Арал ауданындағы Құттықовтар шаңырағында жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жазылған жәдігер сақтаулы. Ол ақын Мұқағали Мақатаевтың досы Мешітбай Құттықовқа жазған хаты еді. Асқақ Алатаудан айдынды Аралға жеткен ыстық сәлемнің ішінде мұзбалақ ақынның сүйініші де, күйініші де көрініп-ақ тұр.
Сұхбат • 15 Мамыр, 2026
Сұлтанәлі Балғабаев, жазушы-драматург: Қандастарға қамқорлық елдік ұстаным бола беретініне сенемін
Танымал жазушы-драматург, «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Шөл», «Дала мен дария» «Қазақтың қызыл кітабы» сынды прозалық туындылардың, «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Ең әдемі келіншек», «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Сағыныш пен Елес», «Өтірік айтпайтын адам» секілді пьесалардың авторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ сексеннің сеңгіріне шықты. Осыған орай қаламгермен сұхбаттасып, мәнді ой-пікірін оқырманға ұсынып отырмыз.