Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Сана тазармай, дала тазармайды
Тым науқаншылмыз. Аптасына бір сенбілікке шығып, айналадағы қоқысты тазалағанымызбен, жер әлем жасарып, жайнамайды. Сана тазармай, дала тазармайды. Бұл – өскемендік эко белсенді Ясса Тәңірдің пікірі. Табиғатқа бейжай қарамайтын жас жігіттің ұстанымы нық, бағыты айқын.
Театр • 17 Сәуір, 2026
Ұлттың айбынды тұлғасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына орай Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Қажымұқан» спектаклінің тұсауы кесілді. Айтулы премьера – уақытпен бірге өшпеген ерлік рухының қайта оралуы, ұрпақ жүрегінде жаңғырып, сезім мен рәміздің терең иірімінде тербелген көркем толғаныс.
Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер
Тоқсан жылдан бері орта және кіші буын медицина қызметкерлерін дайындап келе жатқан Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде «Гиппократ», «Добромед», «Мейірім» волонтерлік топтары белсенді жұмыс істейді. Алғашқы екеуі паллиативті көмекке мұқтаж, төсекке таңылған науқастарға күтім жасау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, алғашқы медициналық көмекті үйрету бағытында жұмыс атқарса, соңғысы қайырымдылық шаралар өткізумен айналысады.
Медицина • 17 Сәуір, 2026
Нейрохирургия: бүгіні мен болашағы
Жыл сайын сәуір айында Дүниежүзілік нейрохирургтер күні аталып өтеді. Кәсіби мереке нейрохирургияның негізін қалаушылардың бірі, америкалық ғалым Харви Уильямс Кушингтің құрметіне белгіленген. Ол – мидағы ісіктерді хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін дамытып, нейрохирургияны дербес сала ретінде қалыптастыруға үлес қосқан тұлға. Содан бері ғасырға жуық уақыт өтіп, нейрохирургия дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Аңдатпа • 17 Сәуір, 2026
21 сәуір - «Бес бойдаққа бір той» М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясы қойылады. Режиссері – Әубәкір Рахимов.