Әдебиет • 17 Сәуір, 2026
Пенде баласы жаралғалы бері қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды аңсап, әділетті қоғам құруды армандап келеді. Содан да болар, әлем әркез еркіндік, теңдік ұғымдарын ұлы идея ретінде алғы сапқа шығарып, бұқара бодандықтың бұғауын бұзу жолындағы жанталасын тоқтатқан емес. Бірақ түрлі халықтың құрбандық беріп көтерген әділет туы көбіне сұм мен қудың қолында кететініне тарих куә.
«Таза Қазақстан» • 17 Сәуір, 2026
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жалпыұлттық сипат алған науқанға барлық сала өкілдері мен қала, аудан, ауыл халқы атсалысып отыр. Облыс орталығы Тараз қаласын абаттандыру да жүйелі іске асып келеді.
Шахмат • 17 Сәуір, 2026
Кипрдің Пафос қаласында «Үміткерлер турнирі» аяқталды. Осындай беделі зор, мәртебесі жоғары жарысқа еліміздің өкілі тұңғыш рет қатысты. Жерорта теңізінің жағалауында 22 жастағы Бибісара Асаубаева табысты өнер көрсетіп, жер-жаһан жанкүйерлерін асқан шеберлігімен тамсандырды.
Өнер • 17 Сәуір, 2026
Қазақ өнерінің көгінде тағы бір жарқын жұлдыз жануға әзір. Дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстырған, рух пен шеберлікті таразыға салған халықаралық вокалдық байқау – Роза Бағланова атындағы өнер додасы биыл да кең тыныспен қанат жайды.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2026
Ертіс бойына сумен бірге ырыздық келеді
Еліміздің шығыс өңірлеріндегі су қоймаларынан Ертіс өзеніне көктемгі су босату басталды. Табиғат қорғау іс-шарасының ұзақтығы бір айға жуық созылып, өзен жайылмаларының 90%-дан астамы суға қанығады деп күтіліп отыр.